Спирттік ашу үдерісінің өнімдері. Ашу деп субстраттың толық тотығуы жүрмейтін жəне АТФ түзілуімен сипатталатын метаболиттік үдеріс айтылады. Көмірсутегі жəне бірқатар басқа да заттардың ашуы кезінде келесідей өнімдер түзілуі мүмкін: этанол, лактат, пропиондар, формиат, каптонант, ацетат, бутанол, 2-3 бутандиол, ацетон, 2- пропанол, көмірқышқыл газы жане молекулалық сутегі.
Түзілген өнімнің түрлеріне байланысты ашу үдерістерінің бірнеше түрін ажыратады:
1. Спиртік ашу үдерісі.
2. Сүт қышқылының ашу үдерісі.
3. Пропион қышқылының ашу үдерісі.
4. Май қышқылының ашу үдерісі.
5. Құмырсқа қышқылының ашу үдерісі.
6. Сірке қышқылының ашу үдерісі.
Ашу үдерісін жүргізетін микроорганизмдердің көбісі облигатты, анаэробты, кейде факультативті анаэробтар болып келеді.
Этанол жəне лимон қышқылдарын алу. Этанолды алу. Қазіргі кездегі тамақ, химия жəне отын өнеркəсіптерінде кең пайдаланатын көне ашу өндірісінің көп таралған өнімі ретінде – этанолды алуды айтуға болады. Спирттік ашу үдерісін əртүрлі микроорганизмдер жүргізеді. Мысалы, көмірсутегінен тұратын шикізаттардан ферменталогиялық жолмен этанолды алу үшін, көбінесе Saccharomyces туысына жататын ашытқылар пайдаланылады. Ал шығыс елдерінде (Жапония) танымал спиртік ішімдігі «саке» дайындау үшін Aspergillus oryzae саңырауқұлақтары пайдаланылады. Мексикада таралған алкогольдік өнім «Пулькені» Zymononas mobilis бактериясы көмегімен дайындайды. Saccharomyces туындысының ашытқының спирттік үдерісінің негізінде, глюкозаның пирожүзім қышқылына ыдырауы жəне келесі сатыларда сол қосылыстардың этанол жəне көмірқышқыл газының түзілуінен қайта тотыға дикарбоксильденуі жатады.
Спирттік өндірістерде қолданылатын ашытқыларды төменгі деңгейдегі ашу үдерісінің рассалары жəне жоғары деңгейдегі рассалары деп екіге бөледі.
Расса деп – экологиялық нəсіл, бір түр ішіндегі экологиялық оқшаулық, кейде айтарлықтай морфологиялық айырмашылығы болмайтын организімдерге қолданылатын таксономикалық атау айтылады.
Рассалар оптималды температуралық қызмет ету режимдеріне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
1. Төменгі деңгейдегі ашу рассалары 6-10 градус жəне оданда төмен температурада қызмет етеді. Бұл үдеріс соңында рассалары ыдыс түбіне шөгіп, қалың тұнба түзеді. Көбінесе оларға шараптық жəне сыра сакрамиттері жатады.
2. Жоғарғы деңгейдегі ашу рассалары 14-25 градус температурада жұмыс жасайды. Ал үдеріс соңында рассалары шараптың бетіне көтеріліп, қалпақ тəрізді қабық түзейді. Бұл қабықтың ашытқы жасушаларының бүршіктерінен кейін көпіршіктерімен жоғары көтеріледі. Жоғарғы деңгейдегі ашу рассаларына спирт, нан, т.б. өндірісінің ашытқылары жатады. Ашу орталығы төмен жəне жоғары деңгейіне қарамастан ашытқының қызметіне байланысты мақта тəрізді, түйіршік тəрізді жəне тұнбаға түсетін немесе беткі қабыққа көтеріліп жүзіп жүретін тозаң тəрізді түрлерге бөлінеді.
Спирттік ашытқыларға төменгідегідей талаптар қойылады: жоғарғы ашу активтілігі, соңғы өнімге, яғни спиртке жəне əртүрлі инфекцияларға төзімділігі 82 ескеріледі. Этанол өндірісінде шикізат ретінде əртүрлі көмірсутегі бар өсімдік тектес материалдар – бидай дəні, жертүйнек (картоп), зақымдалған қант қызылшасы, ағаш ұнтағы, меласса жəне ауылшаруашылық өнімдері қалдықтары пайдаланылады. Спирттік ащытқыларды мерзімді дақылдау кезінде бастапқы концентрациясында 20- 25% қант, 10-13% этанол түзіледі. Ферментация уақыты 48 сағатта өтеді. Бұл əдіс 25,5 кг бидайдан 7-8 литр спирт жəне 7,7 кг құрғақ зат қалдықтарын алуға мүмкіндік береді.