6В05102- «Биотехнология» мамандығы бойынша «Өндірістік биотехнология» пәнінен №12 дәріс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Жаратылыстану факультеті
Биология кафедрасы
Тақырыбы: Культуральды сұйықтықтан биомассаны бөліп алу және концентрлеу сатысы Жоспар
Культуральды сұйықтыққа сипаттама.
Флотирлеу.
Сепарирлеу.
Ыстықпен өңдеу және булау.
Фильтрлеу.
Әдебиеттер тізімі:
Кистаубаева А.С. Өндірістік биотехнология негіздері: оқу құралы. − Алматы, 2014 – 164 бет
А.М. Есимова. Биотехнология өндірісіндегі технологиялық сызба нұсқа. Оқу құралы. Қарағанды, 2020. – 176 бет
Кенжебаева С.С. Биотехнологиядағы қазіргі әдістер: Оқулық/ С.С.Кенжебаева.- Алматы: «Бастау» баспасы, 2013.-200 бет
Огурцов А. Н. Основы генной инженерии и биоинженерии : учеб. пособие : в 2-х ч. – Ч. 1. : Молекулярные основы генных технологий / А. Н. Огурцов, О. Н. Близнюк, Н. Ю. Масалитина. – Харьков : НТУ «ХПИ», 2018. – 288 с. – На рус. яз. ISBN 978-617-7602-27-8
Сыман, К. Ж. Биотехнология нысандары [Текст] : оқу құралы / К. Ж. Сыман. - Алматы : Нұр-Принт, 2016. - 112 бет. - ISBN 978-601-263-213-2
Ферментация процесі аяқталғаннан кейін культуралды сұйықтықтың құрамында микроорганизмдердің тіршілік етуіне қажетті заттар, қоректік ортаның қалдықтары, көбік сөндіргіш, еріген және ерімеген заттар болады. Биосинтез процесінің дайын өнімі болып, культуралды сұйықтықта еріген зат немесе микроорганизм жасушасының ішіндегі микроорганизмнің өзі, әлде оның метаболиттері саналады. Барлық жағдайда дайын өнімді бөліп алу үшін, культуралды сұйықтықтан микроорганизмдер массасының өлшенген фазасын бөліп алу қажет. Культуралды сұйықтықтағы микроорганизмдердің құрамы төмен. 1л культуралды сұйықтықтың құрамында 5-10г ҚБ (құрғақ биомасса) болады. Фазаның мұндай мөлшерін бөліп алуда күрделі технологиялық процесс жүреді, әр түрлі әдістер қолданылады, барлық уақытта биомассаны концентрлеумен шешіледі (флотирлеу, сепарирлеу, буландыру). Өндірістік жағдайда үлкен көлемде қиын фильтрленуші суспензияны өңдеуде мол мөлшерде энергияның жұмсалуына әкеліп соқтырады.