1-ДӘріс модельдеудің негізгі ұғымдары


Білім – адамның миында немесе техникалық тасымалдауыштарда сақталған, жазылған қоршаған ортаның моделі. Модельдеу үрдісі ол



бет2/7
Дата16.10.2023
өлшемі76,25 Kb.
#115903
1   2   3   4   5   6   7
Білім адамның миында немесе техникалық тасымалдауыштарда сақталған, жазылған қоршаған ортаның моделі.
Модельдеу үрдісі ол - нақтылы объектіні (үрдісті, құбылысты) кең мағналы тіл құралдарымен жасалған, оның бейнесімен ауыстыру үрдісі.
Модельдеуде өте әртүрлі, екі елеулі жол бар. Модель, басқа материалдан жасалған, басқа масштабта орындалған, біраз бөлшектерінсіз, бірақ объектіге ұқсас көшірмесі болуы мүмкін.
Мысалы, ойыншық кеме, ұшақ, текшенің көмегімен құрылған үй және басқа өз түріндегі модельдер жиыны.
Бірақ модель, сыртқы дүниенің шындығын еркін формадағы сөздік сипатталуымен, формалданған қандайда бір ережелермен, математикалық қатынастармен т.б. абстрактілі кейіптей алады.

2 Модель және модельдеу түрлері


Адамзаттың қолданбалы іс-әрекеттік аймағында модельдердің келесі абстактілі түрлері қолданылады:

  1. Вербальды (мәтіндік) модельдер – объектілердің немесе қатынастардың шындығын сипаттау үшін, формалданған табиғи тілдердің диалектілерінің сөйлемдерінің тізбегін қолданады. (мұндай модельдер мысалы ретінде жол жүру ережелерін, милиция хаттамысын айтуға болады).

  2. Математикатикалық модельдер – объектінің немесе үрдістің мәнді жақтарын, теңдеулермен немесе математикалық басқа құралдарының тілімен бейнелейтін (қайтаратын) модельдер. Олар теориялық физика, механика, химия, биология және басқалар, сонымен қатар әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар үшін дәстүрлі.

  3. Ақпараттық модельдер – ақпараттық үрдістерді (ақпараттың пайда болуын, жіберуін, түрлендіруін және пайдалануын) табиғаты әртүрлі жүйелерде сипаттайтын, таңбалы модельдер топтары.

Модельдеу түрлері. «Модель» ұғымының көпмәндігіне орай ғылымда және техникада модельдеу түрлерін бірыңғай жіктелуі жоқ. Жіктеуді модельдердің сипатталуы, объектілердің қасиеттік ерекшелері, модельдеуді қолдану аймағы (техникада, физикалық ғылымдарда, кибернетикада, т.с.с.) бойынша жүргізуге болады.
Мысалы, модельдеудің келесі түрлерін ерекшелеуге болады:

  • Ақпараттық модельдеу

  • Компьютерлік модельдеу

  • Математикалық модельдеу

  • Математика-картографиялық модельдеу

  • Молекулярлық модельдеу

  • Цифрлық модельдеу

  • Логикалық модельдеу

  • Педагогикалық модельдеу

  • Психологиялық модельдеу

  • Статистикалық модельдеу

  • Құрылымдық модельдеу

  • Физикалық модельдеу

  • Экономика-математикалық модельдеу

  • Имитациялық модельдеу

  • Эволюциялық модельдеу

  • және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет