1 дәріс. Модельдеудің түсініктемелері. Модельдеу мақсаты



бет11/20
Дата10.01.2023
өлшемі0,51 Mb.
#60898
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
КОМП МОДЕЛЬДЕУ

Сапалық интерпретация.
Сапалық деңгейде интерпретация сапалық параметрлердің болуын және объект-түпнұсқа сипаттамасын көрсетеді.
Сапалық интерпретация кезінде графикалық және сандық көріністер пайдаланылуы мүмкін, олардың көмегімен, мысалы, модельдеу объектісінің функционалдау режимі интерпретацияланады.
Сандық интерпретация.
Сандық интерпретация параметрлер, сипаттамалар, көрсеткіштер мәнін анықтайтын бүтінсандық және рационалды шамаларды қарастыруды қосу есебімен жүзеге асады.
Сандық интерпретация нәтижесінде кластан, топтан немесе аналогтық математикалық объектілер жиынтығынан нақты объект-түп нұсқаның нақты математикалық моделі болып табылатын бір жалғызды ерекшелеп алу мүмкіндігі туады.
Демек, интерпретацияның төрт түрінің нәтижесінде – синтаксистік, семантикалық, сапалық және сандық абстрактілі математикалық модельдің сатылы трансформациясы жүреді.


Дәріс 7.
1. Массалық қызмет көрсету жүйелерін модельдеу
2. Үздіксіз жүйелерді модельдеу әдістері
1. Массалық қызмет көрсету жүйелерін модельдеу
Табиғат, қоғам туралы барлық ғылымдарда модельді құру және пайдалану танымның мықты құралы болып табылады. Нақты объекттер мен процестер жан-жақты және күрделі болғандықтан, оларды меңгерудің ең жақсы тәсілі модель құру болып табылады. Ғылым дамуының көпғасырлы тәжірибесі практикада мұндай тәсілдің жемісті болуын дәлелдеді.
Модельдеуде екі әртүрлі жол бар. Модель басқа материалдан, басқа масштабта орындалған объектінің көшірмесіне ұқсас болуы мүмкін. Мысалы, бұл ойыншық қайық, ұшақ, кубиктерден жасалған үй және басқа көптеген табиғи модельдер. Модель, сонымен қатар, абстрактілі – бос формада сөздік сипаттаумен, қандайда бір ережелермен, математикалық қатынастармен және т.б. құрылған нақтылықты сипаттай алуы мүмкін.
Қолданбалы облыстарда келесі абстрактілі модельдер түрін ерекшелейді:
I) дәстүрлі (ең басты теориялық физика, сонымен қатар механика, химия, биология, басқа ғылымдар үшін) - математикалық модельдеу информатиканың техникалық құралдарына қандайда бір нәрсемен байланыспаушылығы;
II) ақпараттық модельдер және модельдеу, ақпараттық жүйелерде қосымшалары бар;
Ш) вербальды (яғни сөздік, мәтіндік) тілдік модельдер;
IV) ақпараттық (компьютерлік) технологиялар, оларды мыналарға бөлу керек: А) базалық әмбебап программалық құралды инструментальды пайдалануға
(мәтіндік редакторлер, ДББЖ, кестелік процессорлар, телекоммуникациялық пакеттер);
Б) компьютерлік модельдеуге, олар мыналарды көрсетеді: есептеу (имитациялық) модельдеу;
•«құбылыстар мен процестерді визуальдау» (графиктік модельдеу);
•«жоғары» технологиялар, компьютерлерді пайдаланатын арнайы қолданбалы технологиялар ретінде түсіндіріледі
Сонымен, абстрактілі (идельды) модельдің толық классификациясы мынандай. 1. Вербальды (мәтіндік) модельдер. Бұл модельдер ақиқаттылықтың қандайда бір облысын сипаттау үшін нақты тілдің құрылған диалектінде ұсыныстар тізбегін пайдаланады (мұндай модельдің мысалы ретінде милициялық протоколдар, жолда жүру ережесі болып табылады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет