1 дәріс. Модельдеудің түсініктемелері. Модельдеу мақсаты



бет8/20
Дата10.01.2023
өлшемі0,51 Mb.
#60898
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
КОМП МОДЕЛЬДЕУ

Модельдерді келесі параметрлер бойынша сапалық бағалауға болады:

  • Модель мен объектінің ұқсастық алмасу дәрежесі (жоғары, орта, ұқсастықтың төменгі дәрежесі);

  • Модель бойынша объектіні тану дәрежесі (талынды, тануға болады, танылмайды);

  • Модель бойынша объект күйін алдын-ала болжау дәрежесі.



2 - Кездейсоқ заңдылықтарды имитациялау әдістері


Әйгілі итальяндық физик және астроном, нақты жаратылыстану негізін қалаушылардың бірі, Галилео Галилей (1564 – 1642жж.) "Табиғат кітабы математика тілінде жазылған" деп айтқан. Екі жүз жылдан кейін неміс классикалық философиясының бастаушысы Иммануил Кант (1742 – 1804жж.) «Барлық ғылымда математикадағыдай өз сыры бар» деп айтқан. Содан кейін, жүз елу жылдан кейін, осы қазіргі уақытта, неміс математигі және логик Давид Гильберт (1862 –1943жж.) былай деген: «Математика – барлық нақты ғылымдардың негізі».
Білімді математизациялаудың екінші сатысын модельді деп анықтайық. Бұл сатыда кейбір объекттер негізгі, базалық (фундаментальды) ретінде ерекшеленеді (қарастырылады), ал зерттеу объектілерінің құрамы (атрибуттары), сипаттамалары және параметрлері алғашқы объектілермен анықталатын (түпнұсқа деп атайық) мәндерімен түсіндіріледі және шығарылады. Математизациялаудың екінші сатысы ескі теориялық концепциялармен, жаңартулар енгізудің көптеген әрекеттерімен сипатталады.
Үшінші саты – бұл берілген немесе қарастырылып отырған пәндік облыста материяны ұйымдастырудың берілген деңгейінің толық математикалық теория сатысы. Математикалық теория әртүрлі бағыттағы құбылыстар, процестер мен жүйелерді сипаттау үшін қажет, әдістеме мен тілді береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет