2.Үздіксізжүйелердімодельдеуәдістері Адам өз қызметінде модельді жаппай пайдаланады, яғни өзі жұмыс істейтін объекттің түрін, көшірмесін жасайды. Іс-әрекет жоспарын ойластыра, өз ісінің нәтижесін ұсына отырып, адам ой деңгейінде модель құрады.
Модель – бұл нақты объект, процесс немесе құбылыс туралы жеңілдетілген көрініс беретін жасанды құрылған объект. Модельдеу - объект, процесс немесе құбылысты оқу және зерттеуге арналған модельді қөру. Қандайда бір объект үшін жасалған модель түпнұсқа немесе прототип деп аталады. Кез келген модель өзінің түпнұсқасының абсолютті көшірмесі болып табылмайды, ол тек қана оның қасиеті мен құрамын көрсетеді. Модель құру кезінде әрқашан қандайда бір жорамалдар мен гипотезалар қатысады.
Модельдеу – құбылыс, процесс немесе объектілер жүйесін оның моделін құру және меңгеру мақсатында зерттеу – бұл ғылыми танымның негізгі әдісі. Информатикада берілген әдіс есептеу эксперименті деп аталады және ол негізгі үш түсінікке негізделеді: модель – алгоритм – программа.
Модельдеу кезінде компьютерді пайдалану үш бағыт бойынша мүмкін: 1. Есептеу – программа бойынша есептеулер.
2. Инструментальды – білім базасын оны алгоритм және программаға түрлендіру үшін құру.
3. Диалогтік – зерттеуші мен компьютер арасында интерфейсті қолдау.
2. Модельтүрлері. Ақпараттықмодель Модель – анализдің нақты және физикалық объектісін білдіретін жалпы ғылыми түсінік. Нақты модельдердің маңызды класына математикалық модель жатады, мұндағы құбылыс немесе процесс абстрактілі объект түрінде көрсетілген.
Модельдің әр түрлі типтері мен кластары арасындағы шекара, сонымен қатар модельді қандайда бір типке немесе класқа жатқызу көбінесе шартты болып келеді. Модельдің классификациясы бойынша ең көп таралған белгілерін қарастырайық:
Пайдалану мақсаты;
Білім облысы;
Уақыт факторы;
Ұсыну әдісі.
Пайдалану мақсаты бойынша оқу,тәжірибелік,имитациялық,ойын,ғылыми-техникалық модельдерді ерекшелейді. Білім облысы бойынша биологиялық, экономикалық,тарихи,әлеуметтік және т.б. модельдерді ерекшелейді. Уақыт факторы бойынша динамикалық және статикалық модельдерді ерекшелейді. Статикалық модель объектіні құру және параметрін көрсетеді, сондықтан оны құрылымдық деп те атайды. Ол объектіні қандайда бір уақыт моментінде сипаттайды, ол туралы ақпарат береді. Динамикалық модель процестің уақыт аралығында өзгеру және даму немесе объектінің функционалдау процесін көрсетеді. Кез келген модельдің нақты түрі, формасы немесе ұсыну әдісі бар, ол әрқашан бір нәрседен және қалай да болсын жасалған немесе көрсетілген және сипатталған. Бұл класта модельдер заттық және заттық емес болып қарастырылады.