Байланысты: Электротехника және электроника негіздері ЛЕКЦИЯ
Кернеу мен токтың арасындаңы тәуелділік немесе . (1.9)
Сыйымдылық элементіндегі электр өрісінің энергиясы
(1.10)
Резистивті, индуктивті және сыйымдылықты элементтердің шартты белгісі 1.3- суретте көрсетілген
1.3 сурет
Идеалды және реалды энергия көздері.
Идеалды электр қозғаушы күш көзі (ЭҚК) бұл ішкі кедергісі нөлге тең деп алынған ЭҚК көзі. Идеалды ЭҚК көзінен тұратын тізбектердеЭҚК, немесе қоректің қысқыштарының арасындағы кернеу токтың шамасына байланысты емес. ЭҚК көзінде зарядтар бөгде күштер әсерінен потенциалы төмен нүктеден потенциалы жоғары нүктеге тасымалданады деп келісілген. ЭҚК Е әрпіменбелгінеледі.
Идеалды ток көзінің ішкі өткізгіштігі нөлге тең болып, ал тоғы жүктеменің кернеуіне тәуелсіз. Тұрақты ток тізбектерінде ток көзініңтоғы J әрпімен белгілінеді. Қоректердің шартты белгісі 1.4 суретте келтірілген.
1.4 сурет
Реалды ЭҚК көзі ішкі кедергісі және ЭҚК-пен анықталады, реалды ток көзі тоғы және ішкі өткізгіштігімен сипатталанады (1.5-суретті қара).
1.5 сурет
Бұл орынбасарлық сұлбалардан U12 кернеу төмендегі өрнекткерден табылады:
және , (1.11)
мұнда Ri – қоректердің ішкі кедергісі.
Егер болса, 1.5 суреттегі сұлбалар бір –біріне баламалы болып табылады. Реалды қоректердің қысқыштарының арасындағы U12 кернеу жүктеменің тогы мен қоректің ішкі кедергісіне байланысты. Жүктемелі ток көбейсе ішкі кедергідегі кернеу көбейеді, соның нәтижесінде U12кемиді. Егер қоректің ішкі кедергісі тұтынушының кедергісінен аса кем болса, оның қасиеттері идеалды ЭҚК (кернеу) көзіне жақындайды. Ал қоректің ішкі кедергісі тұтынушының кедергісінен аса артық болса, оның қасиеті идеалды ток көзіне жақындайды.
Тізбектің элементтері бір-бірімен әртүрлі сұлба бойынша жалғанады. Бұл сұлбалар тармақталмаған немесе тармақталған болуы мүмкін. Егер тізбек элементтерінен бір ток өтсе (1.6 а-суретті қара), элементтер тізбектей (бірізді) жалғанған деп аталады, ал тізбектің осындай бөлігін тармақ дейміз. Бір- неше тармақтарды түйісетін жері түйін деп аталады. Түйін сұлбада нүктемен белгіленеді. Егер тармактардың бастары бір түйінделіп, ал аяқтары өзара бір түйінделіп жалғанса, жалғану параллель деп аталады. Параллель және бірізді жалғанған бөліктердің жыинтығы тармақталған сұлба болып табылады (1.6 б- суретті қара).
а б
1.6 сурет
Бірнеше тармақтардың тұйықталған бөлігі контур (өнбой) деп аталады.
Тізбектердің жұмысын және қасиеттерін бірнеше режим арқылы зерттеу мүмкін. Егер қабылдағыш жағынан сым үзілген болса, немесе қабылдағыштың кедергісі шексіздікке тең болса режим бос жүріс режим деп аталады, ал қабылдағыштың кедергісі нөлге тең болса, режим қысқа тұйықталған режимге жатады. Қысқа тұйықталу режим авариялық режим болып саналады. Егер қабылдағыштың кедергісі қорек кедергісіне тең болса келісілген режим қарастырылады, бұл режимде тұтынушының қуаты максималды шамасына жетеді. Тізбектің негізгі жұмыс режимі номиналдық режим. Тізбектің жұмысы номинал режиміне сәйкес есептелінеді.