1 дәріс. Негізгі түсініктемелер және анықтамалар. Тізбектердің негізгі заңдары. Электр тізбектерін баламалы түрлендіру


Трансформатордың жүктемелі жұмысы



бет24/34
Дата06.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#79800
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34
Байланысты:
Электротехника және электроника негіздері ЛЕКЦИЯ

11.3 Трансформатордың жүктемелі жұмысы
Егер трансформатордың бірінші ретті орамаларын айнымалы кернеу көзіне жалғап, ал екінші ретті орамаларын тұтынушыға қосса, орамалардан I1 және I2 токтар өтіп Ф1 және Фмагнит ағындарын қоздырады. Бұл ағындар бір-біріне қарама-қарсы бағытталған болады, осы себепті жалпы магнит ағыны кемиді. Жалпы магнит ағыны тудырған E1 және E2 ЭҚК-тердің шамалары да азаяды. Uкернеудің шамасы өзгермейді.  EЭҚК-тің азаю Iтоктың көбеюіне алып келеді,  сонымен бірге Ф2 ағынының әсерін жою үшін Ф1 магнит ағыны асады. Жалпы магнит ағынын шамасын жуықтап қарастырғанда өзгермейтін болады, теңділіктік бұрынғы қалыпына келеді.
Жүктелген трансформаторда, негізгі ағыннан басқа Ф және Ф шашыранды магнит ағындары қоздырылып ауа арқылы шашырап тұйықталады. Шашыранды магнит ағындары рамаларда шашырынды ЭҚК-терді тудырады
, (11.11)
Бұл жерде X – шықпалы ораманың шашырынды индуктивті кедергісі
Кірмелі ораманың күйін сипаттайтын теңдеу.
. (11.12)
Шықпалы ораманың күйін сипаттайтын теңдеу
, (11.13)
R2 – шықпалы ораманың активті кедергісі;
 – жүктеменің толық кешенді кедергісі.
Трансформатордың негізгі магнит ағыны бірінші және екінші ретті орамалардың МҚК –терінің қосындыларының әсері болып табылады
. (11.14)
Eтрансформаторлық ЭҚК негізгі магнит ағынына пропорционал болып, шамалап алғанда Uкернеуге тең болады. Оның әрекеттік мәні қалыптасқан болады, сондықтан трансформатордың негізгі ағыны қабылдағыштың кедергісіне тәуелді емес, ол кедергі нөлден шексіздікке дейін өзгерсе де, негізгі ағын өзгермейді, яғни   болса
. (11.15)
(11.15) өрнегі МҚК-тердің тепе-теңдігі деп аталады. (11.12), (11.12) және (11.15) теңдеулер трансформатордың негізгі теңдеулері болып саналады. Бірінші ретті ораманың тоғы 12.14 теңдіктен анықталады
. (11.16)
Кірмелі ораманың тогы бос жүріс және магниттендіру токтарынан тұратыны соңғы теңдіктен көрініп түр. 11.13 теңдеуді оң және сол жақтарын Kтрансформация коэффициентіне көбейтеміз


(11.17)
Мұнда и  – екінші ретті ораманың келтірілген активті және индуктивті кедергілері;
– қабылдағыштың келтірілген кедергісі;
– қабылдағыштың келтірілген кернеуі.
Магниттендіру токтың шамасы кіші болғандықтан оны қарастырмаса да болады, бұл жағдайда
. (11.18)
(11.18) өрнекті (12.12) салса

(11.19)
мұнда  және  трансформатордың қысқа тұйықталу активті және индуктивті кедергілері
(11.19) өрнекке сәйкес келетін ықшамдалған орын басарлық сұлба 11.6 суретте келтірілген

11.6 сурет 11.7 сурет
Ықшамдалған орынбасарлық сұлбаның параметрлері қысқа тұйықталу тәжірибесінен табылады. Қысқа тұйықталу тәжірибесінде кірмелі ораманың қысқыштарына I = I1ном тең болатын төмендетілген кернеуді беріп отырып және шықпалы ораманың қысқыштарын тұтастырып UIPк шамалар өлшенеді. Қысқа тұйықталу кедергілер былай анықталады
, , (11.19)
zK –толық қысқа тұйықталу кедергісінің модулі.
11.7 суретінде ықшамдалған орынбасарлық схемасына сәйкесті салынған трансформатордың векторлық диаграммасы бейнеленген. Жүктеме ретінде активті кедергісі Rн. резистор алынған,  токтың бағыты нақты сандар өсіне бағыттас болып қарастырылған.  кернеудің бағыты токтың векторына бағыттас.   кернеудің векторы токтың бағытына, ал  кернеудің векторы  тоғына бағыттас, кірмелі  кернеудің үш вектордың қосындысына тең болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет