1 дәріс. Негізгі түсініктемелер және анықтамалар. Тізбектердің негізгі заңдары. Электр тізбектерін баламалы түрлендіру


Үш фазалы синхронды қозғалтқыштар мен генераторлар. Құрылысы, жұмыс парқы және негізгі сипаттамалары



бет29/34
Дата06.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#79800
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
13.2 Үш фазалы синхронды қозғалтқыштар мен генераторлар. Құрылысы, жұмыс парқы және негізгі сипаттамалары
Магнит өрісінің айналу жиілігі мен ротордың айналу жиілігі бірдей машиналар синхронды машиналары деп аталады. Синхронды машиналар генератор, қозғалтқыш және қарымталауыш ретінде жұмыс істеуі мүмкін. Синхронды машиналардың статорының асинхронды машиналардың статорынан айырмашылығы жоқ. Статордың орамалары үш фазалы кернеу көзіне жалғанып айналмалы өрісті тудырады. Өрістің айналу жиілігі кернеудің жиілігіне және машинаның жүп полюстер санына байланысты 

 Ротор полюстері көрініп тұратын айқын полюсті немесе полюстері көрінбейтін айқын полюсті емес болуы мүмкін. Айқын полюсті машиналардың жылдамдығы төмен, ал айқын полюсті емес машиналардың жылдамдығы жоғары болып табылады. Ротордың орамасы тұрақты кернеу көзінен қоректендіріледі. Ротордың орамасынан өтетін ток негізгі магнит өрісін қоздырады, сондықтан бұл ток магниттендіру тоғы деп аталады. Негізгі магниттендіру өріс статордың орамаларында Е0 ЭҚК-ті тудырады
(13.10)
 
Үш фазалы синхронды машинаның электромагниттік қуаты мына өрнектен анықталады
(13.11)
Мұнда U1-фазалы кернеу;
xс – машинаның синхронды индуктивтік кедергісі;
θ – ротор қоздырған магнит өрісінің және статор өрісінің остерінің арасындағы ығысу бұрышы
Үш фазалы синхронды машинаның электромагниттік моменті
(13.12)
U1 = const, E0 = const кезінде қарастырылған    немесе   тәуелдіктер бұрыштық сипаттама деп аталады. Бұрыштық сипаттама 14.4 суретте келтірілген. Қозғалтқыш режимінде θ бұрышы теріс болады. Ротордың орамалары қоздырған магнит өрісінің осі статордың орамалары қоздырған өрістің осінен θ бұрышына ығысып артта қалады. 0 > θ > – π/2 аралығында θ жүктеме асса (θ-ні шамасы артса) айналдырушы моменттің шамасында асады, сондықтан бұл аралық орнықты жұмыс аралығы деп саналады. Синхронды қозғалтқыштардың роторына әсер ететін электромагниттік момент бір период арасында екі рет бағытын ауыстырады, сол себепті қозғалтқыштардың жіберуші моменті болмайды. Ротор қозғала алмайды. Синхронды қозғалтқышты жүргізу үшін асинхронды жүргізу қолданылады. Ротордың ойықшаларына қосымша қысқа тұйықталған жүргізуші орама орналастырылады. Статордың айналмалы моменті қосымша жүргізуші қысқа тұйықталған орамада қума токтарды тудырады. Бұл токтар мен статордың электромагниттік өрісінің әсерлесуі нәтижесінде асинхронды электромагниттік айналдырушы момент пайда болып роторды жүргізеді. 

13.4 сурет
Ротордың айналу жиілігі статордың өрісінің айналу жиілігіне жақындағанда ротор синхронизмге кіріп n1 жиілігімен айналады. Қосымша жүргізуші қысқа тұйықталған ораманың ЭҚК-ші және тоғы нөльге теңеседі.
Генератор режимінде жүктеме бұрышы θ оң болады, яғни ротордың орамалары қоздырған магнит өрісінің осі статордың орамалары қоздырған өрістің осінен θ бұрышына ығысып озады. Орнықты жұмыс аралығы 0 < θ < π/2 болып табылады. Бұл аралықта жүктемені көбеюі электромагниттік қуаттың көбеюіне алып келеді. π/2 < θ < π аралығында θ бұрыштың көбеюі электромагниттік қуатын азаюына алып келеді. Бұл аралық орнықты емес жұмыс аралығы деп аталады. Орнықты емес жұмыс аралығы авариялық режим болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет