1 дәріс. Негізгі түсініктемелер және анықтамалар. Тізбектердің негізгі заңдары. Электр тізбектерін баламалы түрлендіру



бет33/34
Дата06.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#79800
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
Электротехника және электроника негіздері ЛЕКЦИЯ

15.3 Үш фазалы түзеткіштер 
15.3 суретінде үш фазалы жарты периодты түзеткіштің орынбасарлық сұлбасы және уақыттық диаграммалары келтірілген. Диодтар үш фазалы трансформатордың жұлдызша схемасы бойынша жалғанған екінші ретті орамаларына жалғанған. Токты анодында оң бағытты кернеуі жоғары диод өткізеді. Түзетілген кернеудің негізгі гармоникасының жиілігін солықтауы fнег.гарм қорек кернеуінің жиілігінен үш есе артық болады  fнег.гарм =3 f1. Солықтау коэффициенті Kп = 0,25 бір фазалы түзеткіштердің солықтауынан аса кіші болғандығы сүзгінің Cф сыйымдылығын төмендетуге мүмкіндік тудырады. Трансформатордың екінші ретті орамасаның тогын тұрақты құрамасы ферромагнитті өзекті магниттендіруы бір және үш фазалы жарты периодты түзеткіштердің негізгі кемшілігі болып саналады.
15.4 суретте үш фазалы екі жарты периодты түзеткіштің көпір (Ларионов сұлбасы) орынбасарлық сұлбасы және уақыттық диаграммалары келтірілген. Уақыттың әрбір мезінде токты алты диодтан анодында оң бағытты кернеуі жоғары, ал катодында теріс кернеуі жоғары екі диод өткізеді. Түзетілген кернеудің негізгі гармоникасының жиілігін солықтауы fнег.гарм қорек кернеуінің жиілігінен алты есе артық болады  fосн.гарм =6 f1. Солықтау коэффициенті ең төменгі Kп = 0,057.
Қарастырып отырған түзеткіштердің негізгі параметрлері 15.1 кестесінде келтірілген, мұнда n – трансформатордың трансформациялау коэффициенті

15.3-сурет 15.4-сурет
15.1 кесте

Түзеткіштің
параметрлері

Түзеткіштің түрі

Бір фаз. жарты периодты.

Бір фазалы
көпір сұлбасы

Үш фазалы
бейтарап сымды

Үш фазалы
көпір сұлбасы

Екінші ретті ораманың кернеуін әрекеттік мәні U

2,22Uн

1,11Uн

0,855Uн

0,43Uн

Екінші ретті ораманың тогын әрекеттік мәні I2

1,57Iн

1,11Iн

0,58Iн

0,82Iн

Бірінші ретті ораманың тогын әрекеттік мәні I1

1,57Iн/n

1,11Iн/n

0,48Iн/n

0,82Iн/n

Трансформатордың есептелген қуаты Pтр

3,48Pн

1,23Pн

1,35Pн

1,045Pн

Диодтегі максимал кері кернеу Uобр.max

3,14Uн

1,57Uн

2,1Uн

1,05Uн

Диодтың тура орташа тогы Iтур.ор



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет