Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Логистика және көлік академиясы
«Энергетика» кафедрасы
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
«Электрлік шамаларды өлшеу» пәнінен
тәжірибелік сабаққа
(бакалавриаттың 6В07120 – Автоматтандыру
және басқару; 6В07121 – Электр энергетикасы
мамандықтарының студенттері үшін)
А лматы - 2022
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Логистика және көлік академиясы
«Энергетика» кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Академиялық мәселелер және тәрбие жұмысы проректоры
___________Б.Т. Бахтияр
«_____» _______2022 ж.
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
«Электрлік шамаларды өлшеу» пәнінен
тәжірибелік сабаққа
(бакалавриаттың 6В07120 – Автоматтандыру
және басқару; 6В07121 – Электр энергетикасы
мамандықтарының студенттері үшін)
А лматы – 2022
Таңдау курсы бойынша компоненттің «Электрлік шамаларды өлшеу» элективті пәні бойынша білім беру бағдарламасының 6В07120 – Автоматтандыру және басқару; 6В07121 – Электр энергетикасы мамандықтары студенттерінің тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқаулар жұмыстық оқу бағдарламасына (Силлабус) сәйкес жасалынған.
Пікір жазғандар:
Жуматова А.А, – т.ғ.к., Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, «Энергетика» кафедрасының ассистент профессоры;
Егзекова А.Т. – т.ғ.к., Логистика және көлік академиясы, «Энергетика» кафедрасының ассистент-профессоры.
Авторлар:
Джабагина З.К. – ЛКА ассистент профессор;
Койшибаева К.Ж. – ЛКА сениор-лекторы;
Әбдібек М.Д. – ЛКА ассистент оқытушы.
«Электрлік шамаларды өлшеу» пәні бойынша тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқауларда теориялық бөлім, студенттердің өз бетінше дайындалуына тапсырмалар, сонымен бірге өлшеу қателіктері, аналогты аспаптар, масштабты түрлендіргіштер, өлшеу аспаптарының қуатты тұтынуы, сандық аспаптар, электронды осциллограф, жанама өлшеу тақырыптары бойынша бақылау сұрақтары кіреді.
Әдістемелік нұсқаулар «Энергетика» кафедрасының отырысында талқыланған және оң шешім алған («26» 02. 2022 ж. №6 хаттама).
Әдістемелік нұсқаулар «Автоматтандыру және телекоммуникациялар» институтының Оқу-әдістемелік бюросының отырысында қарастырылған және ұсынылған («17» 02. 2022 ж. №6 хаттама).
Әдістемелік нұсқаулар академияның Оқу-әдістемелік кеңесі төралқасының отырысында мақұлданған және бекітілген («27» 12. 2011 ж. №2 хаттама).
КІРІСПЕ
Электр энергетикасы маманын даярлауда электрлік өлшеу әдістері мен құралдарының ерекшеліктерін, өлшеу нәтижелерін өңдеу және қателіктерді бағалау тәсілдерін зерттеу маңызды рөл атқарады.
Осы пәнді оқу кезінде студент электр тізбектерінің энергетикалық параметрлерін электрлік өлшеу әдістері мен құралдары туралы білім алуы керек, осы параметрлердің электр өлшеу құралдарының метрологиялық және пайдалану сипаттамасымен байланысын орнатуы керек, электрлік өлшеу құралдарын тексеру әдістемесін игеруі керек және өлшеу қателіктерін бағалай білуі керек.
Студент электрлік өлшеу техникасы мен ақпараттық өлшеу жүйелері мен кешендерін, оның ішінде сандық құралдарды құру бойынша тәжірибелік білімге ие болуы керек.
Тәжірибелік сабақтарда студенттер электр өлшеу тізбектерінің параметрлерін есептеу, осы параметрлердің электрлік өлшеу құралдарының метрологиялық және пайдалану сипаттамаларымен байланысын орнатудың тәжірибелік ептілікке машықтанады, сондай-ақ өлшеу құралдарын дұрыс таңдау, өлшеу құралдарының дәлдігін және өлшеу нәтижелерін бағалау дағдыларын жинақтайды.
Әдістемелік нұсқауларға келесі тақырыптар кіреді:
- физикалық шамалардың өлшем бірліктер жүйесі;
- өлшеу қателіктері;
- токты, кернеуді, қуатты өлшеу;
- өлшеу трансформаторларын қолдану;
- кедергіні, сыйымдылықты және индуктивтілікті жанама өлшеу;
- аналогты өлшеу аспаптары;
- масштабты өлшеуіштік түрлендіргіштер;
- сандық өлшеу аспаптары;
- электронды осциллограф;
- көпірлік өлшеу сұлбалары;
Өздік дайындық бойынша тапсырмалар жазбаша түрде арнайы дәптерде орындалады, тапсырмалардың орындалуын бақылау келесі тәжірибелік сабақта жүргізіледі.
№1-тәжірибелік сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |