, (10.1)
мұнда , - ортаның абсолюттік магниттік өтімділігі; =4π 10-7 Гн/ м;
магнит тұрақтысы немесе вакуумның өтімділігі, μ= / - салыстырмалы магниттік өтімділік.
Салыстырмалы магниттік өтімділіктің шамасына қарай заттар үш топқа бөлінеді:
бірінші топ – диамагнетиктер – бұл заттарда μ < 1;
екінші топ – парамагнетиктер, бұл заттарда μ > 1;
үшінші топ – ферромагнетиктер, бұл заттарда μ >> 1.
Темір, никель, кобальт ферромагнетиктерге жатады. Магнит тізбектері екі негізгі бөліктен тұрады: а) магнит ағынын қоздырушы бөлік бұл тоғы бар шарғы немесе тұрақты магнит; б) магнит ағынына жол түзетін бөлік-электротехникалық болаттан жасалған ферромагниттік өзек. Магнит тізбектері электр тізбектері сияқты тұрақты және айнымалы ток, тармақталмаған және тармақталған тізбектеріне бөлінеді; одан басқа біртекті, біртекті емес болуы мүмкін. Магнит тізбектерін конфигурациясы да әртүрлі болады:
, ,
10.1 сурет
Магнит тізбектеріндегі үрдістер магнит қозғаушы күш –МҚК және магнит ағыны арқылы талданады. Магнит қозғаушы күштің өлшем бірлігі ампер(А), магнит ағынын өлшем бірлігі вебер (Вб). Магнит қозғаушы күшті тұрақты магнит немесе электромагнит тудырады. Электромагнит ферромагниттік өзектен және ток өтетін индуктивтік шарғыдан тұрады. Электромагниттің магнит қозғаушы күші мына өрнектен анықталады
(10.2)
мұнда I - индуктивті шарғының тогы, w- шарғының орам саны. Магнит ағыны Ф деп белгілі -бір S аудан арқылы өтіп жатқан магниттік индукция векторының ағынын айтады (10.3)
векторлық шамалардың скалярлық көбейтіндісі. Егер магнит өрісі біртекті болса Ф = BScosα , (10.4)
α - магниттік индукция векторы мен аудан элементіне тұрғызылған перпендикулярдың арасындағы бұрыш. Ал магниттік индукция векторы қарастырып отырған ауданға перпендикуляр болса Ф = BS. (10.5) Ферромагниттік заттардың негізгі қасиеті- бұл шарғы тудырған магнит өрісіні мыңнан аса есе күшейту. 10.2 Ферромагниттік материалдардың қасиеттері Ферромагниттік материалдардың магниттік қасиетін магнит өрісінің индукциясының кернеуліктен тәуелділігі сипаттайды. Бұл тәуелдік 6.2 суретте көрсетілген гистерезис тұзағы деп аталатын қисықтардан шығады
10.2 сурет Кернеулік Н өскенде магниттік индукция В басында тез өседі, кейін қанығу процесі кезінде өзгермейді. Кернеулікті азайтса индукция да азая бастайды, бірақ оның мәні бастапқы мәнінен гистерезис нәтижесінде өзгеше болады. Кернеулік нөлге тең болғанда магниттік индукция нолге тең болмайды, ол Вr -қалдық магнит индукциясына тең болады. Ал енді кернеуліктің бағытын өзгертіп өзекті магнитсіздендірсе, кернеулік Нсшамасына жеткендемагниттік индукция нөлге тең болады. Нскоэрцитивтік (ұстап қалу деген сөзді белгілейді) күш деп аталады. Коэрцитивтік күштің шамасына орай ферромагниттік материалдар үш топқа бөлінген.
Коэрцитивтік күші жоғары материалдар Нс>400 ( А/м) қатты магниттік материалдар деп аталады. Бұл материалдардан тұрақты магниттер жасалады.
Коэрцитивтік күші төмен материалдар Нс<200 ( А/м) жұмсақ магниттік материалдар деп аталады. Олардан электрмашиналардың және трансформаторлардың ферромагниттік өзектері жасалады.
Үшінші топтың материалдары арнайы магниттік материалдар деп аталады, бұл материалдар ерекше гистерезис тұзағына және жоғары қасиеттерге ие болады.
B = f(H) тәуелдік бейсызықты болғандықтан магнит тізбектерін есептеуде магниттендіру қисықтарымен немесе кестелерде келтірілген байланыстармен қолданады.