1 дәріс. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржылардың мәні, қызметтері және рөлі Қаржы «қолма-қол ақша»



бет2/3
Дата06.01.2022
өлшемі19,72 Kb.
#11793
1   2   3
Бақылау сұрақтары :

1. Ақшаның пайда болу себептері?

2. Ақша деген не, оның мәні неде?

3. Электронды ақша дегеніміз не, олардың ерекшелігі неде?

4. Құн өлшемі ретінде ақшаның атқарымы неден тұрады?

5. Айналыс құралы ретінде ақшаның атқарымы қалай көрінеді?

6. Қорлану және асыл қазына ретінде ақша атқарымының мәні неде?

7. Қандай ақшалар дүниежүзілік ақшаның және олардың даму үрдісін атқарады?



Әдебиеттер тізімі:

2 дәріс. Қаржы жүйесін ұйымдастыру

Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған.



Мемлкеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты – фискалдық (қазыналық) федерализм қағыдаты. Қаржы жүйесінің функциялық құрылысы мынадай негізгі қағидаттарды қанағаттандыруы тиіс: біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастарының аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» ғана тән қасиет; екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс. Қаржы жүйесін ұйыдастыруда централизм және демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілерге кең құқық пен дербестік берілген. Бұл қағидат жергілікті қарды органдарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.

Ұлттық және өңірлік мүдделерді сақтау. Өңірлерді дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сияқты бұл қағидаттың талаптар да қаржылық қатынастарда ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін құрудағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымының ұлттық-мемлкеттік және әкімшілік-өңірлік құрылымына сай келуі. Әрбір обылыста, ауданда және қалада қаржы органдарының тиісті аппараттары бар. Төменгі құрылымдарда арнаулы қарды органдарының болмауы мүмкін, онла олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады. Федеративтік құрылысы бар көп ұлтты мемлекеттерде бұл қағыдаттың маңызы зор болып отыр.

Қаржы жүйесінің бірлігінің қағидаты орталық қарды органдар арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттарымен алдын ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржы ресурстарының басты көздерінің отарқтастығында, олардың қощғалысының өзара байланыстығында, қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды өңірлер, салалар арасында қайта бөлуде болып отыр. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарларымен байланыстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің нақтылы көрінісін табады.

Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функциялық арналымының қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған айрықша қаржы аппарыты сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды республиканың Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады. Бюджеттен тыс қорлардың мақсатты міндеттерін тиісті аппараттар анықтайды және шешеді немесе белгілі бір министрліктің және үкіметтің басқаруына беріледі. Ұлттық шаруашылықтың сатылас қағидаты жоғарғы органдар (министрліктер, ведомоствалар, ассоциациялар, бірлестіктер) деңгейінде де, сондай-ақ төменгі (фирмаларда, компанияларда) деңгейде де қаржы аппартының тиісті құрылымын байланыстырады. Бұдан басқа, қаржы аппаратын ұйымдастыруда акционерлік, бірлескен, араларс, кооперативтік, сондай-ақ қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдарды басқарудың ерекшеліктері бейнелеп көрсетеді. Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыры, одан әрі тездетуге ықпал етуін күшейт, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады. Рыноктық қатынастарға көші барысында қаржы жүйесінің рөлі мен маңызы шұғыл артады. Қаржы-кредит рыноктық механизмдердің неғұрлым тиімді жұмыс істейтін секторларының біріне айналуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет