1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет18/85
Дата03.10.2023
өлшемі0,82 Mb.
#112868
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85
Байланысты:
1 дәріс Психология пәні, салалары және даму тарихы-emirsaba.org

Генетикалық психология.

Швейцария ғалымы Ж.Пиаже - психология ғылымындағы генетикалық бағыттың ірі ӛкілдерінің бірі. Ж.Пиаже жүйелі құрылымдық талдауды пайдалана отырып, ол ӛздігінен, қандайда бір құбылысты ғылыми тұрғыдан түсіндірудің жеткілікті құралы бола алмайтынын айтты. Құрылымдардың даму заңдары мен құбылыс шарттарын зерттеу арқылы ғана олардың табиғатын және қызметінің заңдылықтарын түсінуге болады. Ол ӛз психологиялық зерттеудің әдістемелік ұстанымы ретінде генетикалық әдіс ережесін пайдалануды ұсынды. Ж.Пиаженің пікірі бойынша, жекелеген ғылымдар ғана емес, танымдық теория да генетикалық негіз бойынша жасалуы керек.


Ж. Пиаже ӛз талдауының бастапқы пункті ретінде біртұтас тұлғаның - психиканың немесе сананың емес - қоршаған әлеммен арақатынасын қарастырды.
Ж.Пиаженің басты мақсаты – тұлғаның ақыл-ойын зерттеу болды. Ол оны эволюция барысындағы тӛмен ұйымдасқан органикалық құрылымдардың табиғи дамуы ретінде қарастырады. Ж.Пиаженің алғашқы еңбектері 20-шы жылдары жарыққа шықты: "Баланың ойлауы және сӛйлеуі" (1923), "Баланың талдауы және ойды қорытындылауы" (1924), "Баланың әлем туралы түсінігі" (1926). Ж.Пиаженің осы алғашқы кӛзқарастарын сипаттай отырып, былай деп айтуға болады: "Сәби кезінен ересек кезге дейінгі жол бойында ой бірқатар сапалық ӛзгерістерге ұшырайды. Оларды ашып кӛсету үшін, Ж. Пиаже алдымен балалардың түсініктеріне тоқталды. Ол баламен еркін әңгімелесу әдісін қолданды. Кішкентай бала ӛз әлемінің санадан тыс орталығы болды. Ол басқаның орнына ӛзін қоя алмайды, ӛзіне-ӛзі сырттай қарамай, басқа адамдар заттарды басқаша ұғынатынын түсінбейді. Сондықтан ол объективтілік пен субъективтілікті, ӛзіің басынан ӛтіп жатқанды ақиқатпен араластырып алады. Ӛмір баланы ортаға бейімделуге кӛндіреді. Осы кезде баланың ойы бастапқы қалпынан айырылып ӛзгереді және басқа, әлеуметтік ортадан алынған "ересек адам" логикасына бағына бастайды".
Ж.Пиаже ақыл-ойды зерттеу кезінде кескін әдісін пайдаланады: ол әр түрлі жастағы балаларға бірдей тапсырма беріп, оның нәтижесін салыстырады. Бұл әдіс баланың ақыл-ой әрекетіндегі кейбір ӛзгерістерді кӛрсетті. Бірақ бұл әдіс баладағы жаңа ақыл-ой амалының, ұғымының, білімінің, психологиясының қалыптасуын ашып кӛрсетеді.
Ж.Пиаже концепциясының басты кемшілігі: баланың толық тұлғалық дамуын ескермей, ол ақыл-ой дамуының басты қозғаушы күші ретінде ақыл- ойдың ӛзін кӛреді. Ақыл-ойдың даму факторларының арасында іс-әрекет сияқты фактор болған жоқ.
Ж.Пиаженің теориялық тұжырымдары жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерінің кӛзі ӛткендегі ой мүмкіндіктерінде болатынын дәлелдеп бақты.
Генетикалық психология зерттеулеріндегі басты кемшілік: интеллект даму деңгейінің бірінен 2-шісіне ӛтуде оқудың маңызы орынды бағаланбай,
әлеуметтік қоғамдық факторлардың тұлға қалыптасуындағы мәні жоққа шығарылады. Кӛптеген зерттеушілер баланың ойлау қабілетінің дамуы дұрыс ұйымдастырылған үйрету жүйесіне байланысты болатынын кӛрсетті.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет