Тұлғаның ӛзіндік ерекшелігі мотивтері мен дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағыттылығынан, қажеттілігі мен қызығуынан жақсы байқалады.
Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін ӛтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Мотивтер дегеніміз – іс-әрекет пен мінез-құлықтың саналы түрде жасалынуы. Сӛйтіп мотив ретінде алуан түрлі жайлар кӛрініс береді.
Тұлғаны қандай да болмасын іс-әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Ӛмір сүру үшін адамдар тамаққа, киімге, және т.б. толып жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға тиісті. Қажеттілік дегеніміз - ӛмір мен дамудың белгілі бір жағдайында адамның міндетті түрде керек ететін қажетсінулері. Қажеттілік адамның бойында белсенділік сезімін оятады. Адамдар ӛмір сүру үшін қоғамдық ӛндірісті дамытады. Қажеттілік те ӛндірістің ӛсуімен бірге дамып отырады. Қажеттіліктер белгілі дәрежеде адамның күйініш-сүйінішіне, ойлауына және ерік-жігеріне әсер етеді. Қанағаттандырудың түрі мен тәсіліне карай, қажеттіліктің орындалу немесе орындалмауына байланысты адамдар мазасыздану немесе тыныштану, рақаттану немесе азап шегу сезімдеріне тап болады.
Қажеттіліктердің түрлері. Адамның қажеттіліктері алуан түрлі. Оларды топтарға бӛле отырып, материалдық, рухани және қоғамдық қажеттіліктер деп кӛрсетуге болады. Материалдық қажеттіліктер адамның ӛмір тіршілігінің (бұл тамаққа, киімге, тұрғын үйге, тұрмыстық заттарға т.б.заттарға қажеттіліктер) негізіне байланысты.Адам саналы түрде ӛз қажеттіліктерін реттеп отырады, ол жануарлардан осы қасиетімен ерекшеленеді. Рухани және әлеуметтік қажеттіліктері дұрыс қалыптастырған адамдар материалдық қажеттіліктерін орынды қанағаттандырады.
Рухани қажеттіліктер – адамның білімге, ӛнерге т.б. қажеттіліктері.
Оларға танымдағы және эстетикалық ләззаттағы қажеттіліктер жатады. Танымдағы қажеттіліктер жалпы (тұтас әлем жайлы) және жеке (болмыстың белгілі бір құбылыстарын тануға деген құштарлық) болып келеді. Танымдағы қажеттіліктердің негізінде ғылыми шығармашылыққа деген дербес қажеттілік пайда болады. Мұндай жағдайда таным мақсат емес, шығармашылық қажеттілікті қанағаттандырудың құралына айналады.
Эстетикалық ләззаттану қажеттілігі адам ӛмірінде айрыкша орын алады. Соның арқасында адам ӛз тұрмысын, демалысын, ӛзінің ӛмірін мәнді етуге құлшынады.
Ал, қоғамдық қажеттіліктер: еңбекке, адамдармен қарым-қатынасқа, қоғамдық іс-әрекетке деген қажеттілік. Еңбекке деген қажеттілік адамның негізгі қажеттілігінің бірі. Адам енбек етпей отыра алмайды: егер ол уақытша бұл мүмкіншіліктен айырылып қалса, мысалы, қарны ашып, тамақ ішкісі келетін сәтте басынан қандай күй кешсе нақ сондай күй кешетін болады.
Қарым-қатынас жасауды қажетсіну адамның әлеуметтік табиғатын танытады. Қарым-қатынас нәтижесінде адам басқаларды ғана емес, сонымен бірге ӛзін де танып біледі, әлеуметтік ӛмірдің тәжірибесін жинақтайды.
Қызығу дегеніміз – тұлғаның объектіге, оның ӛмірлік мәні мен эмоциялық тартымдылық күшіне қарай таңдамалы қатынасы. Қызығулар қажеттіліктер негізінде пайда болады, бірақ олардың ӛзі емес. Қажеттілік міндетті түрде керек нәрсені белгілейді, ал қызығу белгілі бір іс-әрекетке адамның жеке қатынасын кӛрсетеді. Терең тамыр жайған қызығу қажеттілікке айналуы мүмкін. Мәселен, театрға деген қызығу - спектакльді құр жібермеуді әдетке айналдыру тіпті сахна ісімен ӛзінің де айналысатын болуына жеткізуі мүмкін.
Қызығулар да бейімділік тәрізді балалардың кішентай кезінде ерекше байқалады. Мәселен, кейбір балалар кішкентайында автомобильге, тракторға жалпы – техника атаулыға әуесқой келеді. Мұндай балалардың есі-дерті машина болып, уақытының кӛбін соның айналасында ӛткізеді, (олардың маркасын жақсы айыра алатын болады. Кейін осы бала мектеп қабырғасында физика, қол еңбегі сияқты пәндерді бар ықыласымен оқиды, ал мектеп бітіргеннен кейін сол балалардың біразы жасынан ӛзі жақсы кӛретін техника саласында нәтижелі жұмыс істеп, ӛз қабілеттерін жақсы кӛрсетеді.
Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ осылардын, ішінде басты біреуі, ең басынқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар, әсіресе, оқу әрекетіне аса қажет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы баланың сабақ үлгеруіне, білімді терең алуыны кӛп жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары балаларда оқу мотивтерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады.
Адамда қызығудың дұрыс кӛрінбеуі оның ӛмірін мазмұнсыз етеді. Мұндайда ол енжар болып, іші пысады, зерігіп, берекесі кетеді. Кейбір адамдар кез келген нәрсеге қызығады да, сайып келгенде, оның бір де біреуіне жӛндеп тоқтамайды. Мұндай "кӛрсе қызар" әуесқойлық адамды тұрлаусыз, тұрақсыз етеді. Егер осы әдет бойға сіңіп кеткен болса, бұл - үлкен кемшілік. Адам ӛмірдің бар бақыты мен болмысын ӛз бойында қызығу бар кезде ғана сезінеді. Қызығу адамдарды әрекетке талаптандырады, қызығып істелінген жұмыс жеңіл және жемісті болады.
Қызығулар ӛзінің мазмұны мен бағытына қарай: материалдық, рухани қоғамдық спорттық, танымдық т.б. болып келеді.
Материалдық қызығу тұрғын үй ыңғайлылығына, тағамдық заттарға, киімге және т.б. қажеттіліктерге деген құлшыныс арқылы кӛрінуі мүмкін.
Материалдық қызығу кӛбінесе нысапсыздық, баюға салыну, дүние-мүлік жинаудың қызығына түсіп дүние жинау сияқты жағымсыз формаларда кездеседі.
Рухани қызығу адамның жоғары дәрежеде дамуын сипаттайды. Бұл ең алдымен ӛнерге: музыка, сурет, спорт т.б. және білімге: математикаға, физикаға, әдебиетке, психологияға т.б. деген танымдық қызығулар.
Адам объектіге түрлі мақсат кӛздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу тікелей және жанама болып екіге болінеді. Тікелей қызығу айналадағы нәрселердің тартымдылығынан туады. Мәселен, футболға қызығуды осыған жатқызуға болады. Жанама қызығу - бұл әрекеттің түпкі нәтижесін қажетсіну яғни іс-әрекет қызмет бабында және қоғамдық жағдайда белгілі бір дәрежеге ие болуға ғылыми атаққа немесе ең соңында, еңбектің материалдық нәтижелеріне деген қызығулар.
Қызығуды әсер ету дәрежесіне қарай самарқау және белсенді деп екіге бӛледі. Самарқау қызығу дегеніміз - адам ӛзін қызықтырушы объектіні қабылдаумен ғана шектеледі. Мысалы, опера тыңдауды сүйеді, картиналарды қараған кезде ләззат алады, бірақ объектіні терең тану, оны меңгеру жоне қызықтыратын салада шығармашылықпен айналысу үшін белсенділік кӛрсетпейді. Белсенді қызығу дегеніміз - пәрменді қызығу, мұндайда адам кӛріп-білумен ғана шектелмейді, ӛзі тыңдаған объектіні меңгеріп алып, әрекетке кӛшеді, сол қызыққын нәрсесімен айналысады.