1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет34/85
Дата03.10.2023
өлшемі0,82 Mb.
#112868
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   85
Байланысты:
1 дәріс Психология пәні, салалары және даму тарихы-emirsaba.org

Зейіннің қасиеттері.

Зейін мынадай қасиетімен сипатталады: кӛлемі, бӛлінуі, шоғырлануы, тұрақтылығы, ауысуы. Зейіннің кӛлемі – бұл адамның бір мезгілде қабылдаған обьектілердің саны. Егер столдың үстіне, мәселен, марка, қағаз қыстырғыш, тиын, әріп секілді таныс 10-12 ұсақ затты жайып, оларды жауып қойсақ, кейін бұл қағазды 5-10 секунд ашып барып, қайта жауып тастасақ, ересек адам әдетте 6-7 затты жадында сақтайды. Бірақ бұлар оған бейтаныс болса және бір-біріне ӛте жақын жатса немесе керісінше, шалғай, бытырап жатса, зейін кӛлемі күрт тарылады.


Баланың зейінінің кӛлемі едәуір тар. Сондықтан, егер оған екі жаңа әріптің немесе цифрдың таңбасымен (сабаққа келмей қалуы себепті), екі ұқсас суретпен немесе мағьнасы жағынан мазмұндары ұқсас тақпақтармен бірден танысуға тура келетін болса, қабылданылатын объектілерді «шатастыру» байқалады. Бұл орайда әрбір әріптің немесе ұқсас цифрлардың (3 пен 5, 6 мен 9, 1 мен 7) ерекшеліктері жеткілікті түрде айкын кӛрінуі үшін, салыстыру әдісін енгізу ӛте-мӛте орынды болады.


Зейіннің бӛлінуі деп - адамның кез келген іс-әрекет үстінде бірнеше объектіге бір мезгілде зейін аудара алатындығынан кӛрінеді. Бір мезгілде ӛлең жаттап, әрі қарапайым қосу мен азайту амалмен есеп шығарып кӛрсек, мұның оңай емес екенін бірден байқаймыз. Мұндай бір әрекет екінші әрекетке кедергі болды. Іс-әрекет процесінде зейін бір-ақ нәрсеге ауады. Себебі оның физиологиялық негізі - ми қабығындағы оптималдық қозу ошағының жалғыздығы. Күнделікті ӛмірдегі іс-әрекетінде адам ӛзінің зейінін бӛле білуді жетілдіріп, тәрбиелеу қажет. Ал ӛмірде іс-әрекет зейінді үнемі әр нәрсеге бӛлуді талап етеді. Зейінді бӛле білуге дағдылану керек. Бәрімізге мәлім, жас ұстаз сыныптағы оқушыларды жекелеп кӛре алмайды, кейде сабақ айтып тұрып қателеседі, оқушылардың жауабындағы қателерді де байқамай қалады. Кейін мұғалім бірнеше обьектіге зейінін бӛле білуге дағдыланады.

Зейіннің шоғырлануы адамның жұмылу күшін сипаттайды және жаңа тітіркендіргіштің бұрынғы доминантаны ӛшіріп, жаңасын жасау үшін қажетті күшімен анықталады. Бала үйде қолдан жасалатын ұшатын аппарат құрастырумен шұғылданып отыр дейік. Оның ата-анасының сӛйлескені де, інілерінің ойын-шуы да, теледидар да ештеңе алаңдатпайды. Оның зейінінің жұмылу күшінің шоғырлануы кӛп. Мектептің кішкентай оқушыларында бұл сирек болатын құбылыс. Оларда жұмылу күші кӛбіне аз болады.
Шоғырлану обьектінің зейінді тартып алуынан кӛрінеді. Зейіннің шоғырлануы оның аумағы мен бӛлінуімен тығыз байланысты. Зейін тартатын нәрсе неғұрлым аз болса, зейін кӛбірек шоғырлануына мүмкіндік туады, ал зейін түсетін нәрсе соғұрлым кӛп болса, зейін аз шоғырланып, жан –жаққа шашырап кетеді.


Зейіннің тұрақтылығы деп - оның объектіге ұзақ уақыт бағытталуынан айтады. Тұрақтылыққа қарсы қасиет- алаң болушылық. Зейіннің бұл қасиеті кӛптеген жағдайларға, нерв процестерінің күшіне, әрекеттік сипатына, іс- әрекетке деген қатынасқа, қалыптасқан әдеттерге т. б. байланысты болады.
Зейіннің тұрақтылығы кӛп уақытқа дейін құбылып, ӛзгеріп отырумен байланысты қасиет. Егер адамның зейіні тұрақты болмаса, ол бастаған жұмысын аяқтап, түбіне жеткізе алмас еді. Кейбір зерттеулерге қарағанда 3 – 4 сыныптарда оқитын оқушылардың зейіні 30-40 минутке дейін тұрақты болады. Алаң болушылық - зейіннің толқуынан кӛрінеді. Зейінде толқу болып отырады. Бірақ зейіннің толқуы кӛп уақытқа созылмайды, ары кетсе 2-3 секундтқа қана созылады. Зейіннің әрлі-берлі сәл ауытқуы күрделі, қызықты істі атқару кезіндегі зейін тұрақтылығына онша кедергі бола қоймайды.


Зейіннің аударылуы - деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды әдейі ауыстыруды айтады. Зейін аударудың ауытқудан айырмашылығы, оның саналы түрде болатындығында. Зейін аударғанда адам алдына басқа бір нәрсемен шұғылдану немесе тынығу мақсатын қояды. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті кӛбінесе нерв процестерінің ӛзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл кӛшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің кӛрінісі. Екінші біреудің зейіні, керісінше, басқа объектіге қиындықпен ауысады.
Зейіннің ауысуы объект ерекшеліктеріне де байланысты. Зейінді күшті тітіркендіргіштен әлсізге ауыстыру әрқашан да қиын болады. Зейіннің ауысуын оңайлату үшін әрбір нәрсенің қажеттілігі мен қызығуды жандандыру қажет. Айналысқан істің нәтижелі орындалуы, зейіннің қасиеттерінің бір-бірімен тығыз байланысты және олардың іс-әрекет кезінде ӛзара үйлесімді болуына тәуелді болып отырады.


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет