1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет33/85
Дата03.10.2023
өлшемі0,82 Mb.
#112868
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   85
Байланысты:
1 дәріс Психология пәні, салалары және даму тарихы-emirsaba.org

Зейіннің түрлері.

Зейін ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бӛлінеді. Ырықсыз зейін. Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды ӛзіне тартады. Күшті, ерекше, қатты, күтпеген тітіркеңдіргіш ырықсыз зейін тудырады. Күтпеген жерден шыққан айғай, ашық терезеден ұшып кірген кӛбелек, қарсы бӛлмедегі күлкі, кіріп келген адам


  1. мұндай тітіркендіргіштердің бәрі балаларда қозудьң басты ошағының орнын ӛктем түрде алып, қалған әсерлердің бәрін ығыстырады да, олар бағынышты жағдайға түсіп қалады. Міне, 1 сыныптың оқушылары математикалық мысалдарды шығаруда еңбектеніп отыр дейік, кенеттен дәлізде еденнің қатты дүрсілдеп, біреудің жүгіріп, қарқылдап күлгені естілді. Оқушылардың зейіні тез арада жұмыстан ауытқып, кӛңіл қоюлары бұзылды. Балалар мұғалімнің не айтып тұрғанын тіпті естімейді де. Оның ӛздері оқушылардың санасына жетпейді, қозу туғызбайды да, қабылданбайды. Мұғалім сабақ үстінде дауыс және сӛз екпінін ӛзгерте отырып оқушыларды ырықсыз зейін тудыра алады.


Тітіркендіргіштің күші, жаңалығы, ырықсыз зейін тудырады. Мәселен, жаңа маркалы автокӛлік, не қабырға газетінің жаңа нӛмірін кӛріп қалсақ, оған еріксіз назар саламыз. Зейіннің осындай қасиеттерін ескеріп, сабақта түрлі кернекті құралдарды пайдалану жемісті нәтижелер бермек. Әсер етіп тұрған тітіркендіргіштің басталуы мен аяқталуы - ырықсыз зейінді тудырудың қайнар кӛзі.


Адамның таным әрекетінде кӛңіл-күйге қатты әсер ететін нәрселер де ырықсыз зейін тудырады. Мысалы, бояуы қанық заттар, құлаққа жағымды әуенді дыбыстар, хош иісті ӛсімдіктер мен нәрселер. Адамды таңдандырып, сүйсіндіретін нәрселер де зейінді ӛзіне еріксіз аударады. Кӛркемӛнер туындыларының адам сезіміне күшті ықпал етуі де ырықсыз зейін тудырып,
танымдық процестер мен ойлау әрекетін күшейте түседі. Ырықсыз зейіннің тұрақты болуы адамның ықылас-ынтасы мен қызығуының артуына байланысты.
Мәселен, кӛшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға кӛзі түссе, оған мойнын бұрады не полицияның ысқырығына жалт қарайды т. б. Адам ӛмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Ӛйткені балалық дәуірде адамның күрделі іс- әрекеттері (оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да, осының нәтижесінде оның психикасы ӛте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам ӛмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады.


Қызығу - ырықсыз зейінді туғызады. Ӛйткені қызықты іске кӛңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу- ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам ӛз ісінен шығатын нәтижеге қызығады, оны орындау үшін күш жұмсайды, ӛйтпесе іс ӛнбейді, күткен нәтижеге қол жеткізе алмайды.Ырықсыз зейіннің кӛрінуіне тӛмендегі жағдайлар себеп болады:
а) күшті тітіркендіргіштер (кӛзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т. б.), заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің ӛзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т.б.);
ә)адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну, кӛңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етеді.

Ырықты зейін - әрекетті саналы түрде ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан кӛрінеді. Бұл зейінді ерікті немесе белсенді зейін деп те атайды. Сананың әрекеттің белгілі шарттарымен байланысты болып, бір объектіге бағытталуын - ырықты зейін дейміз. Ырықты зейіннің психологиялық мазмұны адамның іс-әрекетіндегі алға қойған мақсатымен, ерік күшімен байланысты. Кӛлік жүргізуші шофер, есеп шығарушы есепші, тәжірибе жүргізуші ғалым алдын ала мақсатын белгілеп, оны орындап шығу үшін соған саналы әрекетін бағытгайды. Олай етпеген жағдайда мақсатты ісінен нәтиже шығара алмас еді.
Мектептегі оқу-тәрбие істерінің бәрі де балалардың ырықты зейінін қалыптастырып, дамытып отыруды қажет етеді. Бұл үшін оқу әрекетін балалардың шама-шарқына орай қызықты етіп ұйымдастырылуға тиісті. Талпынысының нәтижелі болуы - баланың ӛзіне деген сенімін арттырады. Сабақты оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай түрлендіре жүргізіп, әр түрлі әрекет жасатып, ырықсыз зейінін ырықты зейінге аударып отыру керек.Мысалы, сабақ үстіндегі артық сӛз, қимыл белсенді жұмыс істеп отырған оқушының кӛңілін бӛледі.
Жұмыс орнының қолайлы болуы - ырықты зейіннің тұрақты болу шартының бірі. Жұмыс орнында кісінің кӛңілін бӛгде тітіркендіргіштер
алаңдатпауы керек. Мысалы, сабақ үстінде айтылған артық сӛз баланың белсенді жұмыс істеп отырған кӛңілін бӛледі. Ырықты зейінді дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты - адамның психикалық күйі. Шаршап- шалдығып отырған адамның зейіні тұрақсыз болады. Адамның сырқаты, жан қинайтын бӛгде ойлар т.б. ырықты зейіннің сапасын нашарлатады. Ырықты зейінді күшейту үшін сӛз арқылы қайталап айтып, алға қойған мақсатты тұрақтандыруға болады. Әр қилы жағдайларда жұмыс істей білу мен адамның әдеттері де ырықты зейіннің тұрақты болуына ықпал етеді.
Ырықты зейінде белгілі бір мақсат қойып, объектіге ерекше зер салып отыру кӛзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынандай ерекшеліктермен сипатталады;
  1. Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.


  2. Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жӛн.


  3. Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс.


  4. Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен, кӛңілді алаң қылатын бӛгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл- гүрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады.


  5. Зейінді болуды ӛзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сӛзбен айтқанда, ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.


Зейіннің, екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады. Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шындығында, адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес. Оқушы алғашқыда жай қызыққан нәрсесіне тікелей зейінін аударады, ал содан кейін сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да зейін қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып кӛрінген сабақ кейін балаға түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейінінің пайда бола бастағаны.


Зейіннің үшінші түрі - үйреншікті зейін. Үйреншікті зейін - адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін.Үйреншікті зейін ырықты зейіннен кейін жасалады. Мәселен, бала оқуға тӛселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған ұқсас. Ӛйткені үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасады. Зейіннің қай түрі болмасын іс- әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер, адам жұмысқа ӛздігінен беріліп істесе, ырықсыз зейіні кӛрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажытып шаршатады. Сондықтан, адам жұмысты зейіннің осы екі түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыруы қажет.
Зейіннің мұндай түрін де еріксіз, бірақ «екінші» зейін деп атайды (Э. Титченер, С. Л. Рубинштейн) Бұл орайда кейбір авторлар Н. Ф. Добрыниннің ұсынысы бойынша, үйреншікті зейінге «еріктіден кейінгі» зейін деген терминді пайдаланады. Бұл атауды енгізуге негіз болған жағдайлар адам ӛзін жұмылдыру үшін әуелі күш салып, кейін келе ӛз қызметіне беріле кірісетін, енді бастапқыдағыдай ерік күшін жұмылдырусыз-ақ жұмыс істейтін жағдайлар Алайда мұның ӛзі бір жағдай ғана. Ӛйткені адам әдетте қызықты әнгімеге, оқылатын кітапқа, кӛретін суретке бірден ден қояды, бұл үшін оған алдын ала ешқандай «әзірліктің» қажеті болмайды. Жоғарыда қарастырылған зейіннің үш түрі де бір-бірімен тығыз байланысты.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет