1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Тақырып бойынша бақылау сұрақтары



бет11/85
Дата03.10.2023
өлшемі0,82 Mb.
#112868
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   85
Байланысты:
1 дәріс Психология пәні, салалары және даму тарихы-emirsaba.org

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары

  • Зерттеу әдістері дегеніміз не?


  • Негізгі зерттеу әдістеріне қандай әдістер жатады?


  • Қосалқы зерттеу әдістеріне нелер жатады?



      Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. А., 2005,204-216б.


    2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993, 144-159б.


    3. Жұмасова К.С. Психология. Астана, 2006,161-172б


    4. Немов Р. С. Психология. «Просвешение». М.,1995,235-241с.


    5. Еникеев М.И., Основы общей, юридический психологии, М.,1996,94- 106с.


    6. Маклаков А.Г. Общая психология, Питер, 2006, 200-234с.



    1. дәріс: Ми және психика, сана. Жануарлар психикасының даму сатысы.



    Жоспар:
    1. Ми мен психиканың байланысы туралы түсінік.



    2. Психика мен нерв жүйесінің рефлекстік табиғаты
    3. Сана туралы ұғым.Сананың негізгі қасиеттері



    4. Жануарлар психикасының даму жолдары

    1. Ми мен психиканың байланысы туралы түсінік.

    Адамның психикалық әрекеттерінің, ақыл-ой санасының ағымдарының даму жолдарын білу үшін, олардың нерв жүйесінің, мидың құрылысын білу қажет. Психика – ерекше ұйымдасқан материя – мидың қасиеті есебінде психика пайда болады. Жоғары сатыда тұрған материяда ғана психика болады. Жоғары материя дегеніміз ми, нерв жүйесі. Нерв жүйесі психиканың негізі болғандықтан, оның құрылысын, әрекеттерін, ӛсіп дамуын білмейінше, психиканың қалайша ӛсіп-дамып отыратынын да жақсы біле алмаймыз.


    Нерв жүйесі психикалық әрекеттердің негізі. Нерв жүйесі адамның денесіндегі түрлі химиялық заттарды шығатын бездермен бірге адамның психика қуаттарын меңгеріп, басқарып отырады. Ол сондай-ақ адаммен сыртқы дүниенің арасындағы қатысты да басқарады. Егер нерв жүйесі болмаса, адамның барлық әрекеттері бір-біріне байланыспай, үйлеспей бір орталыққа бағынбай әрекет етер еді. Нерв жүйесі болмаса, оның сыртқы дүние мен қатынасы дұрыс болмай оны тануға, ӛзгертуге, түрлі-түрлі бейнелер туғызуға мүмкіндік болмас еді. Нерв жүйесіның құрылысы, әрекеті, ӛте күрделі. Оны зерттеу оңай емес. Нервті зерттеу үшін ғылымда сан алуан әдістер қолданылады. Соның кейбіреуі – мына тӛмендегілер:
    1)Салыстырмалы физиология ғылымының фактілерін зерттеу. 2)Эксперименттік физиологияның фактілерін зерттеу.
    1. Медициналық клиника фактілерін зерттеу.


    2. Құрсақтағы ұрықтың нерв жүйесінің ӛсіп-дамуын зерттеу.


    Міне, осы жоғары да айтылған әдістермен адамның нерв жүйесі қалайша ӛсіп, дамып отыратындығын, мұның психикаға қандай әсері бар екендігін, яғни ми мен психиканың қандай байланысы бар дейтін мәселелерді шешуге болады.


    Адамның психикалық әрекетінің қызметінің заңдылықтары, оны жүзеге асыру ерекшеліктері мен құрылысын түсіну үшін, адамның психикалық әрекет жасаушы негізгі мүшесі - адам миы қалай құрылғанын және адамның әр түрлі кӛріністегі психикалық ӛмірімен қандай қатынаста екенін білу керек.
    Нерв жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейронның әрқайсысының 2 тармағы болады. 1 ұзын тармақты нейрит немесе аксон. 2-шісі қысқа тармақты дендрит деп аталады. Нейронның тармақтала келіп, ӛзара түйінделіп бітетін жері нерв орталығы деп аталады. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегатативтік (ішкі) нерв жүйелерінің ӛнебойына орналасқан. Орталық нерв жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық нерв жүйесіне ми м ен жұлыннан тарайтын әр түрлі шеткі нервтер жатады. Жұлын жуандығы 1см, омыртқа қуысының ішіне орналасқан, ересек адамдарда ұзындығы 45 см ге дейін жетеді. Жұлыннан жан-жаққа 31 жұп нерв талшықтары тарайды. Олардың 1 тобы ортаға тебетін, 2-ші тобы шетке тебетін нерв деп аталады. Жұлын біздің әрекетіміздің орталығы емес, ол қарапайым қозғалыстардың (аяқ қолды керіп созу т.б.) жұмысын басқаратын орталық болып табылады. Орталық нерв жүйесінің 2-ші бӛлігі ми. Оның орташа
    салмағы ересек адамдарда шамамен 1400гр. болады. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми – бәрі қосылып ми бағанасын құрайды.
    Сопақша ми - жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас қорытудың нерв орталықтары бap. Сопақша мидың сырт жағында, формасы ағаштың жапырағына ұқсас мишық орналасқан. Мишық организмнің қозғалысын, оның бірқалыпты жүріс-тұрысын басқарып отырады.
    Адам ӛмірінде ми қабығы негізгі қызметті атқарады. Ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді, кӛптеген анализаторлардан тұрады. Мида кӛру, есту, қозғалыс, иіс, дәм анализаторларының нерв орталықтары бар. Егер, ми салаларына зақым келсе психикаға да зақым келеді. Адамда мидың маңдай бӛлігі жақсы дамыған. Маңдай миға зақым келсе адамның ақыл-ой процесіне зақым келеді. Үлкен мидың сол жақ жарты шарларының тӛменгі маңдай иір қыртысының артқы жағында «Брока кіндігі» орналасқан. Бұл кіндік адамның сӛйлеу орталығын басқарады. Егер бұған зақым келсе адам дауыстап сӛйлей алмайды. Қаншама сӛйлейін десе де тілі икемге келмейді. Орта маңдай ирегінің жоғары жағында жазу кіндігі орналасқан. Оған зақым келсе, адам жаза алмайды. Мұндай ауруды аграфия дейді. Ал адамдардың тілі кұрмеліп сӛйлей алмай қалса, оны афазия деп аталады.Мидың тӛбе бӛлігі адамның қимыл әрекетімен байланысты (кеңістікті, уақытты ажырату). Егер, осыған зақым келсе, адам үйреншікті әрекетін қайтадан жасай алмайды. Мұны апракция деп атайды. Мидың желке бӛлігі кӛрумен, самай бӛлігі естумен байланысты. Егер жоғары самай ирегінің алдыңғы жағына зақым келсе, адам музыканы есінде қалдыра алмайды, естіген сӛзін ұқпайды.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   85




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет