1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет9/85
Дата03.10.2023
өлшемі0,82 Mb.
#112868
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85
Байланысты:
1 дәріс Психология пәні, салалары және даму тарихы-emirsaba.org

Салыстырмалы потологиялық зерттеу әдісімен зерттегенде, ақыл-ой әрекеттеріне зақым келген ауру адамдардың психологиясымен дені сау адамның психика дүниесімен салыстыра отырып, олардың арасындағы айырмашылықтарымен ӛзгешеліктерді қарастырады. Мысалы, сӛйлеуге зақым келуін (афазия) қимыл әрекеттеріне зақым келуін (апракция), естің алжып, бәсеңдеп бұзылуын (амнезия) т.б. қалыптағы психикалық әрекеттермен салыстыра талдаудың ғылыми мәні зор. Физиология мен психопотологияда, медецинада бұл әдіс ӛте кең қолданылады. Онда хайуанаттар миының түрлі жүйесіларын бұзып, оның нәтижесінен пайда болатын психикалық әрекеттің зақымдану ӛзгешеліктерін зерттеу үлкен орын алады.

Психологиялық тестілер. Тест әдісі балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, не жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жӛнінен мағлұмат алуға кӛмектеседі. Мұндай салыстырулар алдын ала белгіленген жас белгілеріне қарай жүргізіледі. Тест арқылы, бала ӛз жасы.а қарағанда дұрыс дамыған ба, не оның дамуында ӛз кезеңінен ауытқушылық (жоғары, тӛмен) бар ма деген сауалдарға жауап алынады. Тесті толық орындауы мүмкін болатындай етіп іріктеу қажет.
Тест тапсырмаларын іріктеуге ғылыми тұрғыдан караудың маңызы зор, ӛйтпеген жағдайда, оның қорытындылары бала ақыл-ойының дамуын бұрмалап кӛрсетуі мүмкін. Тест баланың мектептегі оқуға әзірлігін, сондай-ақ психикалық дамуы кешеуілдеп қалғандардың ерекшеліктерін талдап білуде кӛмек кӛрсете алады. Тест деген ағылшын сӛзі "сынақ" деген мағынаны білдіреді. Бұл ұғымды американдық ғалым Дж.Кэттел ӛткен ғасырдың аяғында енгізді. А.Бине мен Т.Симонмен бірге балалардың ақыл ойының дамуын анықтау үшін ӛз жүйесін жасаған кезден бастап тестілер тәжірибелік мағынаға ие болып кең тарала бастады. Тест дегеніміз - күрделі техникалық құралдарды қажет етпейтін стандартты, қысқа сынақ.
Осындай қосалқы әдістердің қатарына биографиялық әдіс адамның іс- әрекетінің нәтижесін талдау (яғни түрлі күнделік, естелік, хаттар, шығарма, мазмұндама, диктант, сын жұмыстарымен түрлі формадағы шығармашылық жұмыстарды талдау), ӛмірбаян (яғни зерттелүшінің туған күнінен бастап есейген шағына дейінгі даму жолын зерттеу, оның ӛмірбаяны, естелік, мінездемелерін талдау жатады.

Коррекциялық әдістер. Қазіргі кезеңдегі психология әр түрлі жолдар арқылы адамның практикалық әрекетіне ықпал етеді. Психологиялық кӛмек, обьективтілік бар жағдайда ғана емеc, сондай-ақ субъективтілік сәтсіздіктерді уайымдау жағдайларыида да кӛбірек кӛрсетіледі және тиімді болады.
Мұндай жағдайларда, психологиялық кӛмек қандай түрде жасалса да, ол жалпы сипатымен - ӛз бағытының жекелігімен ерекшеленеді және кӛмек сұраушының тұлғасына - оның сезіміне, уайымына, кӛзқарасына, әлем кӛрінісіне, айналасындағылармен қарым-қатынасының құрылымына терең үңілуіне негізделеді. Бұл үңілу, арнайы психодиагностикалық әдістерді қажет етеді. Алайда, психодиагностика ӛздігінен мағынасыз, оның мәліметтері баланың ӛміріне немесе дамуына ыңғайлы жағдайлар жасау үшін, психологқа тұтынушымен немесе баламен ары қарайғы жұмыс бағдарламасын анықтауға
мүмкіндік беру үшін қажет. Осы жерде психолог жұмысының коррекциялық әдістері туралы айту керек.

Аутотренинг. Аутогендік жаттығулар әдісінің пайда болуы және енгізілуі неміс психотерапевті И.Г. Шульцтің атымен байланысты. Аутогендік жаттығу - психогигиена мен психопрофилактиканың, сондай-ақ тӛтенше жағдайдағы адам күйін басқарудың әрекетті амалы. Бұл әдістің танымалдылығы ӛмір жылдамдылығына, адамның нерв жүйесіне түсетін жүктеулердің артуына байланысты болады.
Аутогендік жаттығуларда нерв жүйесінің жағдайына ықпал етудің үш негізгі жолы қолданылатыны жайлы белгілі психотерапевт Л.Л. Примак жазды. Бірінші жол қаңқаның бұлшық еттері мен демалу тонусының орталық нерв жүйесіне әсер ету ерекшеліктерімен байланысты. Нерв жүйесі мен тонус арасындағы байланыс бұлшық еттердің тонусын саналы ӛзгерту арқылы психикалық белсенділік деңгейіне ықпал етуіне мүмкіндік береді. Адамның сергектік күйі әрқашанда бұлшық еттің жоғары тонусын қалыпты түрде ұстап тұруымен байланысты болады. Әрекеттің күшеюіне байланысты тонус та кӛтеріледі. Бұл маңызды физиологиялық заңдылық аутогендік жаттығулардың барлық жүйесінің негізіне жатады. Аутотренингті меңгеру үшін дененің бұлшық еттерін толық босатуды алдын ала үйрену керек.
Нерв жүйесіне ықпал етудің екінші жолы сезім бейнелері мен елестетуді пайдаланумен байланысты болады. Сезім бейнесі - бұл адам денсаулығы мен психикалық күйіне ықпал етуші белсенді құрал.
Ағзаның психофизиологиялық функцияларына ықпал етудің үшінші жолы айтылып қана қоймай, сондай-ақ ойдағы сӛздің реттеуші және бағдарламалаушы рӛлімен байланысты болады. Ішкі сӛздің бұл қасиеті жаттығулардың тиімділігін арттыру, жарыс кезінде ішкі резервтерді жинақтау үшін спортта ертеден қолданылады.
Қиын жағдай туған кезде, ауытқыған функциялардың орнын толықтыру үшін, нерв жүйесі тұрақты адам ағзасы бұл резервтерді ӛздігінен белсенді қозғалтады. Алайда, кӛптеген жағдайларда бұл болмайды, ӛйткені адам ӛзінің нерв жүйесінің зор мүмкіншіліктерін білмейді. Аутотренинг жаттығулары адамның резервтік мүмкіншіліктерініи ӛсуіне ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар мидың бағдарланалаушы механизмдерінің қызметін тұрақты жетілдіріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет