1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Психика мен нерв жүйесінің рефлекстік табиғаты



бет12/85
Дата03.10.2023
өлшемі0,82 Mb.
#112868
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   85
Байланысты:
1 дәріс Психология пәні, салалары және даму тарихы-emirsaba.org

Психика мен нерв жүйесінің рефлекстік табиғаты.

Адам анатомиясын зерттейтін шынайылықты сынаушылар мен дәрігерлер ертеде-ақ психикалық құбылыстардың ми қызметімен байланыста болатыны туралы болжам айтқан және психикалық ауруларды - ми қызметінің бұзылуының нәтижесі деп қарастырған. Зақымдалу, жаралану немесе аурулар салдарынан болатан бас миындағы ӛзгерістері бар ауру адамдарды бақылау бұл кӛзқарастар сүйенетін тіректер болды. Мұндай ауру адамдарда кӛру, есту, ойлау, еске сақтау, және сӛйлеу қабілеттерінің зақымдалып, қозғалысының бұзылуы және т.б. сияқты психикалық әрекеттің кенеттен ауытқуы байқалатыны мәлім. Алайда, психикалық әрекет пен ми қызметінің байланысын анықтау - психиканың ғылыми зерттеуі жолындағы алғашқы қадамы ғана болды. Бұл айғақтар психикалық әрекет негізіне жататын физиологиялық механизмдерге әлі де түсінік бермейді.


Ағзаға әсер етуші тітіркендіргіштер мен ағзаның жауап қайтару реакцияларының арасыңда уақытша байланыстар пайда болады. Бұлардың пайда болуы - бас миы қабығының басты қызметі болып табылады. Ми әрекеті түріндегі кез келген психикалық әрекет үшін нервінің уақытша байланысы болып – негізгі физиологиялық механизм саналады. Кез келген психикалық процес миға тітіркендіргіштер әсер етпесе ӛздігінен пайда болуы мүмкін емес. Кез келген психикалық процестің және кез келген уақытша байланыстың соңғы нәтижесі - сыртқы әсерге жауап ретінде іштен шығатын әрекет. Бұл жағдайлардың барлығы объективтік ақиқаттың бейнеленуінің механизмін
айқындайды. Сонымен жоғарғы нерв әрекеті туралы ілім психикалық құбылыстарды материалдық тұрғыдан түсінудің табиғи-ғылыми іргетасы болды.
Ағзаның психикалық әрекеті кӛптеген арнайы дене құрылымдарының кӛмегімен жүзеге асырылады. Олардың біреулері - әсерлерді қабылдайды, ал екіншілері - оларды сигналдарға түрлендіреді, Мінез-құлықтың жобаларын жасап және оларды қадағалайды, үшіншілері - бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді. Бұл барлық күрделі жұмыстар ортада ӛзін белсенді ұстауға мүмкіндік береді.
Барлық психикалық әрекеттердің рефлекторлық табиғатын табиғи- ғылыми жасаудағы және негіздеудегі орыс физиологтары - И.М.Сеченовтың және И.П.Павловтың еңбегі зор. И. М. Сеченов ӛзінің атақты "Бас миының рефлекстері" деген еңбегінде рефлекторлық принципті бас миының барлық қызметіне тарата отырып, осылайша адамның барлық психикалық әрекеттеріне таратты. Ол "саналы және санадан тыс ӛмірдің барлық актілері ӛздерінің шығу тегі бойынша рефлекстің мәні" деп кӛрсетті. Бұл психиканы рефлекторлық тұрғыдан түсінудің алғашқы ұмтылысы болды. И.М.Сеченов бас миының рефлекстерін толық талдай отырып, олардағы үш басты қатарды атап кӛрсетті: бастапқы қатар - оның сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргішті миға беретін нервні қоздырғыш процесіне айналдыруы; ортаңғы қатар - мида қоздырғыш және тежегіш процестерінің және осының салдарынан психикалық күйлердің (сезімдердің, ойлардың, сезінулердің және т.б.) пайда болуы; соңғы қатар - сыртқы қозғалыс. Осымен бірге И. М. Сеченов рефлекстің ортаңғы қатары ӛзінің психикалық элементтімен бірге оның табиғи бастауы мен соңы болып табылатын қалған екі қатардан (сыртқы тітіркендірі іш пен жауап қайтару әрекетінен) оқшаулануы мүмкін емес, сондықтан барлық психикалық құбылыстар - жалпы рефлекторлық процестің бӛлігі, - деп санайды. Рефлекстің барлық қатарлары арасындағы үздіксіз байланыстар туралы И. М.Сеченовтың тұжырымы психикалық әрекетті ғылыми түсіну үшін маңызды. Психикалық әрекет сыртқы ықпалдардан, адамның әрекеттерінен бӛлек қаралуы мүмкін емес. Ол тек субъективтік уайым ғана бола алмайды: егер бұлай болатын болса, онда психикалық құбылыстар ешқандай шынайы ӛмірлік мағынаға ие болмас еді.
И. М. Сеченов психикалық құбылыстарды қалыпты талдай отырып, олардың барлығы біртұтас рефлекторлық актіге, қоршаған ортаның ықпалына, адамның бас миы басқаратын ағзаның біртұтас реакциясына енетінін атап кӛрсетті. Психикалық әрекеттің рефлекторлық принципі И. М. Сеченовқа адамның барлық әрекеттері мен қылықтары сыртқы әсерлер салдарынан болатыны жайында, детерминациялану жайлы психология ғылымы үшін маңызды қорытындыны жасауға мүмкіндік берді. Ол былай деп жазды: "Кез- келген қылықтың бастапқы себебі әрқашанда сыртқы сезімтал қоздырғышта болады, ӛйткені онсыз ешқандай ойдың болуы мүмкін емес". Сонымен бірге И.М.Сеченов сыртқы жағдайлардың әрекеттерін жай ғана түсінуге қарсы ескертулер айтты. Мұнда сыртқы әсерлердің болуы ғана емес, сондай-ақ адамның басынан ӛткен барлық әсерлердің жиынтығы да, оның ӛткен
тәжірибесінің барлығы да маңызды болатынын И.М.Сеченов бірнеше рет кӛрсеткен. Сонымен, И.М.Сеченов рефлекстің ми қатарын, оның табиғи бастауы (сезім мүшелеріне әсер етуден) мен соңынан (жауап қайтару қозғалысынан) оқшаулап қарау дұрыс емес екендігін кӛрсетті.
И.П.Павловтың еңбектері мен оның мектебінде әрекеттің рефлекторлық принципі ӛзінің дамуына және эксперименттік негізіне ие болды. И.П.Павлов пен И.М.Сеченовтың психикалық әрекетті мидың рефлекторлық әрекеті түрінде түсінуінің дұрыстығын дәлелдеді, оның негізгі физиологиялық заңдарын ашты ғылымның жаңа саласын - шартты рефлекстер туралы ілім жоғарғы нерв әрекетінің физиологиясын қалыптастырды. Бұл физиологиялық процестер ми қабығындағы шартты рефлекстердің жасалуында, сондай-ақ мидың тӛменгі бӛліктерінде шартсыз рефлекстердің жасалу кезінде де үнемі кӛрініп отырады.
Қозу – әр түрлі тітіркендіргіштердің әсері нәтижесінде нерв жүйесінің қызмет жасап тұрған белсенді күй болса, тежелу, керісінше, нерв жүйесін тыныштандыратын процесс больш табылады. Қозу және тежелу процестері ғылымда Сеченов пен Павловқа дейін де мәлім болған, оның кейбір зандылықтары да зерттелген. И.М.Сеченовтің мидың тежелуі жӛнінде пікірлеріне сүйене отырып, И.П.Павлов онда қозумен қосарласа тежелу процесі болып отыратындығын, мида бірыңғай қозу мен бірыңғай тежелудің болуы мүмкін еместігін, бұл нерв процестерінің жұмысы организмнің бүкіл ӛмірінің барысында үздіксіз болып отыратындығын делелдеді. Мұны мына мысалдан-ақ жақсы байқауға болады. Егер адам бір нәрсеге қатты зейін қойса, онда айналасындағы заттарға қарамайды, ӛйткені кітапқа қадалған кезде мидың алабы қозу жағдайында болады да, қалған алаптары тежелуге ұшырайды. Қозу мен тежелудің осындай жұмысын кӛрсететін мысалдарды кӛптеп келтіре беруге болады.
И.П.Павлов шартты рефлекстердің табиғатын зерттеу үстінде тежелулердің бірнеше түрін анықтады. Ол тежелуді сыртқы - шартсыз (яғни, туғаннан пайда болатын) және ішкі - шартты (ӛмірде жасалып отыратын) деп екі үлкен топқа бӛлді.
Сыртқы тежелудің ӛзі бірнешеге бӛлінеді. Соның бірі -жай тежелу. Егер шартты рефлекс жасалып жаткан бӛлмеге жаңадан бір тітіркендіргіш қосылса (мәселен, бӛлмеге бӛтен кісінің кіруі), ит сілекей бӛлуді тоқтатады, яғни жаңа тітіркендірііш шартты рефлекстің пайда болуына бӛгет жасап, оны тежеп тастайды.
Тежелудің бір түрі организмнің ӛмірі үшін аса маңызды Егер, организм сыртқы дүниедегі сан алуан тітіркендіргіштеді сезе алмаса, ол жауынан қорғана да, тамағын тауып жей де алмас еді.
Сырткы тежелудің екінші түрі - шектен тыс тежелу. Ми қабығының жұмыс істеу қабілетінің белгілі шегі бар. Егер миға үнемі күшті тітіркендіргіштер әсер ете беретін болса, нерв клеткаларының тәртіппен біркелкі жұмыс істеуіне нұқсан келуі мүмкін. Мидың шаршаған кезінде пайда болып, оны апаттан сақтап қалатын тежелудің осыңдай түрін кейде қорғаныс тежелуі деп те атайды.
Ішкі тежелудің де бірнеше түрі бар. Солардың бірі - сӛне тежелу. Егер шартты тітіркеңдіргіш (мысалы, қоңырау), бірнеше рет беріліп, бірақ шартсыз тітіркендіргішпен (тамақ) нығайтылмаса, онда шартты рефлекс жасалынбай сӛне бастайды, яғни байланыс уақытша тежеледі. Біраздан кейін тағы да қоңырау соғылса, шартты рефлекс те қайтадан пайда болады. Бұл шартты байланыстың бұзылмағандығын, тек уакытша тежелгенін кӛрсетеді. Мұндай тежелулсрдің пайдасы организмге бір жағдайда қажетсіз болған рефлекстерді уақытша ӛшіріп отыратындығында.
Ішкі тежелудің бір түрі - ажырату (дифференциациялық) тежелуі. Бұл организмнің түрлі заттар мсн құбылыстардың арасындағы ұқсастықтарды айыра білу қабілетін кӛрсетеді. Мысалы, итке шартты рефлекс жасауда метроном арқылы 96 per тамақ бермей, әр 100 соққанда ғана тамақ беріп отырса, кейіннен сілекей тек метроном 100 рет соққаңда ғана шыға бастайтын болады. Тежелудің осы түрінің организмнің тіршілігі үшін маңызы айтарлықтай. Осындай тежелулердің жәрдемімен организм бір-біріне ӛте ұқсас тітіркендіргіштерді де тез ажырата алады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет