Әлеуметтік психологиялық тренинг әдістері екі үлкен салаға бӛлінеді:
топтық пікір сайыс және
ойындар. Топтық пікір-сайыс әдісі кӛбінесе
белгілі
бір жағдайларды, топтың ӛзін-ӛзі талдау түрінде пайдаланылады. Әлеуметтік
психологиялық тренингтің ойын әдістерінің ішіндегі рӛлдік ойындар әдісі кең
таралған. Аталған әдістердің әр біреуі жеке қолданылуы мүмкін, бірақ олар
кӛбінесе, бірнеше әдістер жиынтықтары енетін
кешендік бағдарламалардың
құрамдық бӛлігі болады.
Түрлі психикалық құбылыстардың кұрылымын функциялар мен
параметрлерді шамамен жорамалдауда, эксперименттік материалдарды
талдауда, модельдерді құрастыруда факторлық талдау деп аталатын
математикалық-статистикалық әдіс қолданылады.
Математика қазіргі кезде
кӛптеген ғылымдардың зерттеу әдістеріне кеңінен еніп отыр. Психологияда
мұны алғаш қолданған ағылшын психологы Ч.Спирмен. Осы әдіспен адам
интеллектісін (ақыл-ой), оның музыкалық, математикалық қимыл-қозғалысы
т.б. қабілеттерінің белгілі шамасын белгілеуге болады. Мәселен,
осы әдісті
психологтар адамның жоғары нерв қызметі қасиеттерінің құрылымын
(Б.М.Теплов,
В.Д.Небылицын)
зерттеуде
пайдаланды.
Күрделі
корреляцияларды
факторлық
талдауға
салу,
электрондық
ӛлшеуіш
машиналарының (ЭВМ) кӛмегіне де сүйенеді.
Достарыңызбен бөлісу: