бала іс-әрекетті алғаш меңгере бастаған кезенде немесе кей жағдайда, белгілі
бір қызметпен жүйелі түрде айналыса қоймаған ересек адамдардан байқалатын
психо-физиологиялық қасиеттер деп қарайды. Бұл, мәселен, заттардың түстерін
жақсы
ажырата алу, кӛру есі, музыкалық есту т.б. нышан әрекет үстінде
байқалады. Мәселен, біреуге музыка, енді біреуге сурет ӛнері күшті әсер етеді.
Бірақ бұл әлі де аздау. Жоғары сенсорлық-моторлық сапалар мен бейімділік
сәйкес келетін салаларда болған күш сынаудың шешуші мәні бар.
Былайша айтқанда, нышанды әлі дами қоймаған, бірақ іс-әрекетте алғаш
сынаудан-ақ кӛрініс беретін - қабілеттің бастапқы табиғи негізі деп білуіміз
керек. Н.С.Преображенская мен С.А.Саркисовтың зерттеулері адамның ми
қыртысының үлкен жарты шарындағы жасушалардың орналасуында
айтарлықтай дара айырмашылықтар болатынын дәлелдеді.
Сондай-ақ ми
жасушалары қабаттарының құрылымында дара айырмашылықтар болатындығы
бұлардың ми қызметіне, атап айтқанда, қабілеттердің кӛрініс беруіне қатысы
болатындығы аталып ӛтілді.
Бейімділік. Бейімділік - туа бастаған қабілеттің ең алғашқы белгісі,
симптомы. Бейімділік баланың (не ересек адамның) іс-әрекеттің белгілі түріне
(сурет, музыка) ұмтылысынан кӛрінеді. Шынайы бейімділік болған жағдайда
әрекетке
деген зор ынталылық қана емес, шеберлікті шапшаң игеру, елеулі
нәтижелерге жету байқалады. Жалған немесе алдамшы бейімділік бір нәрсеге
үстірт жай таңдана қараудан немесе беріле әрекет еткенмен, орташа ғана
нәтижеге қол жететіндіктен байқалады. Сӛйтіп қабілет
- адамның табиғи және
жүре пайда болтын қасиеттерінің сомдалып құйылуы. Бірақ табиғи қасиеттер
тума болғанымен еңбек үрдісінде, тәрбие жағдайында ӛңделіп, дамып жетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: