Психолог П.Я.Гальперин ӛзінің "Ақыл-ой әрекетінін сатылап қалыптасу"
теориясында бала мәселені шешу үшін алдымен сыртқы материалдық әрекеттерді
(затты ұстап кӛру, тұрқын, кӛлемін ажырату, шамамен ӛлшеу, т.б.) пайдаланады,
сосын оның бейнесін елестетеді. Содан соң дауыстап және іштен айта алатын
болады, сӛйтіп сыртқы заттық әрекеті біртіндеп ішкі ой әрекетіне айналады дейді.
Оқу әрекетінің ӛзіне тән мотивтері (себептері) болады.
Тәрбиеші, не оқитын
адамның ӛзіне осы мотивтерді білу оның әрекетінің мақсатын дұрыс анықтау үшін
аса қажет. Баланың жасы ӛскен сайын психикасы да ӛсетіндіктен, оның оқуға деген
қатынасы да (мотивтері) ӛзгеріп отырады. Мәселен, жоғары сынып оқушыларының
оқу мотивтері бастауыш мектептегілерден басқаша болады. Білім игеру үлкен
саналылықты, ӛз бетімен жұмыс істеп үйренуді, ӛз мінез-құлқын меңгеруді керек
етеді. Бала не үшін оқитындығын бар сана сезімімен ұғынғанша, оған оқудағы
формализмнен (мәнін түсінбей құрғақ жаттап алу, ӛмірмен байланыстыра алмау т.б
құтылу қиын болады.
Мектепте оқу процесінде оқу мотиві қалыптасып, ӛзгеріп отырады. Ол тӛменгі
сынып оқушыларындағы қарапайым мотивтен бастап, жоғарғы сынып
оқушыларында парыз сезіміне дейін кӛтеріледі. Алғашқы жылдары балалар үйде
ата-аналары ұрыспауы үшін, жақсы баға алу үшін оқиды.
Орта мектепте пәндерге
саралай карау дамиды. Осыған орай ғылым мәселелерін білуге құмарлық,
жеткіншектің танымдық қажетін қанағаттандырарлықтай білім алу мотиві пайда
болады. Мінез-құлықтық жоғары сатылы реттеушісі болып табылатын парыз бен
арды қалыптастыру, оқу мотивінің сферасына жоғары адамгершіліктік сезімдерді
қосады.
Орта мектепте оқу ісін ұйымдастыру оқушыдан үлкен жауапкершілікті және
оқуға саналылықпен қарауды талап етеді. Сабақтардың пәндер бойынша жүргізілуі
мұғалімнің оқушы үлгерімін бақылау мүмкіншілігін азайтады. Ой
қызметінің
сапасына талап арта түседі. Оқушыдан мұғалімнің айтқандарын, кітаптан
оқығандарын-жай ғана есте сақтаудан гӛрі оны ұғу, ой елегінен ӛткізе білу талап
етіледі. Математикаға физика, химия және басқа пәндер ұғымдар жүйесін, білімдер
жүйесін қалыптастырады.
Еңбек.
Еңбек
жалпы психологиялық емес, әлеуметтік категория. Ол ӛзінің
негізгі қоғамдық заңдылықтары бойынша психологияның емес, қоғамдық
ғылымдардың пәні. Еңбек іс-әрекетінің психологиялық жағының ерекшелігі:
еңбек
ӛзінің объективтік қоғамдық мәні бойынша, қоғамға пайдалы ӛнімді жасауға
бағытталған
іс-әрекет
болып
саналады.
Адамның
қажеттіліктерін
қанағаттандыратын барлық заттарды бір адам ғана ӛндірмейді, сондықтан адамның
іс-әрекетінің мотиві болып оның әрекетінің ӛнімі емес, басқа адамдар іс-әрекетінің
ӛнімі, қоғамдық іс-әрекеттің ӛнімі саналады. Еңбекте еңбек техникасы ғана емес,
адамның еңбекке қатынасы да маңызды болады.
Еңбек дегеніміз - адамдардың материалдық және рухани қажетін
қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы ӛнім ӛндіруге бағытталған іс-әрекет. Еңбек
ӛнімдерін жасауға қатынасу арқылы адам ӛмір сүріп отырған ӛндірістік қатынастар
жүйесіне араласады. Бұл екі фактор еңбек әрекетіне кӛзқарас
пен еңбек мотивін
қалыптастырады.
Еңбекте
адамның қабілеті мен мінез-құлқы жалпы жеке басының қасиеті
ашылып, қалыптасады. Ӛндіріс еңбеккер алдына іске тек творчестволықпен
қарағанда ғана шешуге болатын кӛптеген проблемалық ситуациялар мен міндеттер
қояды. Еңбек ӛнімділігіне әсер ететін жайларды зерттеу - ӛндіріс процесінде адамға
әсер етпейтін факторлардың жоқ екенін кӛрсетті. Бӛлме қабырғаларының түсі,
жұмыс орнын ұйымдастыру, жұмыстағы еңбек ету және үзіліс режимі, еңбектес
жолдастармен қарым-қатынас т.б. осы сияқты факторлардың бәрі еңбек ӛңімділігіне
тікелей әсер етеді. Осының бәрі жиналып адамнын жұмыстағы кӛңіл күйін құрайды,
оның еңбекте күш жұмсауын жеңілдетеді немесе керісінше қиындатады.
Біздің елімізде қол жеткен техникадық процеске орай мұғалім еңбегінің
ерекшеліктері және оның біліміне, икемділігіне, дағдыларына деген талаптар едәуір
ӛзгерді. Бұқаралық коммуникация құралдарының (интеренет, баспасӛз, радио, кино,
теледидар) кең тарауы оқушылардың мектептен
тыс жерде білімнің барлық
саласынан мол хабардар болуына жағдай жасады. Мұғалім қазіргі күні кешеге дейін
болғанындай, оқушыға бірден-бір хабар таратушы. Мұғалім еңбегіне қоятын талап
бұрынғыдан гӛрі жоғарьлай түсті. Ғылымның барлық саласы нақтылы
материалдармен шапшаң толығып жатқан шақта мұғалім ӛз білімін үнемі кӛтеріп
отыруға мәжбүр болады. Оқу және тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарау жас
ұрпақты табысты оқытудың қажетті шартына айналды.
Достарыңызбен бөлісу: