1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы


дәріс: Психология ғылымының зерттеу әдістері Жоспар



бет7/113
Дата06.01.2022
өлшемі248,7 Kb.
#16187
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   113
Байланысты:
Психология китап

дәріс: Психология ғылымының зерттеу әдістері Жоспар:


  1. Психология ғылымындағы зерттеу әдістері туралы түсінік
  2. Негізгі зерттеу әдістері


  3. Қосалқы зерттеу әдістері



    1. Психология ғылымындағы зерттеу әдістері туралы түсінік


Жаңа әрі тың фактілермен үнемі толықтырылып отырмаса, ғылым дами алмайды. Фактілер жинау үшін ғылыми негізделген әдістерді пайдаланғанда ғана ғылым дұрыс және табысты дамуы мүмкін. Сондықтан ғылым дамып, қоғамның даму деңгейінен қалыспай отыруы үшін, зерттеу әдістерін қолданып, сол пәннің мазмұнын байытып, кеңейтіп, жаңа табыстарға жетіп отыруы керек.

Психология, кез-келген ғылым сияқты, әр түрлі әдістердің біртұтас жүйесін қолданады. Психология әдістерінің тӛрт түрлі тобын атап кӛрсетейік.



  1. Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс-әрекеті бойынша әр түрлі топтарды салыстыру); лонгитюдтік әдіс (бір адамдарды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу), кешендік әдіс (зерттеуге әр түрлі ғылым ӛкілдері қатынасады, бір объектіні әр түрлі амалдар арқылы зерттейді).

  2. Эмпирикалық әдістер. Оған байқау, эксперименттік әдістер (табиғи, және лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұхбат); іс-әрекет нәтижелерін талдау; биографиялық әдістер енеді.

  3. Мәліметтерді ӛңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бӛлу, талдау).

  4. Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет