1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы


дәріс: Зейін Жоспар: Зейін туралы ұғым Зейіннің түрлері



бет40/113
Дата06.01.2022
өлшемі248,7 Kb.
#16187
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   113
Байланысты:
Психология китап

дәріс: Зейін Жоспар:


  1. Зейін туралы ұғым
  2. Зейіннің түрлері


  3. Зейіннің қасиеттері



  1. Зейін туралы ұғым.


Психикалық құбылыстардың ішінде зейіннің алатын орны ерекше. Ол дербес психикалық процесс болып табылмайды. Сӛйтсе де ол әрқашан адамның іс-әрекетіне, таным процесіне қатысады.

Зейін – психологиялық феномен, ол туралы пікірталастар, ғасырлар бойы жалғасып келеді. Ғалымдардың бірқатары «зейін тәуелсіз процес ретінде ӛмір сүре алмайды, ол тек қана кез келген психикалық процестің немесе адам іс- әрекетінің бір жағы ретінде кӛріну» деп тұжырымдайды. Басқалары зейінді тәуелсіз процес, ӛзінің ерекшелігі бар, олар анатомиялық және физиологиялық ӛзін басқаратын құрылымына сүйеніп басқа таным процестерінің міндетін атқаруын, динамикасын және психикалық ахуалдың ерекшеліктерін қарастырғанда маңызы бар екенін айтады. Зейін – сезім мүшелері арқылы бір ақпаратты іріктейтін, басқаларды елемейтін (саналы немесе санасыз) процес.

Зейін деп - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын кӛрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бӛліп алып, соган психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысалы, оқушы математикадан есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы кӛрінеді (бала кӛзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б.) Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға кӛшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы кӛріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне ӛз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бӛліп отырады.Осындай түрлі кезеңдере бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-кӛпті тұрақтап отырғанын кӛруге болады.

Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К. Д. Ушинский зейіннің маңызын былайша кӛрсеткен еді. «Зейін адам санасынан қорытылып ӛтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сӛзі соқпай ете алмайды, егер де ол соқпай ӛтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды».

Зейінсіз айналадағы нәрсені қабылдау, түйсіну мүмкін емес. Ӛйткені адам ӛз ӛмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жӛнінде ойлайды. Ал зейін болса, ӛз алдына бұлардан дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, санадағы ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бӛліп жіберуге себепші болады. Мәселен, бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал кӛрші кластан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін тӛмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.

Зейіннің физиологиялық механизмі ӛте күрделі. Оның негізі - нерв жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі. Сезгіш дегеніміз - ми қабығының тӛменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар деп аталатын анатомиялық және функционалдық ерекшелік. Ретикулярлық формацияның ӛрлеуші, тӛмендеуші дейтін екі түрі бар. Ол бір импульстерді сиретіп тежеп, екіншілерін күшейтіп, ми қабығына талғап жеткізіп отырады. Осының нәтижесінде сананың айқындығы реттеледі. Ми алаптары жұмысының реттеліп (қозьп, тежеліп) тұруы нәтижесінде әр қилы психикалық әрекет жүзеге асады.

Әр түрлі импульстер жоғарыдан (ми қабығынан) тӛменгі ми алаптарына (ми бағанасы т.б.) келіп, оларды ӛзіне бағындырады. Бұл - тӛмендеуші ретикулярлық формация деп аталады. 1958-1960 жж. АҚШ ғалымы Г.Мэгун, Италия ғалымы Моруций импульстардың тӛменнен жоғары ми алаптарына жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алатынын дәлелдеді. Мұны - ӛрлеуші ретикулярлық формация дейді.

Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан нерв процестерінің ӛзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.И. П. Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу прцестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәсерлер туралы ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы).

Физиолог, ғалым А.А.Ухтомский ми қызметінің заңдылықтарын зерттей отырып, доминанта принципі жӛнінде ілім жасады. Сыртқы дүниенің кӛптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға кӛбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған. Доминанта - латынның доминанс деген сӛзі, қазақша үстемдік ету деген мағынада. Бұл принцип бойынша мидағы қозу ошағының белгілі бір алабындағы қозу күшейіп, ӛзге алаптардың қызметіне үстемдік етеді. Сӛйтіп жаңадан пайда болған қозу ошақтарын тежеп қана қоймай, оларды ӛзіне бағындырып, нерв жұмысын күшейте түседі. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін ӛзіне тартып альп отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле оқығанда адамға кейбір бӛгде тітіркендіргіштердің бӛгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Доминанта

принципі зейіннің бір затқа ғана ерекше бағытталып, басқа тітіркендіргіштерді елемей қалатын жағдайын түсінуге мүмкіндік береді. Зейіннің шоғырлануын адамның белгілі бір іске ықылас-ынтасымен берілгендігінен кӛруге болады. Зейінділік сондай-ақ адамның сырт пішінінен де байқалады. Мысалы, адам бір нәрсеге зейін салғанда қимыл-қозғалыс тежеліп, сезім мүшелерінің бәрі сол нәрсеге қарай бағытталады.

А.А.Ухтомский ӛзіне дейінгі ашылған нерв орталықтарының жұмыс принциптері рефлекторлық реакция орталықтары ара қатынасының үйлестік маңыздылығын түсіндіре алмайтындығын айтты, себебі олардың мазмұнында реакцияның таңбалық бағасы, яғни таңбалы процесті бейнелейтін жүйенің тарихының жоқтығы. Ағзаның жұмыс қабілетін нақ сол таңбалы реакциялар жоғары және тұрақты қамтиды: жаттыгулар, белсенді демалыс, ойлау, шығармашылық әрекет содан кӛрінеді. Осы айтылған доминанта ілімінің аумағы ешқандай авторлардың назарында болмаған, ал А.А.Ухтомский құрған еңбек физиологиясы лабораториясында осы мәселе тәжірибе жүзінде және теориялық тұрғыда дамытылып келді. Ол доминантаны жалпы маңызы бар жұмыс принципі ретінде қарастырды. Соның нәтижесінде доминанта жүйесін қарастырушы фактор ретінде А.А.Ухтомскийге кӛптеген күрделі сұрақтарды: мидың интеграциясын және тұтастығын ғана емес, қылықты да, жеке адамның рухани ӛмірінде, жалпы адамзатты тұтастай - психология және социология денгейінде шешуге кӛмектесті. Осы айтылғандар А.А.Ухтомскийдің жекелік сапасында ӛзінің зерттеулерімен қызығушылықтарын жалпы адамзат міндетімен ұштастыратынын дәлелдейді.

А.А.Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И. П. Павловтың "Қозудың оптимальдық алабы" дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі. И.П.Павловтың оптимальдық кӛзу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан ӛте жақсы түсіндіреді.

А.А.Ухтомский доминантаның психологиясы мен физиологиясының ара қатынасын тӛмендегіше түсінді: бір жағынан сана ӛз әрекетін кортикалдық доминанта негізінде орындайды, ал басқа жағынан сананың жемісті жұмысын қамтитын рецепциялардың, әсерлердің бағыттылығын, сипатын ӛңдейтін доминанталарды тәрбиелейді. Доминанта - орталықтар арасындағы теңдіктің бұзылуын кӛрсетеді. Ол ӛзінің бағыттылығымен ағзаны жаңа мүмкіндіктермен толықтырады.

Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды, ӛйткені онда әр уақытта қозу пайда болатындай жағымды «оптимальдық жағдай» жасалып отырады. Оптимальдық қозуы бар осы алап - ми қабығының творчестволық бӛлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл жӛнінде И. П. Павлов былай дейді: «Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптимальдық қозу пайда болатын жері жаркылдап кӛрінсе, біз ойлап отырған саналы адамньгң ми сыңарларында формасы және шамасы ӛне бойы ӛзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуле дағын кӛрер едік, бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды-кӛпті қара кӛлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар

еді». Ұлы физиолог оптимальдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының ӛзі зейін бағытының да ӛзгеріп отыруы деп түсіндірді. Мидағы тежелулердің бірінен екінші сапқа түсуі, біреулерінің күшейіп, алдыңғы сапқа шығуы осы оптимальдық қозу алабының жұмысы болады. Оптимальдық қозуы бар алап (ӛзара индукция заңы) мидың баска бӛліктеріндегі тежелуді күшейтеді.

Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған объектілерді байқамайтын болады. Оптимальдық қозу алабын екінші сигнал жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сӛздік сигналдар ми қабығындағы осындай алаптардың бір-біріне ауысуын тездетіп отыратындығын, сайып келгенде, психикалық әрекеттің талғамалы сипатта болатынын жақсы кӛрсетеді.

Бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейпінен де (дененің, бастың, кӛздің түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу т. б.) жақсы кӛрінеді. Бірақ бір қарағанда зейін анық байқала да қоймайды. Ӛйткені, осы айтылғанға біршама ұқсас сыртқы кӛріністерді ӛмірде жиі кездестіруге болады. Сондықтан да, кейбір мұғалімдер сыныптағы оқушылардың кескініне карап, бір дегеннен баланың сабаққа қаншалықты зейінді, не зейінсіз отырғанын ажырата алмайды. Бұл, әсіресе, тәжірибесі аз жас мұғалімдерде жиі кездеседі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет