1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



бет9/113
Дата06.01.2022
өлшемі248,7 Kb.
#16187
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   113
Байланысты:
Психология китап

Эмпирикалық әдістер. Бұл әдістер тобы негізгі әдістер болып саналады.

Байқау әдісі.

Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінүшінің мимикасын (бет құбылысын), сӛз реакцияларын, түрлі қимыл-қозғалыстарын, мінез-құлқының жекелеген жақтарын байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері мен темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегі оқушының ойлау және сӛйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының әрбір сабақ үстіндегі жеке сӛздері мен сӛйлемдерін стенографиялап, күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да, тиісті қорытынды шығарады.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кейде қарапайым аспаптар да қолданылады. Мәселен, зерттелетін объектіні суретке түсіру үшін - фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сӛз тіркестерін жазып алып, кейін оны қайтадан жанғырту үшін магнитофон, диктофон т.б. пайдаланылады.

Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:



  1. Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің ӛзі бірнеше рет қайталанып зерттелуін қамтамасыз ету;

  2. Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелінүшінің сӛз реакцияларын стенографиялау; кейін оған мұқият талдау жасау; мұндағы басты фактілерді іріктеп алу - осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі.

Сан рет жүргізілген байқаудың нәтижесіне байланысты (егер байқауға студент алынған болса) ұстазбен бірлесе отырып, студенттің оқу әрекетін одан ары жаксарту үшін нақтылы шаралар белгіленеді.

Бұл әдіс адамдардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуде жиі қолданылады. Байқау әдісінің кейбір кемшілікгері де бар. Біріншіден, зерттеуші мұнда ӛзіне керек құбылыстарды әп сәтте зерттей алмайды да, кӛп уақыт жіберіп алады, екіншіден, байқауды әр уақытта ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады. Бұл әртүрлі кездейсоқ объективтік жағдай(байқауға алынған оқушының сабаққа келмей қалуы) субьективтік жағдай (бақылаудың қиынға соғуы, зерттеушіде бақылағыштық қасиеттің жоқтығы т.б.) себептердің кездесетіндігіне байланысты. Мысалы: Біз екі баланың ойынын байқайтын болсақ, күнде сол балалар ойнайтын жерге берып, олардың ойындарын байқап, мұны қағаздарға жазып отырамыз. Олардың ойнайтын, әрекет ететін жағдайлары қандай болса, бізде сол жағдайларға байқау жүргіземіз. Егер сол балалар күндегі ойнайтын жеріне, күнде келіп тұрмай, бірінші күні бір жерде басқа күнде басқа жерге баратын болса, байқауды жүргізу үшін бізде олардың артынан баруымыз керек, күнде ойнайтын балалардың саны да ӛзгеріп отыруы мүмкін.Осы айтылғандарға қарай бұл әдістің ғылыми деректері кейде кӛмірек болады.

Байқауды жүргізіп болған соң, байқаушы толық психологиялық анализ жасап, байқаудың қорытындысын шығарады, бірақ бұл қорытындыға ӛзіндік пікірін қоспай, байқалған әрекеттердің қорытындысын объективтік түрде шығарғаны жӛн. Міне, осы айтылған шарттарды орындағанда ғана объективтік байқау әдісі ғылыми әдіс бола алады. Байқау әдісінің бірнеше кемшіліктері бар:


  1. Байқаушы адам оны ӛне бойы белсенсіз болады, ӛздігінен байқауды ұйымдастыра алмайды. Байқалатын адамдардың әрекеттеріне қатысып, оларды ӛзгерте алмайды. Байқаушы кӛбінесе байқалатын адамның ықпалында болып, ол қандай әрекет істесе соны ғана байқап, жазып отырады;

  2. Байқау жүргізгенде, әр уақытта байқалатын жағдай бір қалыпта болып келе бермейді. Сол себептен байқаудың нәтижесі әр уақытта әр түрлі болып шығуы мүмкін. Қорытып айтқанда, объективтік байқауды жүргізгенде жағдай бір қалыпты болмайды, сондықтан байқау нәтижесін де бірыңғай толық түрде объективтік болып шықпайды;

  3. Байқаудың нәтижесін қорытқанда, байқаушы адам қорытындыға ӛінің жеке субъективтік пікірлерін қосып жіберуі мүмкін. Байқау жӛнді болу үшін, объективтік байқау жүргізгенде осы кемшіліктерді еске алып, бұлардың басқа әдістер арқылы жойып, объективтік байқау әдісі арқылы алынатын материалдардың кемшіліктерін толықтырып отыру қажет.

Байқау әдісіне қарағанда психикалық құбылыстарды эксперименттік әдіспен зерттеудің біраз артықшылықтары бар. И.П.Павлов: "Байқау табиғаттың ұсынғанын жинайды, ал тәжірибе табиғаттан ӛзінің тілегенін алады",- деп тегін айтпаған.

Эксперимент әдісі. Бұл әдіс бойынша зерттеуге керекті психикалық құбылыстарды түрлі аппараттарды, аспаптарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Экспериментті әдіс арқылы кейбір жеке психикалық

функцияларды даралап және дәл зерттеуге болады.Эксперименттің ӛзі лабораториялық және табиғи болып бӛлінеді. Лабораториялық эксперимент XIX ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін эксперимент кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В.Вундт психикалық құбылыстарды эксперименттік әдіспен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты. Психологтар алғаш рет кӛру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін экспериментті пайдаланды. Сексенінші жылдары ес құбылыстарын зерттеу лабораторияда тұңғыш жүргізіле бастады. Арнаулы әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы т.б. ӛлшенілді. Орыс психологы Н.Ланге эксперимент әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді. Француз психологы А.Бине алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе жасады. Осы зерттеулердің нәтижелері психологтардыи І- ші дүниежүзілік конгресінде (Париж, 1889) талқыланды. XX ғасырдың басында психология ғылымының карамағыңда ондаған лабораториялар болды. Осындай жақсы жабдықталған психологиялық лабораториялардың бірін орыс психологы Г.И.Челпанов ұйымдастырды. Бұрынғы КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясына қарасты психологиялық институтының, (Мәскеу) лабораториялары жоғары техникамен жабдықталған үлкен ғылыми-зерттеу мекемесі болып отыр. Киев, Тбилиси қалаларындағы психология институттарында да осындай лабораториялар бар.

Профессор Н.И.Красногорский балалардың жоғары дәрежелі нерв қызметінің даму жолдарын, ал профессор А.Г.Иванов-Смоленский адамдардың бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қызметін зерттеген.

Психикалық процестерді зерттеуде кӛптеген аспаптар қолданылады. Мысалы, психикалық процестердің пайда болу шапшандығын ӛлшеу үшін - хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін - эстезиометр, зейіннің кӛлемін анықтау үшін - тахистоскоп, есітуді ӛлшеу үшін - аудиометр, денедегі бұлшық еттердің жұмысын тіркеп отыру үшін - эргографты пайдаланады.

Эксперимент әдісі - себеп-салдар байланыстарын қарастыру мақсатындағы зерттеу әрекеті. Оның мәні мынада:


  • зерттеуші зерттелетін құбылысты ӛзі тудырады және оған белсенді ықпал етеді;

  • эксперимент жасаушы құбылыс жағдайларын ӛзгерте алады;

  • эксперимент нәтижелерді бірнеше рет шығаруға мүмкіндік болады;

- эксперимент математикалық формулалар арқылы белгіленетін санды заңдылықтарды орнатады.

Байқау әдісі сияқты эксперименттік әдістің де дұрыс жағдайлары мен бірге бірнеше кемшіліктері де бар. Бұл әдістің жасанды жағдайда жүргізіліп, яғни зерттелетін адамдар, арнайы ұйымдастырылған лабораториялық қабинеттер де зерттелетіндіктен, ол адам ӛзін табиғи жағдайда ұстамайды. Жаңа жағдайдың әсерінен зерттелуші адам біраз қысылып, оның психикалық әрекеттерінде кейбір ӛзгешеліктер пайда болады.

Ресейдің белгілі психологы А.Ф.Лазурский эксперименттік әдістің кемшіліктерін жою мақсатымен оған бірнеше қосымшалар енгізіп, оны табиғи эксперимент әдісі деп атаған. А.Ф. Лазурский байқау әдісімен экспериментік

әдістің дұрыс қолайлы жақтарын бір біріне қосып толықтырған. Бұл әдіс әдейі ұйымдастырылған лабораторияда, қабинеттерде жүргізілмей, табиғи жағдайда жүргізіліп, адам күнделікте жүретін, тұратын, еңбек ететін жағдайында зерттелінеді. Мысалы, балалардың психикалық әрекеттерін зертейтін болсақ, ол балаларда күнделікті үйренген сыныбында немесе бірге оқитын жолдастарының арасында, ойнап жүрген уақытында, үй ішінде, балалар бақшасында зерттеуге болады. Бұл әдіс арқылы адамның жеке-жеке психикалық функцияларын ғана емес, адамның барлық әрекеттерін тұтасмен толығымен зерттеуге мүмкіндік бар. Зерттеу жүргізілерде, кейбір ӛзгешеліктер енгізіп, солар арқылы зерттеуді жүргізуге болады. Мысалы, мұғалім кейбір балалардың суреттерді байқауын сабақ үстінде зерттейтін болса, ерте бастан балаларға кӛрсету үшін арнап, бірнеше суреттер даярлап, күндегі сабағын қалай жүргізсе балаларға зерттеу жүргізетін күні де сабағын бұрынғы күйінде жүргізеді

Жоғарыда айтылған әдістер сияқты табиғи эксперименттік әдістің де бірнеше кемшіліктері де бар: бұл әдіс кӛп қолданылмаған, кӛп зерттелінбеген, теориялық негіздері түгел ашылмаған және бұл әдіс арқылы психологиялық функцияларды эксперимент әдісіндегідей жекелеп, даралап толық түрде зерттеуге мүмкіншілік жоқ. Дегенмен, бұл әдісті эксперименттік әдіспен салыстырғанда кӛп қолайлы жағдайлардың бар екенін кӛрсетуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет