1 Дәріс Психологияға кіріспе Жоспары


Мотивация және белсенді оқыту әдістері - танымдық іс-әрекет арқылы оқытудағы бағалаудың негізі



бет8/40
Дата15.11.2023
өлшемі0,52 Mb.
#123993
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40
Мотивация және белсенді оқыту әдістері - танымдық іс-әрекет арқылы оқытудағы бағалаудың негізі
Оқу мотивтерінің даму мәселесі үнемі психолог-ғалымдарды қатты толғандырып келген жайт. А.Н. Леонтьев, М.И. Божович, Н.Г.Морозова, Л.С.Славиналар өз еңбектеріңде оқу мотивтерінің дамуы туралы зерттеді.
Мектеп оқушылары үшін мотив жәй ғана оқу, бірінші, екінші сынып оқушылары үшін бағаның рөлі жоғарылайды. Алтыншы, жетініші, сыныптарда оқушылар үшін басты мотив - болашақққа дайындық болады.
Оқыту мотивациясы ағарту ісінде: ұйымдастырушы, дамытушы, ынталаңдырушы, бағыттаушы қызмет атқарады.
М. Лорф, Г. Розенфельд /ГДР/ мына пікірді ұсынады: яғни білімді игеру тек қана қабілетті ғана дамытып қоймай, сонымен бірге мотивацияның да өсуіне әкеліп соғады. Мұндағы ескертетін жайт: оқушы меңгеретін оқу материалы олар үшін маңызды, қажетті, ұғынымды деп табылуы керек.
Оқу-танымдық мотивтері оқу әрекеті үшін мейлінше дұрыс болады (А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов).
Ендігі біздің мотивация туралы зерттеу ісіміз оның іс-әрекет арқылы ұйымдасқан түрде эксперименттің ауысып-өзгеруіне қарайғы бағытта қаралатын болады (П.Я. Гальперин, П. Голу, В.Ф. Моргух, Г.С. Абрамова, В.В.Давыдов, В.В.Репкин, А.К. Дусавицкий, Н.Ф. Галызина).
Біздің зерттеуімізде бағалаудың оқу процесінде орындайтын 3 қызметі талданады, оның негізгісі - дамытушылық қызметі, функциясы.
Дамытушы бағалау ісі оқытуда қажетті психологиялық жағдайдың бірі болып табылады. Біздер оны басқа 2 қызметтен айрықша бөліп аламыз: диагностикалық бағалау - процесс немесе әрекеттің бастапқы, түпкі деңгейін анықтайды. Ал, қорытынды түрі - әрекеттің соңғы деңгейін анықтайды. Дамытушы бағалаудың қызметі оқу процесі кезінде ауыспалы жағдайларды басқарып отырудан, мақсатқа, жету әрекетін қамтамасыз етуден, бұл әрекетке бақылау жасаудан және қажет кезінде оқу процесін өзгертуден тұрады.
Сол себепті, осы айрықша мәселелерді тірек ете отырып, біз келесі қорытыңдыға келеміз: оқу-танымдық мотивтерін оқу әрекеті барысында, негізінен оның жеке құрылымының бірі, бағалау арқылы дамытамыз.
Білім берудің жалпы міндеті - оқу-танымдық мотивтерін түрлі бағалау түрлері арқылы дамыту мүмкіндігін айрықша ғылыми. Бұл үшін, келесі жеке міндеттерді шешуге болады.
1.Мектепте бағалау тәжірибесіне бақылау және талдау жүргізілу одан шыққан мәліметтер әдебиеттердегі теориялық және бағалау әдістерінің түрлерімен салыстырылуы міндетті.
2. Бағдарламада қалыптастырушы эксперимент ұйымдастыра отыру, ол үшін соған лайықты, қажетті оқу бағдарламаларын, оқу мотивациясы дейгейін анықтайтын әдіс-тәсілдерді қолдану.
3.Тәжірибелік жағдайларды немесе кезеңдерді ойластырып, онда мотивтердің жемістілігін, қажеттілігін анықтайтын түрлі бағалау түрлері көрініс табатындай болуы тиіс.
4. Соңғы мәселе: осы зерттеу негізінде практикалық нұсқаулар, жоғары, орта оқу орындарының мұғалімдері үшін оқу-танымдық мотвитерін қалыптастыру туралы әдіснамалық нұсқаулар дайындауымыз қажет.
А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, В.В.Давыдовтар зерттеген оқу-танымдық мотивтері оқушылардың өз оқу әрекеттеріндегі нәтижесіне бағдарлануды ғана емес, сонымен бірге осы нәтижеге жетудің әдіс-тәсілдерін меңгеруді де қарастырады. Оқу мотивтерін осылай түсінген жағдайда ғана, бұл мотивтердің іс-әрекетпен тығыз байланысты екенін, іс-әрекеттің заттық-операциялық сипатымен байланыстылығын ұғынуға мүмкіндік береді. Біздің мотивацияны зерттеу ісіміз - мотивацияның логикада эксперименттік ауысуын тек іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы ғана жүзеге асады. (П.Я.Гальперин, В.В. Давыдов, В.В. Репкин, А.К. Дусавицкий, П. Голу, Н.Ф. Талызина, В.Ф. Маргух, А.К. Маркова, Л.К. Золотых, Г.С.Абрамова тб.). Біздер оқу әрекеті мотивациясын дамытушы бағалау типтерінің өзгеру көмегі арқылы генезисін зерттейміз.
Жалпы бағалау дегенде, бүкіл бағалаудың түрлерін, яғни оқу процесінде практикалық, іске асатын бағалау деп түсінеміз. Олар: сөз арқылы бейнеленген мұғалім бағасы, мұғалім бағасының балл арқылы бейнеленуі - баға арқылы, оқушының өз жұмысына өзін-өзі бақылау, өзіне-өзі баға беру арқылы бағалауы т.б. Қазіргі кезде қалыптасқан дамыту бағалауын шешу проблемасындағы басты идеяның мазмұны мынадай: білімді игерудің бірінші кезеңінде балмен сипатталатын мұғалім бағасын қолдану тиімді және сол уақытта белгілі бір шамада мұғалім басқаруымен оқушылардын өзін-өзі бақылауын, өзіне-өзі баға беруін қосу керек. (Ш.А.Амонашвили, Л.В. Занков, В.В. Шаталов, Ф.Ленард).
Нарықтық қатынас заманында еліміздің рухани баюының бас себепкері оқу-ағарту" саласында да көп алаңдаушы мәселелердің көбеюі жұртшылықты таң қалдырмас деп есептейміз.
Себебі өздері екі ойлы жастарымызды білім ордаларында ұстап, білім алуға жетелеп итермелейтін бір-ақ ынталандырушы процесс - бағалау ғана қалады.
Міне, бағалаудың өзектілігі бүгінгі танда бізді де педагогтарды да қатты ойландырып, зерттеуге тура келеді.
1. Психология, яғни бұл ғылым бағалауды оқытудың негізін құрайтын және негізгі оқыту шарты деп қарайды.
2. Педагогика - яғни, мектеп бағасына тәрбиелік, ынталандырушы рөлге, сипатқа ие болу жағын көздейді.
3. Кибернетика, яғни әрбір жүйеде кері байланыс механизмінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетінің болатындығын растайтын ғылым. Мақсатты әрекетке жағдай болып ауыспалы қалыптың тіркелуі және соның негізінде алынған мәліметтер арқылы процесті басқару болып табылады.
Оқытудың мақсаты — баға алу, ұпай жинау емес. Баға қою-сыртқы мотивацияны, сонымен бірге "өзін-өзі бақылау", "өзін-өзі бағалауға" негізделген ұпайлар саны соның ішінде қызыл ұпай-мақтауды не сыйлықты білдірмей, оқыту шарасы, тексеру техникасы, жұмыстың мазмұнын сипаттайтын ішкі мотивация болады.
Психологиялық тұрғыдан, теориялық ойлау мәселесі психикалық құбылыстарды әрекеттік қатынаста окып-меңгеру бағытында зерттелді. Бұл бағыттың негізін С.Л. Рубинштейн, Л.С. Выготскийлер және өте жан-жақты А.Н.Леонтъевтер салды.
Теориялық ойлау-заттардың мәнін бейнелеуге қажетті обьективті шындықты адамның тану тәсілі.
В.В. Давыдовтың жалпы теориясына сәйкес, кіші бастауыш кезең эмпирикалық тәсілден теориялық бағытталу тәсілдеріне көшуімен сипатталады.
Оқушылардың ойлауының дамуын анықтау, даму кезен-дерін және деңгейлерін айқындау - оқыту сапасын арттыруға бақылау жасаудың мәнді формасы болады.
Балалардың интеллектуалды дамуын зерттеген үлгілер көрсеткендей-ақ, оқыту тек қана оқу материалын меңгеруге қажетті психикалық қабілеттердің қалыптасу деңгейіне сәйкес келгенде ғана асуы мүмкін. Мұндай негізгі, түпкілікті қабілеттің бірі ретінде жүйелілікті алуға болады. Бұл жүйелілік 6-10 жастағы балаларды табысты, нәтижелі оқытудағы маңызды психологиялық алғы шарты болып табылады.
И.В.Ривина өз зерттеуінде оқу-танымдық әрекеттің жүйелілік деңгейлерінің үш негізгі түрін анықтайды, бұл осы әрекеттің балада дамуын сипаттайды.
Біріншісі - баланың жүйе құраушы обьект сипаттарының өзара байланысын бөлу қабілетін және бөлінген байланыс негізінде жаңа жүйені құру шеберлігін сипаттайды.
Екінші деңгей - баланың өзара байланысты ескермей әрбір жеке сипатты ерекшелеп бөлуден байқалды. Үшінші деңгей баланың обьектідегі жүйе құраушы сипаттарының ішінен тек қана біреуін ерекшелеп бөлуге байланысты болады.
Оқыту мотивациясының негізгі құрылымдарының бірі-міндеттің шешілуіне бағытталған тәсіл ретіңдегі оқу-танымдық мотивтер болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық мотивтерінің қалыптасуы олардың оқу әрекеттерінің сипатымен анықталады және де ең алдымен балалардың теориялық білімді игеруге бағыттылығымен байланысты болады. (бұл білімдердің мазмұны оқылатыы материалдық мәнді қатынастары, әрі соған байланысты міндеттерді шешудің жалпыланған тәсілдері).
Ал, дәстүрлі оқыту жағдайларында бастауыш оқушыларының оқу-танымдық мотивтерінің қалыптасуы ешқандай жүзеге аспайды: балалар міндетті шешудің жалпыланған тәсілдеріне өте салғырт бағдарланады. Олардың негізгі бағдары ең алдымен бағалармен бағаланатын білімнің меңгерілу нәтижесіне бағытталған. Енді осы балаларда оқыту-танымдық мотивтердің қалыптасуы үшін міндетті түрде ол балаларды жалпыланған әрекет тәсілдерін қалыптастыруға сағыттау қажет. Ол үшін бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеттерінің сипатын, сабақ берудің мазмұны мен әдістерін мәнді тұрпатта өзгерту қажет.
Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық процестерінің бағалануы туралы проблеманы бастамас бұрын, осы аталған жас кезеңіне, қысқаша тоқталып өтуді жөн көрдік.
Мектепке. келісімен-ақ бала, бірте-бірте қоғамдық қатынастар әлеміндегі өзінің орнын саналы сезіне бастайды. Бұл өзін оқыту әрекетінің субьектісі ретінде сезінумен тікелей байланысты.
Жаңа әлеуметтік ортаға түсе отырып бала өзінің, ерекше орнына ие болуға тырысады, өзіне жаңа әлеуметтік рөлді алуға икемделеді, өзі секілділермен қарым-қатынасқа түсуді ойластырады. Мұндағы ең маңызды жайт: бала тек мектеп оқушысының рөлін ғана қабылдап, қоймай оқушының рөлін, бағытын ұстануы тиіс.
3 Дәріс Эмоциялар және эмоционалдық интеллект




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет