ІІ. Сайыс бағдарламасымен таныстыру:
Сайысқа 11 оқушы екі топқа бөлініп қатысады. Сайыс мынадай бөлімдерден тұрады:
1-бөлім: «Бәйге» (сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап беру керек)
1-топқа:
Алманың жартысы неге ұқсайды? (екінші жартысына)
2,5 таяқтың неше ұшы бар? (6 ұшы бар)
100-ді екіден бірге бөлгенде нешеге тең? (200)
“Арифметика” сөзінің мағынасы? (грекше – арифмос, сан деген мағына)
Тік бұрышты үшбұрыш туралы теорема қалай аталады? (Пифагор)
Күн көзі жылына неше рет шығады? (365)
Қандай үш санның көбейтіндісі олардың қосындысына тең? (1,2,3)
Көпбұрыш қабырғаларының қосындысы? (периметр)
Квадраттық функцияның графигі? (парабола)
Үлкен хорда қалай аталады? (диаметр)
2-топқа:
Санның 100-ден 1 бөлігі? (процент)
Бір нүктеден шығатын түзу? (сәуле)
“Математика” сөзінің мағынасы? (матем, грекше ілім, ғылым).
Бір таңбалы санға дәл сондай санды тіркеп жазса неше есе өседі? (11 есе)
Шеңбер бойындағы кез-келген нүктені центрмен қосатын кесінді? (диаметр)
Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрыш жасайтын қабырғалары? (катеттер)
Құрамында белгісізі бар теңдік? (теңдеу)
Натурал санға қандай санды қосқанда келесі сан шығады? (1)
4 қойдың неше аяғы бар? (16)
Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу? (перпендикуляр)
2-бөлім: «Қанатқақты» мақал құрамындағы цифрды тауып мақалды дұрыс орналастыру.
1. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
2.
Бес саусақ жұмылса, жұдырық болады.
3. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді.
4. 30 тістен шыққан сөз, 30 рулы елге тарайды.
Жақсы
|
болмас
|
Қас
|
Дос
|
Жаман
|
ала
|
келеді
|
ауыздағы
|
Төбедегі
|
түгел
|
Саусақ
|
болады
|
Жұмылса
|
|
Жұдырық
|
Тістен
|
тарайды
|
Шыққан
|
Сөз
|
рулы
|
3-бөлім: «Самғау» цифрограмма.
3
|
1
|
23
|
3
|
20
|
16
|
17
|
37
|
24
|
25
|
37
|
19
|
3
|
1
|
24
|
25
|
1
|
17
|
1
|
24
|
37
|
24
|
1
|
18
|
Алфавиттің рет саны бойынша әріптерді тапқанда Пифагордың сандар туралы айтқан тұжырымын оқуға болады. (« Бар болмыстың бастамасы – сан»)
4-бөлім: «Шырқау» тор көздегі тапсырмалармен жұмыс. 6 ұяшық берілген. Әр топ ұяшық таңдау арқылы ондағы логикалық сұрақтарға жауап береді.
1. 1 тонна мұз қыста ауыр бола ма, әлде жазда ауыр бола ма? (бірдей)
2. 2 әкесі, 2 баласы 3 алманы қалай бөліп жейді? (әкесі, баласы, немересі)
3. 3 пар ат 30 км-ге шапса,әр пар ат неше км шабады? (30 км)
4.4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойғанда, 4-тен үлкен, 5-тен кіші сан шығады? (үтір)
5.Сәуледе бір бүтін, екі жарты, төрт ширек алма бар. Сәуледе барлығы неше алма бар? (3)
6. Математикалық таңба ол,
Білімің болса ашасың.
Теріс сан болса астында,
Мағынасы жоқ деп қашасың. (түбір)
5-бөлім: «Шарықтау» топпен жұмыс. Атақты математиктердің портреті берілген. Олардың кім екенін табу керек? Алдымен олар жайлы қысқаша мәлімет беріледі.
1. Бұл ғалым орыс математигі, жазушы әйелдер арасынан тұңғыш шыққан профессор.1850-1891 жылдар аралығында өмір сүрген. 1874 жылы Германияның Геттенген университетінде «философия докторы» атағын алған. Математика ғылымында «Қатты дененің қозғалмайтын нүкте маңайынан айналуы туралы есеп» атты еңбегі бар.