1 Дәріс Психологияға кіріспе Жоспары



бет23/40
Дата15.11.2023
өлшемі0,52 Mb.
#123993
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40
Байланысты:
1 Дәріс Психологияға кіріспе Жоспары-emirsaba.org

Мiнез бiтiстерi.Адамдардың өмiр жолы мен әрекетiнiң сипаты түрлiше болатындықтан, оның мiнез бiтiстерiнде басқа бiреуде қайталанбайтын жеке ерекшелiк көптеп кездесiп отырады. Сонымен қоса, адамдарда өзi өмiр сүрiп отырған қоғамның ерекшелiктерiне байланысты қалыптасқан, көпшiлiкке ортақ мiнездерi де болады. Сондықтан бiр адамның мiнезi жөнiнде сөз болғанда мiнездiң дара және типтiк бiтiстерiн қоса еске алып отыру қажет. Типтiк мiнездер — белгiлi тарихи-қоғамдық жағдайлардың нәтижесi. Типтiк мiнезден әр адамның ұлттық, кәсiптiк және жас ерекшелiгiне сәйкес өзгешелiктерi де тиiсiнше орын алып отырады. Мәселен, қарама-қарсы тап қайшылықтары бар қоғамда (құлдық, феодалдық, капиталистiк) мiнездiң таптық өзгешелiгi ерекше көзге түседi. Осындай қоғамда әрбiр тап өкiлдерiнiң таптық мүдделерi де дүниетанымдары да бөлек болады. Мәселен, зауыт фабрикалардың қожасы болып табылатын капиталистер жұмысшылардың еңбегi арқылы баюға тырысса, жұмысшылар өздерiнiң тұрмыс жағдайы мен құқтарын жақсартуды көздейдi. Осы айтылғандар адамдардың мiнез бiтiстерiне, психологиясына ықпалын тигiзбей қоймайды.
“Егер адамның мiнез-құлқын жағдайлар тудыратын болса, онда сол жағдайларды адамға тиiмдi етiп құру керек”— деп жазды Маркс пен Энгельс.
Адамның сансыз мiнез бiтiстерiнiң кейбiрiн белгiлi топтарға жинақтауға болады. Олар мына төмендегiдей:
Адамның ұстаған бағытынан, яғни бүкiл психикалық тұрпатынан байқалатын мiнез бiтiстерi әр түрлi жағдайда көрiнiп отырады. Мұның бiрiншiсiне адамның басқалармен қатынасын бiлдiретiн мiнез бiтiстерi кiредi. Бұларға: коллективизм, гуманизм, қайырымдылық, үйiрсектiк, адалдық және осыларға қарама-қарсы жекешiлдiк, қатiгездiк, тұйықтық, зымияндық т. б. бiтiстер жа-тады. Осы топқа сондай-ақ адамның өз iсiне, еңбегiне қатынасын бiлдiретiн мiнез бiтiстерi де жатады. Бұларға еңбек сүйгiштiк, құнттылық, иницитивалық, салақтық, тиянақсыздық, кертартпалық т. б. бiтiстер кiредi.
Адамның өзiне-өзi қатынасын бiлдiретiн мiнез сипаттары да осы топтың негiзгi бiр жағы. Бұларға кiшiпейiлдiлiк, қарапайымдылық, өзiн-өзi сынай алу, талап қоя бiлушiлiк және бұларға қарама-қарсы өр көкiректiк, мақтаншақтық, жасқаншақтық т. б. жатады.
Мiнез бiтiстерiнiң келесi тобын адамның өзiн-өзi меңгере алу қабiлетiне орай қалыптасқан өзгешелiктерi құрайды. Бұл топты мiнездiң ерiктiк сапалары немесе мiнездiң жотасы деп атайды. Бұларды да адамның жалпы ұстаған бағыты мен дүниетанымына, жоғарыда көрсетiлген мiнез бiтiстерiнiң мазмұнынан тыс қарауға болмайды. Сондықтан да сотқар адамның жөнсiз батылдығы мен мемлекет мүлкiн тонаушы ұрының жылпос “пысықтығын” мiнездiң ерiктiк сапаларына кiредi деп ойлау шындыққа сай келмейдi.
Мiнездiң ерiктiк сапаларының өзi күштi және әлсiз, яғни нашар мiнез болып екiге бөлiнедi. Күштi мiнезге - мақсатқа талпынғыштық, дербестiлiк, тоқтамға келгiштiк, батылдық, шыдамдылық, тәртiптiлiк, жинақылық, ерлiк т. б. жатса, әлсiз мiнезге негативизм иланғыштық, қыңырлық, ұстамсыздық, жүрексiздiк, т. б. кiредi. Мiнез ауыр, жеңiлтек, мiнезсiз, сотқар, тентек, бейбастақ, итмiнез т. б. түрлерге бөлiнедi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет