1 Дәріс Психологияға кіріспе Жоспары



бет9/40
Дата15.11.2023
өлшемі0,52 Mb.
#123993
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40
Байланысты:
1 Дәріс Психологияға кіріспе Жоспары-emirsaba.org

Жоспары:
  1. Адам өміріндегі эмоцияның ролі


  2. Эмоцияны реттеудің әдістері мен механизмдері


  3. Эмоционалдық интеллект анықтамасы


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы, 2013
2.Жарықбаев Қ. Жантануға кіріспе хрестоматия. Алматы, 2015
3.Андреева Г.М Социальная психология. М., 2012
Эмоция мен сезiм туралы түсiнiк

Өткен тарауларда адамның танымынан ерекше орын алатын психикалық процестер (түйсiк, ойлау, ес, қиял т. б.) жеке-жеке талданды. Осы процестердiң әрқайсысы сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын бейнелеудiң түрлi формалары екенi, бұлар бiзге айналамызды әр қырынан танытатыны, әрқайсысының өзiне тән ерекшелiктерi мен заңдылықтары бар екендiгi жан-жақты сөз болды. Адам реалдық дүниенi тек танып қана қоймайды, оған өзiнiң қатынасын да бiлдiрiп отырады, ол бiр нәрсенi ұнатады, бiреудi жақсы көредi, екiншi бiреуге салқын қарайды. Бiр сөзбен айтқанда, өз қажеттерiне қарай айналасына түрлi көңiл күйiн бiлдiрiп отырады.


Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттерiне сәйкес келу-келмеуiнiң нәтижесiнде пайда болып отыратын психикалық процестiң түрiн сезiм деп атайды. Қажеттердiң түрлi жағдайларға байланысты түрлiше өтелуi адамда. Көптеген ұнамды және ұнамсыз сезiмдердi туғызып жек көрушiлiк, шошыну, абыржу, наздану, iш пысу, зерiгу т. б. осындай сезiмдер мен эмоциялардың сан алуан түрлерi.
Сезiмдер — өте күрделi психикалық процестердiң бiрi. Сезiмдер адамның тiршiлiк қажетiне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрiнедi. Адам сезiмдерiтарихи-әлеуметтiк сипатта болады. Демек, адамның өмiрi қоғамға байланысты, оның әрекетi де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезiмдерi де қоғамдық сипатта болып, сезiмнiң мазмұнын қоғамдық болмыс белгiлеп отырады. Сезiмдерден эмоцияларды айыра бiлу қажет.
Сезiмдердi эмоциялардан дұрыс айыра бiлмеушiлiк, бұл екеуiнiң мәнiн бiрдей деп ұғу, кейде қате түсiнiктерге де соқтырады. Мәселен, осындай түсiнiк жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды бүркемелеуi мүмкiн. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейiмделу көрiнiсiнен, әр түрлi шартсыз рефлекстердiң тiзбегiнен немесе инстинктерiнен байқалады.
Сезiмдер мен эмоциялардың бiрнеше сапалық ерекшелiктерi бар. Олардың сапасын көрсететiн осындай ерекшелiктерiнiң бiрiн — қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсiну, сүйсiнбеу, көңiлдену, қажу, шаттық, уайым т. б. осы се-кiлдi сапалар өз ара екi полюскс ажырасып, бiрiне-бiрi қарама-қарсы мағынада болады.
Сезiмдердiң екiншi ерекшелiгi — олардың актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бөлiнуiнсн көрiнедi. Адамға күш берiп, әрекетке ұмтылдыратын, көтерiңкi сезiмдер мен эмоциялар-ды стеникалық, ал бұлардың баяу, солғын түрлерiн астеникалық деп атайды. Бiрiншiсiне: жауапкершiлiк, жолдастық, достық, айбаттылық т. б. жатса, екiншiсiне: уайым, енжарлық, көңiлсiздiк т. б. ссзiмдер жатады. Бұл жерде мынадай бiр жағдай есте болсын. Түрлi нақтылы жағдайлардың ретiне қарай адамдарда бiр сезiмнiң өзi бiрде қуатты, бiрде әлсiз болып көрiнуi мүмкiн. Мәселен, қорқыныш сезiмi кейде бiр адамның буынын босатып, пәрменсiз етсе, ендi бiрде қауiп-қатерге қарсы тұрғызатын айбаттылыққа (күштi сезiм) ауысуы мүмкiн.
Сезiмдердiң үшiншi бiр ерекшелiгi жiгерлену және кернеуден босану немесе шешiлу. Бұл да сезiмдердiң қарама-қарсы сапаларының бiрi. Мәселен, студенттердiң емтиханнан өтуi, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуi шешушi кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жiгерiн жұмылдырады. Осы кезең өткен соң басқа бiр күйге түседi. Мұны кернеуден босану (шешiлу) сезiмi дейдi.
Шамадан тыс күштi тiтiркендiргiштер адамда көбiнесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кiсi ұдайы қинала беретiн болса, оның дiңкесi құрып, берекесi кетедi. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс деген терминмен белгiлейдi. Стресс үш түрлi жағдайда байқалып отырады. Оның алғашқы көрiнiсiн мазасыздану кезеңi дейдi. Организмнiң күштi тiтiркендiргiштермен айқасқа түсуiн күш салу, немесе зорланукезеңiдеп атайды. Адам сырттан келетiн әсерге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мұндай қолайсыз әсер жүйке жүйесiнiң жұмысына да, дене күшiне де нұқсан келтiретiндiктен, адам өзiнiң сыртқы ортамен байланысын үнемi қадағалап, реттеп отыруы қажет.
Сезiмнiң жоғарыда айтылған ерекшелiктерiнiң барлығы да нақтылы әрекет үстiнде, кездесетiн қиыншылықтарды қарсы алу кезiнде айқын көрiнiп отырады. Сезiм адамның бүкiл өмiрiмен, оның жеке басының ерекшелiктерiмен тығыз байланысты. Адамның әр түрлi эмоциялары мен сезiмдерi оның қажетi мен қызығу ерекшелiктерiне, дүниеге көзқарасы мен сенiмiне, мiнез-кұлқы мен бiлiм келемiне, санасы мен ерiк сапаларына бай-ланысты қалыптасып отырады.
Сезiмдер мен эмоциялардың адамның практикалық әрекетiнде алатын орны зор. Алдағы мақсатты орындау жолында, өмiр үшiн күресте күштi сезiмдерсiз табысқа жету қиынға соғады.
Сезiмнiң қораш, солғын, селсоқ болуы iске кедергi келтiредi. Адам не үшiн күрессе, соны жан-тәнiмен жақсы көрiп, неге қарсы күрессе, соныөлердей жек көрiп отыруы керек.
Эмоцияларды бiрнеше топқа жiктеуге болады. Олардың бiр тобы жағымды не ұнамды эмоциялардеп аталады. Бұлар адамның тiршiлiк қажетiне орайлас, оның iшкi өмiрiнiң шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бiрi болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйiспеншiлiк, көңiл қоштық т. б.- осындай эмоциялардың ендi бiр тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делiнедi. Бұлар — белсендi әрекетке азды-көптi нұқсан келтiретiн қораш сезiмдер. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмiтсiздену т. б. жатады. Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және күрделi эмоциялар болып та бөлiнедi. қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттерiнiң өтелу-өтелмеуiне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделi түрлерiне: көңiл, аффект, құмарлық эмоциялары кiредi.
Осы айтылған эмоциялардың барлығына ортақ басты бiр ерекшелiк: оларда сан алуан мәнерлi қозғалыстардың болып отыратындығы. Ч. Дарвин осы күнгi адамда байқалатын мәнерлi қозғалыстардың бiразы бiздiң ерте кездегi ата-бабаларымыздың тiршiлiгiнде елеулi орын алған әрекеттiң қалдығы екендiгiн айтады. Мәселен, қатты ашу кернеген адам кейде жұдырығын түйiп тiстенедi, қабағын түйiп булығады, демiн әзер алып, танауы делдиiп кетедi, жүрегi тарс-тарс соғады. Осындай мәнерлi қозғалыстардың әрқайсысының өзiнше шығу тарихы бар. Жоғарыда келтiрiлген мысалдан жауымен (жабайы аңдармен) айқасқа түсейiн деп тұрған адамның келбетiн, даярлық белгiсiн байқауга болады. Ертедегi адамдар жабайы аңдармен арпалысқа түсердiң алдында денесiн соған бейiмдеп алып, сонан кейiн айқа-сатын болған. Қазiргi адамдар үшiн мұндай көрiнiстер дөрекi, ебдейсiз қимылдар болып табылады. Мұндай ебдейсiз қимылдар мәдениеттi адамның қылығына ешбiр сыйымсыз сипат. Бұған көбiнесе сотқар, ызақор, кекшiл адамдар бiр табан жақын тұрады. Адамдардың сана-сезiмi өскен сайын оның қимыл-қозғалыстары да мәдениеттене түседi. Эмоциялық жағдайлар адамның дем алу, қан айналу органдарына өзгерiстер түсiретiнiн, бет әлпетi мен (мимика) бүкiл дене қимылдарына (пантомимика), сөздiң интонациясы мен тембрiне, дикциясы мен паузасына да өзгерiстер енгiзетiндiгiн дәлелдейтiн мысалдар көп. Қорқу эмоциясы кезiнде адамда байқалатын мәнерлi қозғалыстарды алайық. Қорыққан адамның қасы тартылып, түсi бозарады, қозғалыстары баяулап не мүлде тоқтайды, денесi дiрiлдеп қалшылдайды, шашы үрпиiп, көзi шарасынаи шығып, даусы қарлығып, үнi кiбiртiктейдi, аузы кебiрсiп, тынысы өзгередi, бетi шiмiркенiп, бүкiл денесi қалтырап, салқын тер шып-шып шығады. Тiптi орнынан қозғала, сөйлей алмай, дауысы шықпай қалатын кездерi болады. Қорқыныштың жеңiл түрi тынышсыздану, ауыры — үрейi ұшу т. б. Эмоциялық жағдай кезiнде адамның денесiнен байқалатын әр түрлi мәнерлi қозғалыстарды Абай өлеңдерiнен көптеп кездестiруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет