1 Дәріс Психологияға кіріспе Жоспары


тақырып. Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы



бет12/40
Дата15.11.2023
өлшемі0,52 Mb.
#123993
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40
Байланысты:
1 Дәріс Психологияға кіріспе Жоспары-emirsaba.org

4 тақырып. Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы


Жоспары:
1.Психологиядағы ерік түсінігі
2.Тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы (стресс-менеджмент)
3.Стресс түсінігі, стресс түрлері


Психологидағы ерiк түсінігі
Адамды әрекетке бағыттайтын, мақсат қоюға талаптандыратын бiр түрткi болатындығы, мұны психологияда мотив (себеп) деп атайтындығы өткен тарауларда айтылды. Кез келген түрткi сан - қилы қажеттермен тiкелей не жанама түрде байланысып жатады.
Адамды әрекетке итермелейтiн негiзгi мотив — оның түрлi қажеттерi. Адам өз қажетiне байланысты алдына түрлi мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды орындау үшiн түрлi әдiс-амалдар қарастырады. Өйткенi, адам сыртқы дүниенiң заттары мен құбылыстарын тек танып, не оған өзiнiң қатынасын бiлдiрiп қана қоймайды, сонымен бiрге, оны қажетiне орай өзгерткiсi келедi. Бұл үшiн ол қимыл-қозғалысқа, iс-әрекетке түсiп отырады. Адамда қимыл-қозғалыстар есепсiз көп. Бұларды үлкен екi топқа бөлуге болады. Оның бiрiн ерiксiз қозғалыстар (яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар: көздiң жұмылуы, жөтелу шашалу, түшкiру т. б.), екiншiсiн - ерiктi қозғалыстар деп атайды. Мәселен, жерге түсiп кеткен нәрсенi көтерiп алу қозғалыстың соңғы түрiне жатады. Кез келген қозғалыс арқылы сыртқы ортаны өзгертуге, оған ықпал жасауға болмайды. Бұл үшiн мақсатқа бағытталған қимыл-қозғалыстар жасау қажет. Ойланып iстелетiн, алға мақсат қоюды қажет ететiн, түрлi кедергiлердi жеңе бiлуден көрiнетiн қимыл-қозғалыстарды психологияда ерiк амалдары немесе ерiк деп атайды. Сонымен ерiк дегенiмiз адамның өз мiнез-құлқын меңгере алу қабiлетi. “Қайрат дегенiмiз өмiр жолында кездесетiн екi талай кездерде белдi бекем буып, қайыспай, кiдiрмей амал етуге ұмтылу” (Ж. Аймауытов). Адамның осындай психикалық әрекетi алдына қойған мақсатын орындауға байланысты түрлi iшкi-сыртқы кедергiлердi жеңе бiлуiнен жақсы байқалады. Мәселен, ұйқы басып төсектен тұрғымыз келмейдi, бiрақ сабаққа кешiкпеу үшiн тұру керек. Бұл жағдайда iшкi кедергiлердi (тесектен тұрғымыз келмеу сияқты, ерiншектiк т. б.) жеңу керек болады. Егер бiздiң мақсатқа жетуiмiзге сырт нәрселер кедергi жасаса (басқа адамдардың кедергiсi, түрлi жағдай болмаушылық т. б.), бұларды да жеңiп отыруымыз қажет.
Ерiк қоғамдық еңбек процесiнде пайда болып, қалыптасқан. Тек еңбек ету арқылы ғана адам өзiнiң әр түрлi амалдарын, қимылдарын көрсетiп, түрлi қажеттерiн өтей алады. Адамның ерiктiк қимылдары оның өмiр сүрiп отырған ортасының, яғни сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының әсер етуiне байланысты көрiнедi. Адам бiр түрлi жағдайда әр қилы, әр түрлi жағдайда бiр қилы әрекет жасайтыны мәлiм. Бiз көп адамдардан “не тiлесем, соны iстеймiи” деген сөздi жиi естимiз. Кейбiр философия мен психология ғылымдарының өкiлдерi осындай жеке пiкiрлерге тас кенедей жабысып: “адам не iстеймiн десе де ерiктi, өз қылығына өзi қожа” дейдi. Барлық тiршiлiк ерiкке байланысты, ал ерiк ешбiр себеп дегендi бiлмейдi, ешбiр материалдық жағдайлармен байланысы жоқ, өзiнше пайда болған күш”,— деп адамның барлық әрекетi, мұның iшiнде еркi де, нақтылы айналасын қоршап тұрған дүниеге, жағдайларға байланысты болатындығына жете мән бермейдi.
Сөйтiп, ерiк қимылдарын өзiнен-өзi пайда болмайтын, керiсiнше, адамның өмiр сүрген ортасына байланысты дамып отыратын, ми қызметi продуктысының бiрi болып есептелiнетiн психикалық процесс деп түсiнуiмiз қажет.
Ерiктiң физиологиялық механизмi де ми қабығының рефлекстiк табиғатына жатады. Ерiк процесiнде жоғарыда айтылып өткен ерiктi қозғалыстардың алатын орны ерекше. Ерiктi қозғалыс дегенiмiз мақсатқа бағытталған қозғалыстар, яғни күрделi шартты рефлекстер. Ерiксiз қозғалыстарда тумалық қасиет болса, ерiктi қозғалыстар өмiрде жүре-бара қалыптасады. Ерiктi қозғалыстардың рефлекстiк табиғатын И. М. Сеченовтен кейiн зерттеген И. П. Павлов болды. И. П. Павлов және оның шәкiрттерi басқа анализаторлар тәрiздi қозғалыс анализаторы да, яғни ерiктi қозғалыстар да түрлi тiтiр кендiргiштермен уақытша жүйке байланысына түсуге қабiлеттi екенiн көрсеттi. Адамның ерiктi қозғалыстары ми қабығында бұрын пайда болған уақытша байланыстардың негiзiнде жасалады. Мұндай қозғалыстар үшiн сөз ерекше тiтiркендiргiш болып табылады, түрлi қозғалыстарды реттеп, басқарып, тежеп отыратын да осы сөздiк сигналдар. Адамның көптеген қозғалыстары iштей сөйлеу арқылы да пайда болып отырады, мұндай сөздер түрлi қимыл қозғалыстың “басталу белгiсi”. Адам сөз арқылы нұсқау алады немесе бiр тоқтамға келедi, алдына қойған мақсатына сәйкес қимыл-қозғалыстарын реттестiредi. Қозғалыс анализаторының жүйке клеткалары мидың орталық сайының алдынғы жағына орналасқан. Осы жерде пирамида формасындағы алып жүйке клеткалары бар. Бұлар жұйке талшықтары арқылы қаңқаның бұлшық еттерiмен байланысып жатады. Қозғалыс анализаторын құрайтын жүйке талшықтарын пирамидалық жол деп атайды. Пирамидалық жолдың қызметiне зақым келсе, адамның қимыл-қозғалысының берекесi кетедi, мұндайда оны паралич ауруы соғуы мүмкiн.
И.П. Павлов “...ерiктiк қозғалыстың механизмi жоғары жүйке қызметiнiң барлық заңына бағынатын шартты ассоциациятивтiк процесс” деп ерiктi мидың уақытша байланыстар принципiнiң заңына орайлас түсiндiрдi.
Ерiктi қозғалыстарды орындау дегенiмiз — ерiктiң ең карапайым түрде сыртқа шығуы. Жас баланың еркiнiң дамуы осындай қозғалыстар жасауға үйрене бастаудан, өзiнiң денесiн басқара алуынан байқалады. Қозғалыстарды тежей алу, тек алда тұрған мақсатқа ғана сәйкес қозғалыс жасау — бiрiншi және екiншi сигнал жүйелерiнiң өзара әрекеттестiгiнiң нәтижесi.
Ерiктiң мағынасы кең. Мұның бiрiншi жалпы мағынасы адамның психологиялық өмiрiнiң саналы түрде бiр мақсатқа бағытталуын бiлдiредi. Ал дәл мағынасында ерiктi амалдар iшкi немесе сыртқы кедергiлердi женуге байланысты көрiнiп отырады. Мәселен, адам жазу үшiн столдың үстiндегi қарындашты қол созып алады. Әрине, бұл да саналы және белгiлi мақсатқа бейiмделген әрекет. Осы сияқты әрекеттi ешкiм нағыз ерiктi әрекет деп ойламайды, олай дейтiн себебi, бұл жерде ешқандай да кедергiнi жеңу байқалмайды. Ерiк амалы байқалған мен, оның көрiнiсi өте болмашы, мұндағы ерiк көбiнесе адам елемейтiн дәрежеде бiлiнедi. Сондықтан да шын мағынасындағы ерiк амалдары бiрнеше күрделi қозғалыстардың (тiптi, ойланып iстелген қылық болса да) жиынтығы болып табылмайды. Сөйтiп, адамның дәл мағынасындағы ерiктi амалы, бiрiншiден, әрбiр адамның өзiн-өзi билей алуынан, яғни мiнез-құлқын меңгере алуынан көрiнсе; екiншiден, оның түрлi iшкi және сыртқы кедергiлердi жеңе отырып, алдына қойған мақсатын орындап, iстi мұқият тындыруынан көрiнедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет