1 Дәріс Психологияға кіріспе Жоспары



бет11/40
Дата15.11.2023
өлшемі0,52 Mb.
#123993
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40
Байланысты:
1 Дәріс Психологияға кіріспе Жоспары-emirsaba.org

Жоғары сезiмдер
Жоғары сезiмдер адамға ғана тән. Осы топқа адамгершiлiк, эстети- калық, интеллектiк деп аталатын сезiмдер кiредi.Қоғамдық өмiрдiң талабына сәйкес адам мiнез-құлқынан жиi көрiнетiн сезiмдердiң бiрi адамгершiлiк сезiмдер.Адамгершiлiк немесе имандылық сезiмдердiң мазмұны да, құрылымы да күрделi келедi. Бұлар ең алдымен қоғамдық мәндi және жеке көңiл күйге байланысты моральдық сезiмдер болып бөлiнедi. Бұл екеуi бiр-бiрiне қайшы келiп қалуы да мүмкiн. Бiрақ сана-сезiмi жетiлген, дүниетанымы мен сенiмi қалыптасқан адамда мүның бiрiншiсi басым болып отырады. Осындай сезiмдердiң тобына: достық, жолдастық, адалдық, ар-намыс, борыш, жауапкершiлiк, ұят т. б. жатады. Ар-намысты қорғау — адамға аса жарасымды сипат. Сезiмнiң осы түрi, көбiнесе, қайсар, әжет, табанды әрi көздеген мақсатына жетпей тынбайтын адамдардан жиi байқалады. Өз мiнiне iштей күйiну, өзiн жазғырып, жазалау — адамның тек өз басын қадiр тұтқаннан туындамайды. Ар-намысты қорғау дегенiмiз, сонымен бiрге, айналадағы адамдарды да сыйлай бiлу деген сөз. Ар-ұятты қастерлеу, намысқа тырысушылық — екiнiң бiрiнен кездесе бермейтiн қасиет. Мұның адам психологиясына қатты әсер етiп, терең iз қалдыратындығы сонша — кiсi кейде “кiрерге жер таппай, кiсi бетiне қарай алмай... ұйқыдан, тамақтан қалатыны да болады”. К. Маркс ұятты адамның iштей ашулануы, өзiнше ашу шығаруы деген екен. Ал Абай ұяттың екi түрi бар дейдi: оның бiрi — надандықтан туатын, екiншiсi — жағымсыз iске, терiс қылыққа ұялу. Оның ұғымынша, ұялмас нәрседен ұялу бұл надандық, ынжықтық, жiгер-қайрат осалдығы, бiлiм мен тәжiрибенiң саяздығы. Шын ұят ақыл-парасаттың iсi. “Өлiмнен ұят күштi” деп халқымыз тегiн айтпаған. Бiлiмi, тәжiрибесi, тәрбиесi мен мiнез бiтiсiне қарай адамның ұялу дәрежесi түрлiше болады. Мәселен, надан адам әдепсiз қылығына айылын жимаса, мәдениеттi, ақылды кiсi мұндайда қатты ұялып, жерге кiрiп кете жаздайды. Адамның ары мен ұяты ақылының күзетiнде болса, жүрек, қайрат үшеуi бiр жерден шығып отырса, мұндай адам ұятты болады дейдi Абай. Ұялу сезiмi мектепке дейiнгi сәбилiк, бөбектiк шақта, ылғи да үлкендердiң, ата-ананың жақсы сөзi мен iс-әрекетiне, қылығына елiктеу, оларды өнеге тұту арқылы бiртiндеп қалыптасып отырады. Адамның өмiр сүрген қоғамы, оның қоғамдағы орны, нақтылы iс-әрекетi бұл секiлдi сезiмдердiң мазмұнына күштi әсер етедi. Қоғамдық тәрбиенiң ықпалымен ар-намысты қорғау адамның тұрақты сезiмдерiне айналады, егер адам қоғамдық ережелердi бұзса, оны өжданы көтермей, қатты қиналады да, бұларды орындай алса, оған жақсы рақаттанып, масаттанатын болады. Қоғамдағы моральдық принциптер сол қоғамның экономикалық жағдайларына сәйкес келедi.
Жоғары сезiмдердiң екiншi бiр түрi — эстетикалық ссзiмдер.
Эстетикалықсезiм дегенiмiз адамның шындықтағы қандай болмасын бiр сулұлықты сезiнуi. Бұл тектi сезiмдер сұлу, сымбатты, өмiрге үйлесiмдi, әдемi көрiнiстердi тамашалау немесе табиғаттағы, көркем-өнердегi, әсiресе, өмiрдегi шынайы, әсем нәрсе-лерден ләззат алу кездерiнде байқалады. “Сұлулық сезiмдерi адамның дұрыс, сұлу, ләззат iздеуiне, сұлу нәрсеге сүйiнiп, керiксiз нәрседен жиренуiне... жақсылыққа үмтылып, жауыздықтан тыйылуына көп көмек керсетедi” (М. Жұмабаев). Эстетикалық сезiмдер, сондай-ақ, сурет полотноларынан, скулыптуралық, архитектуралық, музыкалық немесе сахналық шығармалардың шебер орындалуынан ләззат алуға байланысты да туып отырады. “Адамзатқа тән ерекше бiр қасиет,— дейдi әл-Фараби, өзiн қоршаған дүниенiң әсемдiк сырларына үңiлу, содан рухани нәр алу, өзiнiң нәзiк сезiмiн образдар арқылы паш ету”. Мәселен, “жақсы ән мен тәттi күй”, яғни жақсы музыкалы әуеннiң адамның эстетикалық сезiмдерiнiң қалыптасуында ерекшс маңыз алатындығын С. Торайғыров былайша сипаттайды: “Халықтың арғы-бергiсiн қозғап, естерiне түсiрiп, мұң-мұқтаждарын зарлап, кем-кетiгiн көрсетiп, әдемi даусымен құйқылжытып тұрғанда, қандай тас көңiл болса да жiбiмеген ер-кiне қоймайды. Халықтың қайдағы-жайдағысы ойына қозғалып, түсiп, қандары қайнап, тiптi арқалары қозып кетедi. Әркiмнiң көңiл көздерiнен жастар моншақтап, бойлары балқығандай, шартта-шұрт қол шапалақтасып... тарқайды”.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет