Әдебиеттер 1.Майерс Д. Әлеуметтік психология [Мәтін] = Social Psychology: [оқулық] / Д. Г. Майерс, Ж. М. Туенж ; ауд. Г. Қ. Айқынбаева [және т.б.]. - 12-бас. - Астана : "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ, 2018. - 559, [1] б.: сур. - (Рухани жаңғыру).
2.Майерс Д. Психология / пер. с англ. И.А. Карпиков, В.А. Старовойтова. – 4-е изд. - Минск: «Попурри», 2015. – 848 с.
3.Психология индивидуальных различий / Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: АСТ: Астрель, 2018. – 720 с.
4.Руденко А.М. Психология в схемах и таблицах: учебное пособие. – М: Феникс, 2016. – 379 с.
5.Шульц Д. Қазіргі психология тарихы [Мәтін] = A History оf Modern Psychology : [монография] / Д. Шульц, С. Э. Шульц ; ауд. Б. Қ. Ақын [және т.б.]. - 11-бас. - Астана : "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ, 2018. – 447 [1] б.: сур. - (Рухани жаңғыру).
11 тақырып. Қарым-қатынастың интерактивті жағы
1.Психологиялық әсер етудің мәні, түрлері
2.Психологиялық әсер етудің негізгі тәсілдері мен әдістері
Лекцияның мақсаты: Тұлғааралық өзара әрекеттестік (интеракция) әлеуметтік-психологиялық зерттеу пәні ретінде. «Диадалық өзара әрекеттестік теориясы, тұлғааралық өзара әрекеттестіктің айырмашылық белгілері қарым-қатынас формалары ретінде қарастыру.
Лекцияның мәтіні:Қарым-қатынастың интерактивті жағы – адамаралық қарым-қатынастың, адамдардың бір-бірімен әрекеттесуімен байланысты аспектілерін белгілеуге арналған шартты термин. Қарым-қатынас барысында қатынасқа түсу үшін тек мәліметпен алмасып және өзара түсіністікке қол жеткізумен шектелу жеткіліксіз, әрекеттермен алмасу, ортақ іс-әрекетті жоспарлап, бірлескен әрекеттердің формалары мен нормаларын қалыптастыру да маңызды.
Қарым-қатынастың осы жағын сипаттағанда жеке адамаралық қарым-қатынастың түрлерін талдау мен қарым-қатынасқа түсушілердің әрекеттесудің қай түрін таңдауға итермелейтін мотивтерін де қарастыру керек.
Қарым-қатынастың интерактивті жағы (ағылш. interaction — өзара әрекеттесу, бір-біріне әсер ету) — адамдардың бір-біріне әсер ете әрекеттесуінің, тұлғааралық қатынастардың пайда болуы мен дамуы мәнінің әлеуметтік-психологиялық үрдістер мен құбылыстардан туындайды және олардың өзара әрекеттесудің ортақ стратегиясын жасауынан көрініс береді.
Интерактивтік жағы – бұл адамдардың бірігіп қызмет жасауы үшін стратегиялық жоспар құруын көрсетеді. Қарым – қатынастың интерактивті жағы – адамаралық қарым - қатынастың, адамдардың бір – бірімен әрекеттесуімен байланысты аспектілерін белгілеуге арналған шартты термин. Қарым – қатынас барысында қатынасқа түсу үшін тек мәлметпен алмасыпжәне өзара түсініксіздікке қол жеткізумен шектелу жеткіліксіз, әрекеттермен алмасу, ортақ іс - әрекетті жоспарлап, бірлескен әрекеттердің формалары мен нормаларын қалыптастыру да маңызды.
Қарым – қатынастың осы жағы сипаттағанда жеке адамаралық қарым – қатынастың түрлерін талдау мен қарым –қатынасқа түсушілердің әрекеттесудің қай түрін таңдауға итермелейтін мотивтерін де қарастыру керек.
Жеке адамаралық әрекеттесу стратегиясының сипаттамасы төмендегідей болады.
Әртүрлі зерттеулерде, адамның басқа адамдармен қарым – қатынасқа түсуінде бірнеше маңызды әлеуметік мотивтер айқындалған.
Ортақ жетістікті барынша жоғарылату мотиві (немесе кооперация мотиві)
Өзінің жетістігін барынша жоғарылату (немесе индивидуализм);
Салыстырмалы жетістікті барынша жоғарылату мотиві (канкуренция)
Басқаның жетістігін барынша жоғарылату (альтуризім);
Басқаның жетістігін барынша төмендету (агрессия);
Жетістіктердегі айырмашылықты неғұрлым төмендету (теңдік).
Әрекеттесу процесінің маңызды сипаттамаларын қарастырудың бірнеше жолдары ұсынылған. Мәселден, Т.Парсонс теориясы бойынша, әрекеттесудің бірнеше бөлек актісіннің мынандай элементтері бар:
а) әрекет етуші;
ә) басқа объект;
б) нормалар (әрекеттің ұйымдастырылуындағы)
в) құндылығы (әрбір әрекеттенушінің қабылдағандары)
г) ситуация – жағдай (әрекет жасалынатын кездегі).
Бұл өте «абстрактылы» теория, экспериментте қолданылуы күрделі болғандықтан көп пайдаланылмайды. Екінші бір түрі әрекеттесу сатыларын қарастырумен байланысты. Тағы да бір, әрекеттесудің құрылымдық сипаттамасы транзактілі талдауы – қатынасушылардың әрекеттерін олардың позициясы, ситуацияны есептеу және әрекеттесу стиліне байланысты реттестіруде ұсынылады. Осы әдіс кейінгі кезде практикада кең қолдау табуда. Транзактілі талдау бойынша әрбір әрекетке қатысушы үш позициясының біреуінде болады. Шартты түрде бұл позицияларды – Ата – ана, Ересек, Бала деп белгілеуге болады. Балалық позицияның психологиялық сипаттамасы «Қалаймын!», Ата – ана позициясы «Керек!», Ересек позициясы «Қалаймын» мен «Керектің» бірлесуі.
Қарым-қатынастың интерактивтік жағы – адамдардың өзара әрекетіне, олардың біріккен әрекетін ұйымдастыруға қатысты қарым-қатынастың компоненттерінің сипатын ашатын термин. Егер коммуникативтік процесс біріккен әрекет негізінде туындайтын болса, онда осы әрекет жөніндегі білімдер мен идеялардың алмасуы әрекетті дамыту мен ұйымдастыруды көздейді. Бұл әрекетке бір уақытта көп адамның қатысуы (әр адам өз үлесін қосуды) өзара әрекетті біріккен әрекетті ұйымдастыру ретінде талдауға мүмкіндік беретін әрбір адамның өз үлесін қосуды білдіреді. Оның барысында оған қатысушылар үшін информацияларды алмасу ғана емес, әрекетті алмасуды ұйымдастыру, ортақ әрекетті жоспарлау да маңызды.
Қарым-қатынастың интерактивтік жағы қарым-қатынасқа қатысушылардың мінез-құлқын өзгертетін белгілер жүйесін қадағалап қана қоймайды, топтың мүшелері үшін ортақ әрекетті ұйымдастыруға мүмкіндік беретін біріккен әрекетті ұйымдастыруды да қадағалайды. Қарым-қатынастың интерактивтік жағы өзара әрекеттің бөлігі болып табылатын адамдардың әрекетінде ашылады. Әлеуметтік психологияның тарихында осы өзара әрекеттің құрылымын жасауға тырысқан бірнеше бағыт болды. Мысалы, Батыстағы әлеуметтік психологияда әрекеттің жекелеген амалдарына түрлі вариантта сипаттама берілетін «Әрекет теориясы» немесе «Әлеуметтік әрекет теориясы» кеңінен қолданылады. Бұл идеяны социологтар : М. Вебер, Г. Сорокин, Т. Парсонс, әлеуметтік психологтар: Янг, Фримен және тағы басқалар қолдады. Олардың бәрі өзара әрекеттің кейбір компоненттерін: адамдар , олардың байланысы, олардың бір-біріне әсері, осының салдарынан олардың өзгеруі деп белгіледі. Келесі бағыт өзара әрекеттің құрылымын оның даму деңгейімен байланыстырады. Мұнда өзара әрекет қарапайым амалдарға бөлшектелібейді, олар өтетін даму деңгейіне бөлшектелінеді. Бұл бағытты ұсынған Я. Щепаньский болды. Я. Щепанский үшін негізгі ұғым әлеуметтік байланыс ұғымы болып табылады. Оның құрылымы:
Кеңістік байланыс.
Психологиялық байланыс (өзара қызығушылық)
Әлеуметтік байланыс (біріккен әрекет)
Өзара әрекет (партнердан белгілі бір жауап реакциясын туғызатын жүйелі үнемі әрекеттің орындалуы)
5.Әлеуметтік қатынас
Өзара әрекет проблемасын талдау мәселесінде тағы бір бағыт бар, ол өзара әрекеттің түрлерін жіктеу. Әлеуметтік психологияда өзара әрекетті түрлерге жіктеуге көптеген талпыныстар болды. Неғұрлым кеңінен қолданылатын жіктеу өзара әрекет түрлерін қарама-қарсы екі жаққа бөлу болып табылады:Кооперация/Конкуренция Бірінші жағдайда өзара әрекетті ұйымдастыру көзделеді. Екінші топқа белгілі бір кедергілерден бұзылайын деп тұрған біріккен әрекеттер жатады. Немістің әлеуметтік психологтары Г. Гибль және М. Форверг өзара әрекеттің негізгі типі деп кооперацияны есептейді, сөйтіп әлеуметтік психологияның пәні ретінде кооперацияны қарастырады.Олар маркстің қоғамдық еңбектің мәнін түсінудегі кооперацияның мәні туралы идеясына сүйенеді. Гибль мен Форвергтің пікірінше әлеметтік психология үшін осы арқылы кооперацияның жалпы сипатын іздеу міндеті ашылады, себебі осылар көптеген күштің бірігуіне тиімді. Бұл бағытта әлеуметтік психологияның негізгі міндеттерінің бірі ашылғанымен тек кооперацияны зерттеу міндеті негізгі рөлді атқаруына жол беруге болмайды. Әлеуметтік психологияның міндеттеріне келетін болсақ, мәселенің екінші жағы да маңызды рөл атқарады. Мұнда конкуренция немесе конфликтілік қатынас жиі қарастырылады. Қазіргі кезде Батыста конфликтінің позитивтік және негативтік жақтарын талдайтын көптеген жұмыстар бар. Конфликтінің негізгі түрлеріне жарыс жатады.
Өзара әрекет біріккен әрекетті ұйымдастыру болып табылады. Іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясы әлеуметтік-психологиялық зерттеуге кейбір принциптерді береді. Жеке іс-әрекеттегі сияқты оның мақсаты жекелеген амалдар деңгейіне емес, әлеуметтік психологияда өзара әрекеттің мәні жалпы әрекетке енгенде ғана шешіледі. Өзара әрекеттің әрекет құралына кірудің нақты формасы әрекетті ұйымдастыру формасыретінде қарастырылады.Осыдан осы біріккен әрекет өтетін топты талдауға көшуге болады. Л. И. Уманский біріккен әрекетті ұйымдастырудың үш формасын бөліп көрсетеді:
Біріккен әрекеттің әр мүшесі жалпы ортақ жұмыстың бір бөлігін орындайды, бір-біріне тәуелсіз «біріккен әрекет» (әрқайсысының өз міндеті бар мысалы, өндірістік бригада)
Ортақ міндетті әрбір мүшенің белгілі бір бірізділікпен орындауы- «бірізді-біріккен әрекет»
Бір уақытта әрбір мүшенің барлық басқа мүшелермен өзара әрекеті – «біріккен-өзара әрекет» (мысалы, спорттық командалар)
Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек қателеспейміз. Интеллект және ерік, эрудиция және эмоционалды мәдениет тәрбиелілік – осылардың барлығы; және басқа адамдарды түсіну, яғни психикалық дұрыс бағалау. Екіншіден олардың мінез-кұлық және жағдайына адекватты эмоционалды жауап бере алу, үшіншіден әр адамның өзінің жеке даралық ерекшеліктеріне байланысты стилін, әдіс-тәсілін, формасын таба білу. Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра білу керек. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның екінші адамды өзара түсінушілігінен басталады. Немқұрайлық қатігездік тұрпайылық сыйламсыздық қарым-қатынасты бұзады. Ал, егер тілек, өзара сұрақтар, өзара келіспеушілік басым болса, онда достық қатынас, яғни ол жанұяға қажетті психологиялық атмосфера болып табылады. Біз білетіндей адамның өзара түсінушілігіне бөгет болатын жағдайлар; оның қайталанбастығы, жеке даралығы, бір-біріне ұксамайтындығы. Өзара түсінушіліктің тағы бір кедергісі қабылдаудың стереотиптілігі. Адамның басқа адаммен қарым-қатынасы оның жеке күші мен әлсіздігі, өмірлік қайталанбас жеке даралық көріінісі, тәрбиелеу ерекшелігі сияқты мінез-құлқының ерекшелігіне байланысты. Адамға басқа адамдардың бағалауы мен бірге өзіндік ойы, әлеуметтік статусы ұжым да алатын орны сияқты қасиеттер әсер етеді. Қарым-қатынас басқа да іс-әрекет сияқты белгілі бір нәтижемен аяқталады Қарым-қатынас нәтижесін оның өнімі ретінде қарастыруға болады. Өнімі әр түрлі болады. Оның ішінде басты орын алатындары өзара қатынас және өзінің образы. Өзара қарым-қатынас қатынас үрдісіне өзінің әсерін тигізеді. Адамдар арасындағы өзара қатынас таңдау сипатына ие болады. Бұл таңдау адам қажеттілігіне байланыста анықталады. Баланың өз образы өмірлік іс-тәжірибенің әр түрлі түрінде пайда болады: жеке даралық әрекет тәжірибесі және қарым-қатынас тәжірибесі бала дамуындағы шешуші фактор – баланың өзіне қатынасы қоршаған ортаны белсенді өзгерту және әлеуметтік тарихи сипат алады. Өз образын біз аффективті – когнитивті комплекс ретінде қарастырамыз. Оның аффективті жағын өзін-өзі бағалау ал, когнитивті жағын, баланың өзі туралы ойы деп айтуға болады. Бала өмірге келісімен алдымен үлкендермен, одан кейін құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе бастайды. Осының нәтижесінде жаратылысынан берілген адам болу қабілетін іске асырады. Қарым-қатынас баланың психикалық дамуының негізгі факторы және жағдайы. Қарым-қатынаста адамдар өзін-өзі және басқаларды тану қажетттілігін қанағатандырады. Өзін-өзі тану және қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланысты.
Қарым-қатынаста адамдардың әлеуметтік қатынасы жүзеге асады. Қарым-қатынастың бір-бірімен байланысты үш жағын қарастыруға болады. Коммуникативті жағы, мұнда – қарым-қатынас адамдар арасындағы ақпарат алудан тұрады; интерактивті жағы – адамдар арасындағы өзара әсер етуді ұйымдастырудан тұрады; перцептивті жағы – қарым-қатынасқа түскен адамдардың бір-бірін қабылдау негізінде өзара түсінушіліктің пайда болуы.
Коммуникация ортақ түсінушілікке әкелетін екі жақты ақпарат алмасу. «Коммуникация» терминін латын тілінен аударғанда, «жалпы, барлығымен бөлісу» дегенді білдіреді. Егер өзара түсінушілік болмаса, коммуникация да болмайды. Коммуникация жетістігін білу үшін, кері байланысты білу керек, яғни адамдар сізді қалай түсінді, қалай қабылдады тағы сол сияқты сұрактарға жауап берілуі тиіс. Коммуникациялық компентенттілік – адамдармен керекті контактіні құру және ұстай алу қабілеттілігі. Коммуникативті қабілеттілік адамның жасына, біліміне, мәдениетіне, психологиялық даму деңгейіне, өмірлік және кәсіби тәжірибесіне байланысты ерекшелінеді