1 Дәріс Психологияға кіріспе Жоспары


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет39/44
Дата01.10.2024
өлшемі0,78 Mb.
#146450
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
Лекция 1-15 Мадениет и психология КАЗ (2)

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Қарым-қатынастың мазмұнын ата?
2.Қарым-қатынастың перцептивті жағын ата?
3. Қарым-қатынастың интегративті жағына не жатады?
4. Логикалық кедергі дегеніміз не?
5. Семантикалық кедергіге не жатады?


Пайдаланылған әдебиеттер
1.Майерс Д. Әлеуметтік психология [Мәтін] = Social Psychology: [оқулық] / Д. Г. Майерс, Ж. М. Туенж ; ауд. Г. Қ. Айқынбаева [және т.б.]. - 12-бас. - Астана : "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ, 2018. - 559, [1] б.: сур. - (Рухани жаңғыру).
2.Майерс Д. Психология / пер. с англ. И.А. Карпиков, В.А. Старовойтова. – 4-е изд. - Минск: «Попурри», 2015. – 848 с.
3.Психология индивидуальных различий / Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: АСТ: Астрель, 2018. – 720 с.
13 тақырып. Әлеуметтік- психологиялық конфликт түсінігі және құрылымы
13-дәріс
1.Әлеуметтік конфликтілердің табиғаты және шығу себептері
2.Психологиялық конфликтілердің түрлері
3.Конфликтінің функциялары мен зардаптары
1. «Әлеуметтік конфликт» ұғымы
Әлеуметтік конфликттер кез келген әлеуметтік құрылымға тән, себебі олар қоғамдық дамудың қажетті шарты болып табылады. Қоғамның қызмет ету үдерісі конфликт пен пәтуадан (консенсус), келісім мен қарсыласудан тұрады. Қоғамның әлеуметтік құрылымы өзінің түрлі топтарын қатал саралаумен қатар, әлеуметтік топтар, жеке интивидтер және топтар конфликтінің таусылмайтын қайнар көзін білдіреді. Әлеуметтік құрылым қаншалықты қиын болған сайын, қоғам соншалықты сараланады, еркіндік, пікір алуандығы қаншалықты көп болса, соншалықты сәйкес келмейтін, кейде өзара бірін-бірі жоққа шығаратын мүдделер, мақсаттар, құндылықтар да көбейеді, сәйкесінше, болуы мүмкін конфликттер үшін негіз арта түседі.
Алайда қиын әлеуметтік жүйеде бір уақыттың өзінде конфликтіні сәтті шешудің механизмдері де бар. Сондықтан кез келген қоғам мен әлеуметтік қауымдастық мәселесі конфликттің келеңсіз салдарын болдырмау (барынша азайту) және оны туындаған мәселенің оң шешімін табуда қолдану.
Конфликт (латынша — confliktus) қарама-қарсы мүдделердің қақтығысуы, көзқарастар мен қатынастардағы қарама-қайшылық дегенді білдіреді. Қақтығысқа өмірдің түрлі мәселелері себеп болуы мүмкін: материалдық ресурстар, маңызды өмірлік нұсқаулар, билік етуші өкілеттіліктер, әлеуметтік құрылымдағы мәртебелік-рөлдік айырмашылықтар, жеке тұлғалық (эмоционалды-психологиялық) айырмашылықтар және т.б.
Қарама-қайшылық барынша жоғары немесе төмен қарқындылықта және барынша жоғары немесе төмен күштеуде болуы мүмкін. «Қарқындылық қатысушылар тарапынан берілетін энергияны, сонымен қатар жеке шиеленістердің әлеуметтік маңыздылығын білдіреді»1. Қақтығыс формасы – еріксіз немесе күштеусіз – көптеген факторға байланысты болып келеді, сонымен қатар қарама-қайшылық субъектілері көздейтін мақсаттар мен шиеленісті күштеусіз шешу мүмкіндіктері (механизмдері) және шынайы шарттардың болуына да байланысты.
Сонымен, әлеуметтік шиеленіс – бұл қажеттілік, мүдделер мен құндылықтарының сәйкес келмеуі себебінен әлеуметтік өзара әрекеттесудің екі немесе одан да көп қатысушылары және субъектілерінің ашық қарсыласуы, қақтығысуы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет