Пайдаланылған әдебиеттер
1.Майерс Д. Әлеуметтік психология [Мәтін] = Social Psychology: [оқулық] / Д. Г. Майерс, Ж. М. Туенж ; ауд. Г. Қ. Айқынбаева [және т.б.]. - 12-бас. - Астана : "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ, 2018. - 559, [1] б.: сур. - (Рухани жаңғыру).
2.Майерс Д. Психология / пер. с англ. И.А. Карпиков, В.А. Старовойтова. – 4-е изд. - Минск: «Попурри», 2015. – 848 с.
3.Психология индивидуальных различий / Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: АСТ: Астрель, 2018. – 720 с.
4.Руденко А.М. Психология в схемах и таблицах: учебное пособие. – М: Феникс, 2016. – 379 с.
5.Шульц Д. Қазіргі психология тарихы [Мәтін] = A History оf Modern Psychology : [монография] / Д. Шульц, С. Э. Шульц ; ауд. Б. Қ. Ақын [және т.б.]. - 11-бас. - Астана : "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ, 2018. – 447 [1] б.: сур. - (Рухани жаңғыру).
Бақылау сұрақтары:
Тұлғааралық өзара әрекеттестік (интеракция) әлеуметтік-психологиялық зерттеу пәні ретінде. «Диадалық өзара әрекеттестік теориясы.
Тұлғааралық өзара әрекеттестіктің айырмашылық белгілері қарым-қатынас формалары ретінде.Бәсекелестік пен бірлестік өзара әрекеттестіктің түрлері ретінде. Бірлескен іс-әрекет құрылымдағы өзара әрекетестік. Жалып- мақсат топаралық өзара әрекеттестік факторы ретінде.
Өзара әрекеттестікті зерттеудегі теориялық ойындық үлгілсрінің мүмкіндіктері мен шекгеулері. Өзара әрекетгестік зерттеудің ақпараттық әдістері.
12 тақырып. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы
Жоспары:
1. Қарым-қатынас ақпарат алмасу ретінде
2.Коммуникацияның құрылымы, функциялары және түрлері
3.Коммуникативтік кедергілер
Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-кұлкының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айрылса,ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас еді, тек ғана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни сыртқы жағынан адамға ұқсас болар еді. Оған әдебиеттерде көптеген мысалдар, зерттеулер дәлел бола алады. Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер ететін, оның онтогенездің алғашқы этабындағы үлкендермен қарым-қатынасы. Ол осы уақытта өзінін барлық адамгершілік, психикалық мінез-кұлық қасиеттерін қарым-қатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі және бұл онтогенезде пайда болады. Бала бұл кезде, өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат алады.
Л.С. Выготский, Б.Г. Ананьев еңбектерінде қарым-қатынасты өмір әрекетінің бір формасы, адам дамуының әлеуметтік жағдайы, жеке адамның қалыптасуының түрткісі деп қарастырды.
А.В. Петровский Қарым-қатынас біріккен іс-әрекет туғызатын, адамдар арасындағы қатынасты дамытатын көп жоспарлы үрдіс.
Р.С. Немов бойынша қарым-қатынас барлық тірі жанға тән, бірак адамда күрделі формада, саналы түрде болады.
Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек қателеспейміз. Интеллект және ерік, эрудиция және эмоционалды мәдениет тәрбиелілік – осылардың барлығы; және басқа адамдарды түсіну, яғни психикалық дұрыс бағалау. Екіншіден олардың мінез-кұлық және жағдайына адекватты эмоционалды жауап бере алу, үшіншіден әр адамның өзінің жеке даралық ерекшеліктеріне байланысты стилін, әдіс-тәсілін, формасын таба білу. Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра білу керек. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның екінші адамды өзара түсінушілігінен басталады. Немқұрайлық қатігездік тұрпайылық сыйламсыздық қарым-қатынасты бұзады. Ал, егер тілек, өзара сұрақтар, өзара келіспеушілік басым болса, онда достық қатынас, яғни ол жанұяға қажетті психологиялық атмосфера болып табылады. Біз білетіндей адамның өзара түсінушілігіне бөгет болатын жағдайлар; оның қайталанбастығы, жеке даралығы, бір-біріне ұксамайтындығы. Өзара түсінушіліктің тағы бір кедергісі қабылдаудың стереотиптілігі. Кейбір адамдар басқаларды терең білмей өз ойларын айта салады. Мысалы; ол – дәрігер, ол – сатушы, сонымен бәрі түсінікті, себебі олардың моделі, шаблоны бейнесі сол адамға беріледі. Адамның басқа адаммен қарым-қатынасы оның жеке күші мен әлсіздігі, өмірлік қайталанбас жеке даралық көріінісі, тәрбиелеу ерекшелігі сияқты мінез-құлқының ерекшелігіне байланысты. Адамға басқа адамдардың бағалауы мен бірге өзіндік ойы, әлеуметтік статусы ұжым да алатын орны сияқты қасиеттер әсер етеді. Қарым-қатынас басқа да іс-әрекет сияқты белгілі бір нәтижемен аяқталады Қарым-қатынас нәтижесін оның өнімі ретінде қарастыруға болады. Өнімі әр түрлі болады. Оның ішінде басты орын алатындары өзара қатынас және өзінің образы. Өзара қарым-қатынас қатынас үрдісіне өзінің әсерін тигізеді. Адамдар арасындағы өзара қатынас таңдау сипатына ие болады. Бұл таңдау адам қажеттілігіне байланыста анықталады. Баланың өз образы өмірлік іс-тәжірибенің әр түрлі түрінде пайда болады: жеке даралық әрекет тәжірибесі және қарым-қатынас тәжірибесі бала дамуындағы шешуші фактор – баланың өзіне қатынасы қоршаған ортаны белсенді өзгерту және әлеуметтік тарихи сипат алады. Өз образын біз аффективті – когнитивті комплекс ретінде қарастырамыз. Оның аффективті жағын өзін-өзі бағалау ал, когнитивті жағын, баланың өзі туралы ойы деп айтуға болады. Бала өмірге келісімен алдымен үлкендермен, одан кейін құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе бастайды. Осының нәтижесінде жаратылысынан берілген адам болу қабілетін іске асырады. Қарым-қатынас баланың психикалық дамуының негізгі факторы және жағдайы. Қарым-қатынаста адамдар өзін-өзі және басқаларды тану қажетттілігін қанағатандырады. Өзін-өзі тану және қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланысты.
Қарым-қатынаста адамдардың әлеуметтік қатынасы жүзеге асады. Қарым-қатынастың бір-бірімен байланысты үш жағын қарастыруға болады. Коммуникативті жағы, мұнда – қарым-қатынас адамдар арасындағы ақпарат алудан тұрады; интерактивті жағы – адамдар арасындағы өзара әсер етуді ұйымдастырудан тұрады; перцептивті жағы – қарым-қатынасқа түскен адамдардың бір-бірін қабылдау негізінде өзара түсінушіліктің пайда болуы.
Коммуникация ортақ түсінушілікке әкелетін екі жақты ақпарат алмасу. «Коммуникация» терминін латын тілінен аударғанда, «жалпы, барлығымен бөлісу» дегенді білдіреді. Егер өзара түсінушілік болмаса, коммуникация да болмайды. Коммуникация жетістігін білу үшін, кері байланысты білу керек, яғни адамдар сізді қалай түсінді, қалай қабылдады тағы сол сияқты сұрактарға жауап берілуі тиіс. Коммуникациялық компентенттілік – адамдармен керекті контактіні құру және ұстай алу қабілеттілігі. Коммуникативті қабілеттілік адамның жасына, біліміне, мәдениетіне, психологиялық даму деңгейіне, өмірлік және кәсіби тәжірибесіне байланысты ерекшелінеді.
Қарым-қатынас ол ортақ қажеттілгі және әрекеттері бір адамдар ара қатынасының көп қырлы даму үрдісі.
Б.Ф. Ломов қарым-қатынас деңгейлерін қарастырады:
1) Макродеңгей – индивид басқа адамдардың қалыптасқан қоғамдағы қатынастарға, дәстүрлерге, салтқа сәйкес қарым-қатынас жасауынан көрінеді.
2) Мезодеңгей – тақырып мазмұнымен анықталады.
3) Микродеңгей – мазмұны мен сыртқы көрсеткіштері арқылы көрінетін контактілік байланыс.
Қарым-қатынаста адамдар өзара идеялар, қызығулар, көңіл-күймен, сезімдерімен, т.б. бөліседі. Мұның бәрін әртүрлі мәлімет ретінде қарастыруға болады. Адамдар арасындағы коммуникативті процестер техникалық кондырғылар арасындағы алмасудан өзгеше болады, оның мазмұны және формасы бойынша өзіне тән ерекше, маңызды қасиеттері бар. Олардың ерекшелігі - кері байланыс процесі, коммуникативтік кедергілер, коммуникативтілік әсер және мәлімет берудің әртүрлі деңгейі (вербальді-сөз жүзіндегі, вербальді емес-сөз жүзіндегі емес) сияқты процестермен байланысты. Әрқайсысын бөлек-бөлек талдап көрейік: 1. тұлға аралық қарым-қатынастағы кері байланыс. Ең алдымен мәлімет бір жақты болмайды. Екі жақты пікір алмасу түрінде өтеді. Мәліметті беруші-коммуникатор, оны қабылдаушы-реципиент деп аталады. Сондықтан да негізгі мәліметті біреуден екінші адамға беру ғана емес, қарым-қатынас барысында ортақ көзқарас, пікір, ортақ мәнге келу маңызды. Бұл міндетті орындауда ерекше механизм-кері байланыс іске қосылады, ол реципиенттің коммуникатордың іс-әрекетін қалай қабылдап, бағалауына байланысты. Сонымен, кері байланыс дегеніміз – коммуникатордың әрекетіне деген реакциясын көрсететін мәлімет. Ең алдымен тура және жанама. Тура кері байланыста реципиент пікірі ашық түрде берілед. Мысалы: «сенің пікірің маған ұнамайды», «не айтып тұрғаның маған түсініксіз», т.б. және де әртүрлі қимыл-қозғалыс (жест), ренжу, қуану, т.с.с. бұл түрде тиімді болады. Жанама кері байланыс –психологиялық мәліметті берудің астыртын түрі. Бұл жағдайда әртүрлі сұрақтар, кекету, күтпеген эмоциялық реакциялар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда коммуникатор партнердің не айтқысы келетінін өзітүсінуі қажет. Әрине бұлай түсіну әрқашан дұрыс болмауымүмкін, сондықтан түсінуі қиынырақ болады. Коммуникация процесінде тек мәлімет алмасу ғана емес, оны партнерлердің бірдей тура түсінуі қажет. Яғни коммуникация процесінде келіп түскен мәліметті дұрыс түсіну (интерпретация) проблемасы туындайды.
1. Мәліметтің формасы мен мазмұны коммуникатордың жеке-даралық ерекшелігі, реципиент туралы көзқарасы, ол туралы өзінің пікірі және қарым-қатынас процесіндегі жағдайларға байланысты.
2. Оның жіберген мәліметі реципиенттің жеке-дара психологиялық ерекшеліктеріне, көзқарасы, пікірлеріне, жағдайда байланысты өзгеріске түседі. Мәселен, бастығы мен өзінің ұлынан естіген бір мәлімет екі түрлі психологиялық реакцияға әкеледі. (Бастықтың айтқанын зейінмен тыңдаса, баласынікіне ашулануы мүмкін). Мәліметті әртүрлі қабылдау бірнеше себептерге байланысты. Солардың ішінде маңыздысы-коммуникативтік кедергінің болуы (түсініспеушілікке әкелетін тосқауыл), ол-коммуникативтілік процестің екінші ерекшелігі. Түсініспеушілік кедергісі болуы мүмкін. Түсініспеушілік кедергісінің бірнеше түрлеріне болады: 1) фонетикалық кедергі жатады. Әртүрлі тілде, диалектіде сөйлеу, тілдегі кемістік (немесе дикция), тілдің грамматикалық құрылымының өзгеруі. Өте тез сейлеу, сөзді анық айтпау, қосымшадыбыстардың болуы да осыған себеп болады.2) Сематикалық кедергі сөз мәнінің ерекшеліктері (тезаурус) әртүрлі жаргондар, слэнгтер. әртүрлі ортаның өзіне тән «мини-тілі» болады. Өздерінің қалжыңдығы, тілінің оралымдары, т.с.с. Мұндай барьерлерден аттай білу мұғалімдер, дәрігерлер, басшылар үшін өте қажет. 3) Стилистикалық кедергі - коммуникатор тілінің стилі жағдайға сәйкес келмегенде немесе реципиенттің психологиялық көңіл-күйіне сәйкес болмағанда көрінеді. Мысалы, балаларға берілген мәлімет қызықты түсінікті тілде емес, қиын ғылыми тлде айтылса, осындай құбылыс байқалады. Сондықтан коммуникатор өзінің реципиенттерінің көңіл-күйі, жағдайларын сезіне білуі керек, қарым-қатынас жағдайларының өзгерістерін тез сезініп, саған байланысты өзгерістер енгізуі қажет. 4) Логикалық кедергі, коммуникатордың ұсынған логикалық тұжырымдары өте күрделі болғанда туындайды. «Ерлер логикасы», «әйелдер логикасы», т.б. логикалар туралы айтуға болады. Қарым-қатынастағы әлеументтік-мәдени ерекшеліктерге саяси, діни, кәсіби ерекшеліктерді жатқызуға болады. Қарым-қатынас процесіндегі мәлімет алмасу деңгейлері екі түрде іске асырылады: вербалды, вербалды емес. Вербалды (сөз арқылы) деңгейінде (негізгі)-тіл пайдаланылады. Сонымен қатар вербалды емес жүйелер де пайдаланылады: оларға оптикалық-кинестезиялық және акустикалық жүйелер жатады. Оптикалық-кинестезиялық жүйеге адамның сыртқы түрі және әсерлі қимыл-қозғалыстары, ымишараттары, мимикасы, отырыс-тұрысы, жүрісі, т.б. жатады. Бұл жүйенің маңызды түріне көздік контакт жатады. Адамның сезімдері негізінен осылар арқылы беріледі. Партнердің сөзіне сенбегенде осыларға көңіл аударамыз. Акустикалық жүйеге сонымен бірге коммуникатордың дауысының сапасын (тембірі, биіктігі, қаттылығы), интонация, сөйлеу темпі, дауыс екпіні және әртүрлі сөз арасындағы үзілістер (пайза), жөтелістер, күлкілері, т.б. жатқызады. Және де коммуникатывті процестің кеңістікте, уақытта ұйымдастырылуы да маңызды. Қарама-қарсы отыру-дұрыс қатынас, сыртынан айқалау, керісінше бұрыс қатынас болып есептелінеді. Сонымен бірге тиімді тыңдай білу техникасы да маңызды. «Есту» және «тыңдау» күрделі еріктік процесс, зейін қойып, өз проблемасын ұмытып, өзгенің проблемасына тереңдей білу әрқашанда бола бермейді. Тиімді тыңдадуың екі түрі бар: зейін қойып үндемей тыңдау-басын изеу, мимикалық реакциялар, көз түйістіру, зейінін бөлудің әртүрлі фазалары. Кейде «Иә»-«иә» деген сөздері айту, немесе соңғы сөздерді қайталау да қолданылады. 2-түрі рефлексивті тыңдау, әртүрлі сұрақтар арқылы, бір ойды басқа сөздермен жеткізу (парафраз), қорытындылау, аралық қорытындыларды айтып беру.
XIX – ғасырда әлемнің беделді жоғарғы оқу орындарында реторика кафедрасы ашылып, ғалымдар мен қоғамдық қайраткерлер реторика пәні бойынша дәрістер беруді бастады. 1800-1900 жылдар аралығында реторика қоғам өміріне араласатын адамдарды сөйлеу мәнеріне үйретті. Чикаго Университетінде 1900 ж. Коммуникация жеке пән болып қалыптасты. Соңғы ғылыми зерттеулерде коммуникацияның сегіз түрі анықталған [1, 26 б.]:
1. интратұлғалық коммуникация – intrapersonala communication – дегеніміз тұлғаның жеке ойлауы, яғни, адамның өз-өзіне сөйлесуі;
2. тұлғааралық коммуникация – interpersonal communication – екі адам арасындағы әңгіме;
3. топтық коммуникация – group and team communication – шешім қабылдау барысында туындайтын, арасында өздерінің лидері бар шағын топ;
4. қоғамдық коммуникация – public communication – ремти түрде тұлғаның қоғам алдында тұрып сөйлеуі;
5. ұжымдық коммуникация – organizational communication – жұмыс бабына байланысты туындайтын әріптестер арасындағы коммуникация;
6. ақпараттық коммуникация – mass communication – ақпарат құралдары мәдени құндылықтарға қатты әсер етеді, мәселен, қыз балалардың киіну стильдері;
7. тұлғалық және әлеуметтік ақпараттық құралдар — personal and social media – техниканың дамуына байланысты ақпараттық құралдар адамдар арасындағы коммуникацияны одан әрі жақсарта түсті, мәселен, ғаламторда қоғамдық желілерді қолдану арқылы адамдар тез әрі тиіммді түрде коммуникацияға түсе алады;
8. мәдениетаралық коммункация – intercultural communication – екі түрлі мәдениет иесінің арасындағы қатысым.
Коммуникация (лат. Communicatio – ортақ қылам, байланыстырам, қарым-қатынас орнатам) — адамдардың өзара қарым-қатынасының формасы, ой бөлісу түрі. Аристотельдің түсіндіруінше, коммуникация дегеніміз тұлғамен, оның сөйлеу әрекетімен, оны тыңдайтын аудиториямен және оның сөйлеу мақсатымен байланысты процесс [1, 33 б].
Лоретаның тұжырымдауынша, коммуникация символдар жиыны, өйткені біз адамның ойын, сезімін тікелей біле алмаймыз. Мысалы: ғашықтар бір-біріне сезімін білдіру үшін жүзік сыйлайды. Cонымен қатар, Лорета коммуникацияның үш түрлі үлгісін көрсетті:
1. Сызықты үлгі – linear model. 1948 ж. Харолд Ласвел коммуникацияның сызықты түрін анықтады: кім айтты – нені — қандай жолмен – кімге — қандай нәтижемен айтылды? Бірақ 1979 ж. Клаудио Шанон мен Варен Вивер бұл үлгіні өңдеп, дыбыстық коммуникацияны қосты, себебі адам сөйлегенде интонация арқылы адамның ойын түсінуге болатындығын дәлелдеді.
2. Өзара белсенді үлгі – interactive model. 1955 ж. Вилбур Шрам коммуникацияның екінші үлгісін бейнеледі, егер адам коммуникацияға түскенде ақпаратты алып қана қоймай, оған кері жауап қайтарады.
3. Транзакциялық үлгі – transactional model. Коммуникацияның екі үлгісінің болғандығына қарамастан, 1997 ж. Ж. Т. Вууд үшінші үлгіні ойлап тапты. Вуудтың айтуынша коммуникация алма кезек болуы мүмкін емес, яғни бірінші адам сұрап, екінші адам жауап қайтарумен шектелмейді. Сонымен қатар, адам коммуникацияға түскенде бірін бірі күтпей сойлесе береді. Сондай-ақ, мұнда сыртқы дыбыстық әсерлер коммуникацияның мазмұнының өзгеруіне әсер етеді. Демек, коммуникативтік актіде белгілі бір мазмұны бар информацияны тіл арқылы алып-беру әрекеті іске асады, демек, қараым-қатынас барысында информация А есімді коммуниканттан Б-ға көшіп, керісінше, Б А-ға жауап қайтару немесе лебізін айту кезінде ауысып отырады.
Коммуникацияның екі түрі бар: бейвербалды коммуникация – сөйлеусіз іске асады, яғни сөздерсіз қозғалыс арқылы қатысымға түсу; вербалды емес қарым-қатынас — «дене тілі», «ым-шара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-шара, мимика, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция т. б. жатады; ал вербальды коммуникацияда тіл қолданылады, вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады, демек сөздер арқылы ақпарат беріліп, оған жауап қайтару түрінде жүзеге асады. Коммуникация семиотикалық амалдар арқылы іске асады. Сондықтанда сөйлеу этикетін лингвистикалық мәдениеттану тұрғысынан қарастырған кезде осындай бейвербалды компоненттерге ерекше көңіл аудару қажет. Бейвербалды амал-тәсілдер тілдік қатынаспен қатар мағыналық реңк береді. «Паралингвистика» тіл білімінде тілдік емес, демек, бейвербалды амалдарды қарастыратын бөлім. Вербалды емес қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты зерттеулерді шетелдік ғалымдардың, Пол Экман, Аллан Пиз, Барбара Пиз, Роджер Акстел, Альбер Мерабян, Альберт Шефлен, В.Б. Шапарь, Э. Холл, Д. Ньюренберг, Г. Калеро, С. Данкелл, А. Штангль, Карстен Нимиц, А.Л. Ярбус, т.б. еңбектерінен көруге болады. Вербалды емес қарым-қатынас ерекшеліктерін білу әңгімелесушіні жақсырақ тануға ғана емес, сондай-ақ айтылған сөздің басқа адамдарға қалай әсер еткенін алдын ала көруге мүмкіндік береді, яғни қажетті нәтижеге жету үшін әрекетті және мінез-құлықты өзгертудің қажеттілігі жайлы білуге болады. Кез келген «жемісті» қатынастың кепілі сенімді контакт болып табылады. Ал мұндай контакт сіздің не айтқаныңызға ғана емес, өзіңізді қалай ұстағаныңызға байланысты, әсіресе іскерлік қарым-қатынаста. Ғылыми ортаға «паралингвистика» терминін алғаш рет американдық зерттеуші А. Хилл ХХ ғасырдың қырқыншы жылдары енгізген. Коммуникациядағы бейвербалды элементтер семиотика ілімінде зерттеледі, осындай ғылыми зерттеулердің бастауында Р. Бердвистелл, Л. Вест, Т. Сибеок, Э. Сепир, В. Стокоу, Дж. Трейгер, Э. Холл т.б. ғалымдар болды. Олар коммуникативтік актіні вербалды және бейвербалды компоненттердің жиынтығы ретінде қарастырды.
Коммуникативтік актідегі бейвербалды тәсілдерді зерттеу «кинесика» ұғымымен тығыз байланысты. Кинесика – kinesis — грек тілінен аударғанда «қозғалыс» деген мағынаны білдіреді. Тіл білімінде кинесика коммуникацияға енетін және қарым-қатынас барысында қолданылатын кинемалар, мимикалық және пантомикалық қозғалыстар, дене қимылдары сияқты ұғымдардың жиынтығы ретінде анықталады. Кинесика паралингвистика, жалпы тіл білім, қарым-қатынас теориясы, лингвоелтану т.б. пәндердің аумағында қарастырылады. Кинемалар қарым-қатынастың ежелгі формаларының рудименті болғандықтан, кез келген этностың ұлттық.-мәдени ерекшеліктерінің белгісі болады, сол себептен бүгінгі күні кинесика ұғымы және оған жататын құбылыстарды лингвистикалық мәдениеттану пәнінің объектісі ретінде зерттеу қажет.
Кинесиканың ерекшеліктері мен функционалдық жүйесін ғылыми тұрғыдан алғаш рет қарастыру белгілі ғалым Ч. Дарвиннің үлесіне тиді. Зерттеуші тілдің шығу тарихы мен дене қимылы, ымның дамуындағы байланыстарды ұштастырды. Лингвистикада осы мәселе ХХ ғасырдың елуінші жылдарының басында АҚШ пен Англияда П. Бэтсон, М. Джос, У. Лабарр, П. Оствальд, Э. Станкевич, Ч. Хукетт т.б. тіл мамандары мен психологтардың жұмыстарында қарастырылды. Ал бұрынғы Кеңес Одағын қамтитын елдерде сонғы қырық.-елу жыл көлемінде осы ұғым сөйлеу әрекетінің элементі ретінде
Б. А. Успенский, Т.М. Николаева, Г. В. Колшанский, А. А. Леонтьев, Е. Ф. Тарасов, Ю. А. Сорокин, В. В. Андриянов, т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Белгілі ғалым Д. Хаймс атап өткендей, тілдердің арасындағы айырмашылық олардың коммуникативтік қызметіне байланысты, сондықтан да кез келген тілде өтетін қарым-қатынас процесінде тілдік және бейвербалды компоненттер ұлттық нышандарға ие. Паралингвистикалық амалдарға фонация (сөйлеу тембрі, дауыс екпіні, мелодиялық құбылыстар, кідірісті толықтырушы элементтер т.б.) және кинесика (ым, дене қимылы мен қалыбы) жатады. Аталған бірліктердің барлығы кез келген тілде кездеседі. Олар — қарым-қатынасқа қосымша мағына береді; кейбір тілдік амалдардың орнына қызмет атқарады; вербалды компоненттермен бірге коммуникативтік процесті жалғастырады;
Р.С. Немов вербалды емес қарым-қатынастың маңызы зор екендігімен келісе отырып, кеңес беру барысында клиенттің психологиялық жағдайы мен жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін белгілерді көрсетті. Олар: мимика, жест, интонация.
· Қолын басына қоюы — өзіне сенімді, өзгелердің алдында жоғары санайтын адамдардың қимылы.
· Егер адам қобалжып, сынау немесе қорғаныс позициясын ұстанса – екі қолын көкірегінің алдына жинастырады;
· Қолын көкірегіне жинастыруы – қорғанысты қажет ететін жағдайда тығылуға деген ұмтылыстың белгісі;
· Егер сізбен әңгімелесуші адам екі қолын көкірегіне жинастырса, ол сіздің дегеніңізбен келіспей тұрғаны;
· Өзінің жағымсыз сезімдерін жасыруға деген ұмтылысты иықты қарсы қолдың саусақтарымен қысқаны арқылы байқауға болады;
· Егер қолды көкірекее жинастырғанда бас бармақ жоғары қараса, ол адам өзінің дәрежесін жоғары санағаны;
· Қолды айқастыру, сондай-ақ, қорқыныш сезімінің туындағанын көрсетеді; - Егер адам тамақ астын уқаласа, ол шешім қабылдау үстінде отыр;
· Егер адамға өзінің шешімі жайлы айтуды сұрағанда ол аузына бір зат (саусақ, көзілдірік) салса, ол сенімсіз, алаңдауда, оған ойлануға уақыт керек болғаны;
- Егер адам желкесін алақанымен сипап, көзін шетке тартса, ол адам өтірік айтуда; · Екі қолын беліне қойып, бір қолымен екінші қолының білегін ұстаса, ол адам ашулы, ренжулі күде және өзін «қолға алуға» тырысуда;
· Адам ашулы болған сайын, оның арқасындағы қолылы жоғары көтеріле түседі; · Адамның өтірік айтқанын немесе шынайы еместігін көрсететін белгілер: басын, бет бөліктерін қолымен ұстауы, әсіресе, аузын, мұрнын, көзін, құлағын және мойнын; · Саусағын аузына салуы, қолдауды қажет еткені.
· Саусақпен немесе тырнақпен устел бетін тарсылдату шыдамсыздықтың белгісі; · Егер айқасқан қолдару жоғарыда болса, бұл адаммен келісу қиын болады.
Қарым-қатынастың бейвербалды түрі көптеген зерттеу жұмыстарының тақырыбына айналған. Ғалымдар паралингвистикалық амалдардың сөйлеу әрекетіндегі маңызын айта келе олардың атқаратын қызметін пайызбен есептеп көрсетті. Мысалы: француз психологы Француа Сюлже және ғалым Альберт Мейербан адамдардың қарым-қатынасы вербалды амалдар (тек сөз арқылы) 7%, интонация, дыбыс және үн арқылы 38%, ал бейвербалды тәсілдердің көмегімен 55% өтеді деп атап көрсетті. Ал профессор Бердвислл сұхбат кезінде тіл 35%, ал бейвербалды амалдар 65% қызмет етеді деген тұжырым жасаған. Паралингвистикалық амалдардың этно-мәдени белгісі ретінде олардың ұлттық мәдениетіне, соның ішінде салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына байланысты туған ерекшеліктерін атау керек. Кез келген лингвомәдени қауымдастық басқа социумдардан кинесикалық жүйесінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарына байланысты өзгешелетіні белгілі. Сол себептен тілдегі паралингвистикалық факторлар белгілі бір этностың ұлттық белгілері тұрғысынан зерттеліп, сол тілді үйренушілерге оқытушы ақпарат беруі қажет.
Коммуникативті кедергілер-ақпараттың механикалық үзілуі және осыдан оның мағынасының жоғалтуы; берілетін ақпарат анық еместігі, бұның нәтижесінде берілетін ойдың мағынасы жоғалады. Бұны ақпараттың жетіспеушілігі деп атайды.
Көп жағдайда эмоциямен эмоционалдық тосқауыл байланысты. Бұнда адамдар қандай да бір ақпаратты алып, өздерінің сезімдеріне сай қабылдайды. Келесі түрі фонетикалық түсінбеушілік ол ең алдымен қатысушылар әртүрлі тілде және диалектерде сөйлеген кезде пада болады. Сондай-ақ түсінбеуді семантикалық тосқауылы бар бірінші кезекте ол қарым-қатынасқа қатынасушылардың мағыналар жүйесіндегі әртүрлілігі. Бұл ең алдымен жаргодар алэнгтер мәселесі.
Түсінбеудің логикалы тосқауылы. Ол коммуникатормен ұсынылатын логикалық пайымдау рецепиент үшін өте қиын немесе оған дұрыс емес болып көрінеді, дәләлдеу мәнеріне қайшылық тудырады.
Психологиялық тосқауылдың пайда болу себебі: сыбайлас қарым-қатынасындағы әлеуметтік мәдени айырмашылықтарға байланысты. Бұл әлеуметтік, саяси, діни, және кәсіби айырмашылықтар болуы мүмкін.
Қарым-қатынастағы тосқауыл-бұл коммуникатор мен рецепиент қарым-қатынасының барысында туындайтын , таза психологиялық феномен.
Достарыңызбен бөлісу: |