1 Дәріс Психологияға кіріспе Жоспары



бет33/40
Дата09.11.2022
өлшемі0,76 Mb.
#48784
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40
Коммуникативті компоненттілік. Коммуникация - өзара түсінушілікке әкелетін екі жақты ақпарат алмасу процесі. Егер адамдар өзара түсінушілікке келмесе, онда коммуникация орындалмаған болып табылады. Коммуникацияның сәтті болуы үшін адамдардың сізді түсінгені, сізді қалай қабылдағаны және мәселеге қалай қарайтыны туралы кері байланыс алу қажет.
Коммуникативті компетенттілік - басқа адамдармен байланысты орнатып, оны сақтай білу қабілеттілігі. Қарым-қатынас жағдайын жақсы түсіну және өзара түсінушілікке жету тиімді коммуникацияның белгісі болып табылады.
Коммуникацияның нашар болуының себептері:
- стереотиптер - жеке адамдар немесе жағдайлар туралы қалыптасқан ой-пікірлер, нәтижесінде адамдарды, жағдайларды, мәселелерді тусіну және объективті талдау болады;
- өзінің көзқарасына қарсы келетін пікірлерді қабылдамау, оған қарсы болу;
- адамдар арасындағы жаман карым-қатынас, нәтижесінде басқа адамды өз ойыңыздың дұрыстығына сендіре алмау пайда болады, басқа адамның зейііні мен қызығушылығының жоқ болуы, ондай қызығушылық адамның өзіне қажетті, маңызды ақпараттың мәнін санадан өткізу нөтижесінде пайда болады;
- көптеген фактілерді елемеу, яғни қажетті фактілер аз болса қорытынды жасау;
- өз ойын білдірудегі қателіктер, мысалы, логиканың жоқ болуы дұрыс емес сөздерді қолдану, қарым-қатынастың күрделілігі;
- қарым-қатынас стратегиясы мен тактикасының дұрыс болмауы.
Қарым-қатынас стратегиясы:

  1. ашық - жабық;

  2. монологтық - диалогтық;

  3. рөлдік — тұлғалық.

Ашық қарыт-қатынас - өз ой-пікірін жеткізе білу және басқа адамдардың позицияларын, пікірлерін есепке алу. Жабық қарым қатынас - жағдайға қатысты өз ой-пікірін білдіре алмау немесе білдіргісі келмеу. Сонымен қатар "бір жақты сұрау" және "мәселені истерикалық түрде түсіну" деген қарым-қатынас стратегиялары да болады. "Бір жақты сұрау" - жартылай жабық қарым-қатынас. Мұнда адам өз ой-пікірін айтпай, басқа адамның ой-пікірін білуге ұмтылады. "Мәселені истерикалық түрде ұсыну" — басқа адамның ой-пікірін сұрамай, өзінің мәселесі мен сезімдерін ашық түрде білдіру".
Қарым-қатынас тактикасы - қарым-қатынас ережелерінің техникалары мен білімдерін қолдану негізінде нақты бір жағдайды қарым-қатынас стратегиясын жүзеге асыру тәсілі. Қарым-қатынас техникасы - қарым-қатынас икемділіктерінің жиынтығы: сөйлеу және тыңдау.
Қарым-қатынас түрлері:
1. Маскалар байланысы - ресми қарым-қатынас, адам басқа адамның тұлғалық ерекшеліктерін есепке алмайды және оны түсінуге де ұмтылмайды, әр түрлі маскаларды қолданады, басқаша айтқанда, бұл — басқа адамға деген шынайы эмоция мен қарым- қатынасты білдіртпейтін бет-әлпет көріністері мен ым-ишара жиынтығы;
2.Қарапайым қарым-қатынас - басқа адамды қажетті не кедергі объект ретінде бағалау мысалы, адам қажетті болса, байланысқа белсенді түрде түседі, ал адам кедергі болса, оны қабылдамайды, тіпті қатал, агрессивті түрде әрекеттеседі;
3.Ресми-рөлдік қарым-қатынаста қарым-қатынас мазмұны мен көрініс табады, мұнда адамның тұлғасын емес, оның әлеуметтік рөлін білу жеткілікті;
4. Кәсіби қарым-қатынаста тұлғаның мінезі, жасы, жеке тұлғаның ерекшеліктері есепке алынады, бірақ іс-әрекет ерекшеліктері маңыздырақ болып табылады;
5.Рухани қарым-қатынас - достар арасындағы тұлғааралық қарым-қатынас, олар әр түрлі тақырыптарда әңгімелесе алады, бір-бірін сөзсіз бет-әлпеті, қимылы, дауыс ырғағы арқылы түсінеді. Мұндай қарым-катынас адамдардың бір-бірін жақсы білуі арқылы бағалайды;
6.Манипулятивті қарым-қатынас адамның тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі тәсілдерді қолдану арқылы, мысалы, қорқыту, өтірік айту, т.б. арқылы одан өзіне қажетті пайда табуға бағытталады;
7. Ауқатты қауым қарым-қатынасында адамдар өз ойын емес, сол жағдайда рұқсат етілген нәрсе туралы айтады. Бұл қарым-қатынастың кодексі: а) сыпайылық, әдептілік; ә)келісушілік; б)ашық мінезділік, мейірімділік.
Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.
Қарым-қатынас негізі екі канал арқылы жүзеге асады: тілдік (вербалды) және тілдік емес (вербалды емес) қарым-қатынас каналдары. Сөйлеу тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол ақпараттың қайнар көзі, басқа адамға әсер етудің тәсілі.
Тілдік қарым-қатынас құрылымына мыналар жатады: 1) сөздердің мәні мен мағынасы - сөздерді нақты, дұрыс айту сөилемдерді дұрыс құру;
2)тілдегі дыбыстық құбылыстар - сөйлеудің темпі, ритмі интонациясы, дикциясы, дауыстың жоғары-төмендігі, әуезділігі.
3) дауыс шығару көріністері - қарым-қатынас барысында пайда болатын арнайы дыбыстар.Мысалы, күлу, жылау, сыбырлау, күресу, "хм-хм", "эх", "ах", т.б. сөздердегі дыбыстар.
Тілдік емес қарым-қатынасты зерттейтін ғылымдар:
1.Кинестика адамдардың эмоциялары мен сезімдерінің сыртқы көріністерін зерттейді:
а) Мимика бет-әлпеттің бұлшық ет қозғалыстарын зерттейді;
ә) Жестика дененің жеке бөліктерінің қозғалыстарын зерттейді;
б)Пантомимика дененің бүкіл моторикасын: жүріс-тұрыс, еңкею, қисаю, т.б. қалыптарын зерттейді; '
2.Таксика қарым-қатынас барысындағы қол алмасып амандасу, беттен сүю, құшақтау, сипау, т.б. денеге тию әрекеттерін зерттейді.
3.Проксемика қарым-қатынас барысында адамдардың кеңістікте орналасуын зерттейді.
Адамдардың өзара байланысында келесі арақашықтық зоналары белгіленеді:
Интимді зона (15-45 см). Бұл зонада тек өте жақын адамдар жатады. Олар бір-біріне сенімді болады, тактильді байланыс орнатады, тыныш, ақырын дауыспен сөйлейді. Зерттеулердің көрсетуі бойынша, интимді зонаның бұзылуы ағзадағы әр түрлі физиологиялық өзгерістерге әкеледі. Мысалы, жүрек қағысының жылдам болуы, адреналиннің тым көтерілуі, қанның басқа шығуы. Өзіндік немесе персоналдық зона (45-120 см) достар мен әріптестер арасындағы қарапайым әңгімелесу кезінде болады, визуалды-көру байланысы орнатылады; Әлеуметтік зона(120-400 см), әдетте, ресми кездесулерде, мұғалімдер немесе басқа да жұмыс бөлімдерінде бірін-бірі жақсы танымайтын адамдар арасында болады; Публикациялық зона (400-ден жоғары) үлкен топпен қарым- қатынаста орнайды, мысалы, митинг, дәріс аудиторияларында, т.б.
Мимика — адамның ішкі эмоционалды күйін білдіретін бет-әлпет бұлшық еттерінің қозғалысы. Мимика адамның көңіл-күйі туралы нағыз, дәл ақпарат береді. Ақпараттың 70 пайызынан көбін мимикалық көріністер береді, яғни адамның көзқарасы, қасы, ерні, мұрны оның айтқан сөздеріне қарағаңда көп мәлімет береді. Адам көзқарастарының түрлері:

  1. Кәсіби - адамның көзі басқа адамның маңдайына бағытталады, бұл қарым-қатынастың жақсы атмосферасының орнауына әсерін тигізеді;

  2. Ауқатты қауым — адамның көзі басқа адамның көзінен төмен ерінге дейінгі жерге бағытталады;

  3. Интимді - адамның көзі басқа адамның көзіне емес, бетінен төмен кеудесіне дейін бағытталады.

Көз, қас, маңдай, мұрын, ауыз, ерін, иек адамның негізгі эмоцияларын көрсетеді: қуану, қайғыру, қорқу, мұңаю, таң қалу, қызығу, т.б. Адамның нағыз сезімін байқауда ерін мен қастың маңызы зор. Ым-ишара қарым-қатынас барысында көп ақпарат береді.
Жеке адамаралық қарым-қатынасты зерттеуде американ психологы Дж. Морено (1958) ұсынған социометрия әдісі кең қолданылады. Социометрия негізінде нақты іс-әрекет кезіндегі шағын топтың қарым-қатынасын (жақтыру, жақтырмау) анықтауға болады. Дегенмен, топты толық зерттеу үшін тек социометрия әдісі жеткіліксіз болып табылады.
Кеңестік психологияда қарым-қатынасты, бір жағынан, іс-әрекеттің бір түрі, екіншіден, іс-әрекеттің өзіндік көрінісі деген ұғымда қолдану басым. Қарым-қатынастың іс-әрекетке кіріктірілуі оған қатысушылардың әрекеттерін «үйлестіріп» немесе «үйлестірмей» іске асырады. Мұндай үйлестірушілік қарым-қатынастың ерекше әсер етушілік функциясымен байланысты.
Психология және педагогика ғылымындағы зерттеу жұмыстарына сүйенетін болсақ, қарым-қатынастың төмендегі бірнеше стилдерін атап өтуге болады:
- авторитарлық стиль;
- өктемдік стиль;
- демократиялық стиль;
- дистанциялық стиль;
- немқұрайлық стиль;
- ойнақы-қалжыңға негізделген стиль;
- аралас стиль.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет