Сцинтилляциялық тіркегіштеоптикалық сəулеленуден басқа сезімталдығы өте жоғары фотоэлектронды көбейткіш қолданылады. Бұл көбейткіште жылдам электрондар металл бетіне соқтығысып, одан көп мөлшердегі электрондарды бөліп шығаруға негізделген. Бөлінген электрондар электр өрісінде үдетіліп келесі электродқа қарай бағытталады, одан соң сол электродтардың əрқайсысы тағы да бірнеше электрондарды бөліп шығарадыда электр өрісі арқылы үдетіліп олар келесі электродқа қарай бағытталады.
7.2-суретке сəйкес жарық фотогатодқа (фк) түсіп, одан электрон бөлініп шығады да, ол көбейткіштің жылдамдатқыш электродына қарай бағытталады.
7.2-сурет Көбейткіштің 1,2,3,4 электродтары динодтар деп аталады.
Бұл динотронды эффект деген сөзден шыққан (яғни, электронмен атқылау нəтижесінде екінші ретті электрондардың шығуы). Əрбір парланған динодтар 1,2,3,4 арасына 100-200 В потенциалдар айырымын тудырып бөлініп шыққан электрондар жылдамдатылады. Фотогадоттан бөлінген бір электрон электр өрісі əсерінен үдетіліп бірінші динодқа соқтығысып, одан бірнеше электрондарды бөліп шығарады, динодтан бөлінген электрондар келесі динодқа осындай үлкен үдеумен келіп соқтығысып екінші динодтан, одан да көп электрондар бөлініп шығады. Осылайша соңғы динодтан коллекторға (К) өте көп электрондар көшкіні беріліп, фотокөбейткіштің сыртқы тізбегіне үлкен ток импульсін береді, оны қосымша электрондық аппараттар көмегімен жеңіл тіркеуге болады.
Бұл есептегіштің басқа түріне кристалдық санауыш жатады. Бұлардың сцинтилляторында жылдам бөлшектер жарық шығармайды, тек кристалл атомынан үлкен мөлшерде электрондар бөлініп шығады. Сондықтан да кристалға келіп соққан жылдам бөлшектер əсерінен тізбекте ток импульсі пайда болады да, одан соң ол үдетіледі де, сцинтилляциялық санауыш сияқты электрондарды тіркейді.
Сцинтилляциялық санауыштың ажырату қабілеті өте жоғары. Олар сцинтиллятор арқылы өткен бөлшектердің бір-бірінен уақыт айырмашылығы қандай болатындығын, яғни 10–8 секунтқа дейінгіні ажырата алатындығын байқаймыз