1 Дәріс Психологияға кіріспе Жоспары



бет34/40
Дата09.11.2022
өлшемі0,76 Mb.
#48784
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40
Лидерлік - жеке тұлғалар арасындағы қатынаста үстемдік ету.
Қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам Лидер ретінде танылады. Лидер алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі бір әлеуметтік ортада адамдардың күш-жігерін біріктіріп, іс-әрекетін қоғам мүддесіне сай жүргізеді. Лидерге алғырлық, ақылдылық, қажырлылық, ұйымдастырушылық, жұртқа жағымдылық, сондай-ақ өзіне жауапкершілік ала білу және іскерлік таныта білушілік, т.б. қасиеттер мен қабілеттер тән. Кез келген тарихи кезеңде, қоғамдық-саяси өмірде Лилер аса беделді тұлға ретінде танылады.


Дәріс №10 Қарым-қатынастың перцептивті жағы


Жоспары:


1.Қарым-қатынастың перцептивті механизмдері
2.Тұлғааралық өзара әрекеттесу кеңістігі
3.Мен және басқалар
Жеке адамаралық қарым-қатынастың пайда болуы және табысты іске асырылуы, егер де қатысушылар арасында өзара түсініктік болғанда ғана мүмкін. Өзара түсініктіктің болуы, бір жағынан, басқаның мақсат-мүддесін, мотивтен, бағдарын түсіну, екіншіден түсіну ғана емес, сол мүдде, мотивтен, бағдарлы қабылдау, бөлісу түрінде көрінеді.
Осы екі жағдайда да қарым-қатынасқа түсушінің басқа адамды қабылдауының маңызы өте зор, яғни қарым-қатынастың үшінші құрамды бөлігі перцептивті жағы туралы айтылып отыр. Әлеументтік психологияда әлеументтік перцепция ұғымы кең мағынада: перцептивті процестердің әлеументтік детерминантасы деп қолданылады. Бұл терминді 1947 ж. алған енгізген Дж Брунер. Бірақ әлеументтік перцепция онымен шектеліп қоймайды. Қарым қатынас туралы сөз қозғағанда, жалпы әлеументтік перцепция туралы емес, соның ішіндегі жеке адамаралық перцепция туралы емес, соның ішіндегі жеке адамаралық перцепция, жеке адамдардың өзара қабылдауы туралы айтылады. Сонымен бірге адамдардың «қабылдауы» деген термин де онша дәл емес, бұл жағдадйда адамдардың бір бірін тануы, түсінуі деген ұғым тұрғысында қарастырылып отыр.
Адамды тану ұғымы сыртқы пішінін ғана қабылдаумен қатар, оның өзін ұстауы, мақсат мүдделері, ой, қабілеттері, эмоциялары, бағдарлары тұрғысында өзіндік ой елестерінің қалыптасуын қамтиды. Және де қарым қатынасқа түсушілер арасындағы эмоциялық қатынастардың пайда болуы да қамтылады.
Сонымен әлеументтік перцепция адамның сыртқы бәлгілерін қабылдау, оны жеке тұлғалық психологиялық сипаттамаларымен сәйкестендіру, талдап түсіну, соның негізінде келешектегі іс-әрекеттерін болжау деген пікірге жақын.
Әлеументтік перцепцияның төрт функциясы бар: өзін-өзі тануы, қарым-қатынас партнерін тануы, өзара түсініктік жағдайында бірлескен іс-әрекет пен эмоциялық қатынастардың іске асырылуы. Әлеументтік перцепцияны қарастырғанда екі мәселеге көңіл аудару қажет-қабылданатын адамның (субъект) психологиялық және әлеументтік ерекшеліктерін зерттеуге, екіншіден жеке адамарлық бейнелеу механизмдердің талдауына.
Бақылаушының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу әлеуметтік психологияның зерттелінген саласына жатады. Адамдардың бір-бірін қабылдауы мен түсінуінде жеке-даралық, жыныстық, жас ерекшеліктеріне, кәсіби және жыныстық-ролдік айырмашылықтар бар екені тіркелген. Мәселен, балалар көбіне ересектерге қарағанда сыртқы кейіп-пішінге (киімі, шаш қоюы, сыртқы кейіптегі ерекшеліктерге, т.б.) көңіл аударады. Мұғалімдер мен оқытушылар өз шәкірттерінің білімге ұмтылыуы, тәртіптілігі, тағы сол сияқты қасиеттеріне көбірек көңіл бөлсе, ал студенттер педагогтардың тіпті басқа қасиеттеріне көңіл аударатыны байқалған. Сол сияқты басшылардың қол астындағыларды қабылдауы да екі түрлі. Дегенмен, адамды қабылдауда, негізінен, ол адамның психологиялық ерекшеліктері мен бағдарлары маңызды рөл атқарады. Әсіресе, бұл айтылғандар алғашқы таныстық кезінде байқалады. Әлеументтік психологияда қабылданатын объектінің психологиялық қасиеттерін зерттеу де дәстүрлі түрде қалыптасқан. Көбінесе, бақыланатын адамның қандай психологиялық және басқа қасиеттері маңызды, оны тануға көбірек мәлімет береді, басқаша айтқанда адамдар қарым-қатынас барысында партнерді бағалауда қай нәрсеге көбірек көңіл бөледі?
Ондай маңызды қасиеттерге бақыланатын адамның бет-бейнесінің қимылы (мимика), сезімдерін білдіруі (экспрессия) отырыс-тұрысы, жүрісі жатады. Киімі, шаш қойысы және дауыс ерекшеліктері мен сөйлесу мәнері де жатады. Зерттеулерден байқалғанындай, кең таралған, «интернационалды» ымишараттармен қатар, белгілі мәдени және ұлттық топтарға тән ым-ишараттар бар.
Қабылдаудың табыстылығын қамтамасыз етуге бағытталған әмбебап психологиялық механизмдер болады. Оған әлеументтік перцепция механизмдері жатады. Адамды адамның қабылдауы мен түсінуінің механизмдерін: идентификация, эмпатия, рефлексия, аттракция, атрибуцияны жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет