№1. Дәріс сабағы Мемлекет туралы негізгі түсініктер

бет3/5
Дата20.02.2023
өлшемі3,2 Mb.
#69427
1   2   3   4   5

Мемлекетті тану

Танудың бұл түрі негізгі және ресми теориялар өкілдерінің арасында даулы талас тудырып отыр. Мемлекеттің халықаралық құқық субъектілігі халықаралық бірлестіктің басқа қатысушыларына тәуелді емес. Оның жақсы нұсқасы мынадай үлгіде болуы тиіс: жаңа мемлекеттің пайда болуы - жаңа субьектінің пайда болуы. Мұндай қарапайым арифметикалық формуланың салдары тану актісі болуы тиіс, себебі бұл мемлекеттер арасындағы өзара қатынастар үшін заң базасын жасайды.
Мемлекетті таныған кезде үкіметтін де танылатыны сөзсіз. Бірақ, халықаралық құқықта үкіметті тану туралы мәселе үкіметтің билікке конституциялық емес жолмен келген жағдайларында жиі қойылады. Тану кезінде халықаралық конференцияға жаңа мемлекеттің немесе жаңа үкіметтің қатысуы міндетті емес. Халықаралық ұйымдарда өкілдік және үкіметті тану мәселелері халықаралық құқықтың екі дербес институттары.
De jure
De facto
Ad һос
Танудың дәстурлі турлері
Бұл толық көлемдегі заңдық салдар туындағанда, құқық бойынша, тұтастай ресми тану. Мысалы, толық түпкілікті тану дипломатиялық өкілдер алмасу, кең көлемдегі екі жақты шарттар жасау, танылатын мемлекеттің мүлікке және басқа құндылықтарға билік ету құқығын тану, танылатын мемлекеттің иммунитетін тану сияқты әрекеттерді жасауға міндеттейді.
Тануы көпжылдық қатынастар орнатуға; экономикалық және әкімшілік сипаттағы шарттар жасасуға міндеттейді. Халықаралық қатынастар тәжірибесінде танудың бүл нысаны субьектінін, мұнан да ресми қатынастар орнату қажеттілігіне сенімсіз болған жағдайларда қолданылады. De facto -тануының маңызды сипатының бірі оның қайта қайтарылу мүмкіндігі немесе кейін de jure тануына айналуы.
Мойындауы фактілік сипатта. Мұндай жағдайда, субьектінің танылуы жоқ, алайда, мысалы, мемлекетке туындаған мәселелерді реттеу үшін белгілі бір қатынастарға түсуі қажет. Мысалы, бір реттік қатынастар -спорт жарыстарына, ғылыми семинарларға, конференцияларға т. б. қатысу. Мұндай шаралар аяқталған соң қандай да бір қатынастардың пайда болғанына қарамастан, субьектінің құқығын танымау жөнінде жариялануы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет