Құқықтық мирасқорлық - бұл бір субъектінің құқықтары мен міндеттерінің белгілі бір оқиғалар мен жағдайлардың туындауы нәтижесінде екінші біреуге өтуі. Халықаралық құқықта қарастырылып отырған институт азаматтық құқықтағы құқықтық мирасқорлықтан өзгешерек екені сөзсіз. Мұндай айырмашылықтардың болуы халықаралық құқықтың ерекшеліктеріне байланысты.
Құқықтық мирасқорлық - бұл бір субъектінің құқықтары мен міндеттерінің белгілі бір оқиғалар мен жағдайлардың туындауы нәтижесінде екінші біреуге өтуі. Халықаралық құқықта қарастырылып отырған институт азаматтық құқықтағы құқықтық мирасқорлықтан өзгешерек екені сөзсіз. Мұндай айырмашылықтардың болуы халықаралық құқықтың ерекшеліктеріне байланысты.
Халықаралық құқықтағы мирасқорлық институты Халықаралық құқықта мемлекеттердің құқықтық мирасқорлығы туралы мәселелері мынадай жағдайларда туындайды
а) әлеуметтік революцияларда
г) мемлекет аумарының бір бөлігінің басқа мемлекетке өтуі кезінде
в) мемлекеттердің бір бөлігінің бөлек шығуы
б) отарлардан мемлекеттердің құрылуы кезінде
Халықаралық құқықтың кез-келген субъектісі құқық қабілеттілігіне, әрекетқабілеттілігіне және деликт қабілеттілігіне ие. Құқық қабілеттілігі халықаралық құқық субъектілерінің субъективтік құқықтарға және заңи міндеттерге ие болу қабілеттілігі. Мұнндай қабілеттілікке мемлекеттер құрылу сәттен, үкіметаралық ұйымдар құрылтайшы құжаттар күшіне енген сәттен, жеке тұлғалар тиісті халықаралық шарттарда анықталған жағдайлардың пайда болған сәтінен ие бола алады.
Әрекет қабілеттілігі халықаралық құқық субъектілерінің өздерінің саналы әрекеттерімен дербес түрде өздерінің құқықтарын және міндеттерін жүзеге асыруын білдіреді.
Мемлекеттер - халықаралық құқықтың негізгі субъектілері ретінде.
Халықаралық құқық субъектісі ретінде мемлекеттер үшін ерекше саяси-заңдық сипат, өз аумағындағы үстемдігі және халықаралық қатынастардағы тәуелсіздігі тән. Мемлекет өз тәуелсіздігінің күші бойынша құқықтық субъектілікке ipso-facto-ға ие, яғни өзінің өмір сүру фактісің нәтижесіне ие болады. Мемлекеттердің әрекет қабілеттігі оның халықаралық шарттық тәжірибелерге қатысуынан, дипломатиялық және елшілік қатынастарды орнату нәтижесінен, халықаралық ұйымдарға мүше болу мәселелерінен көрінеді. Мемлекеттің халықаралық құқықтың субектісі болуы халықаралық жүйенің өзгешелігін көрсетеді. Мемлекет, бір жағынан алғанда, халықаралық жүйенің бір бөлігі болса, екінші жағынан, одан тыс та дами береді.
Мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арасындағы немесе халықаралық ұйымдардың арасындағы шарттардың құқығы туралы 1986 ж. Вена Конвенциясы - ның 3-бабына сәйкес, халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың субъектілері болып табылады. Оларды негізгі субъектілер болып табылатын мемлекеттер әр түрлі ауқымдағы ынтымақтастық үшін құрады. Сондықтан да қарастырып отырған субъект туынды топқа жатқызылады. Халықаралық ұйымдар санының өсуі және халықаралық қауымдастықта маңызды мәселелерді шешудегі рөлінің артуы оларды нормативтік тұрғыдан бекіту қажеттігін туғызады. Халықаралық ұйымдардың тәуелсіздігі жоқ, олар мемлекетке тәуелді, яғни халықаралық ұйымдардың өмір сүруі үшін мемлекеттер ерік білдіруі керек.