Мемлекет тәріздес құрылымдардың халықаралық кұқықтық субектілігі.
Халықаралық құқықтың тарихы арнайы шарттар арқылы ерекше саяси-аумақтық құрылымдардың мәртебесін айқындап берді. Оларға "еркін қалалар", Батыс Берлин мен қазіргі кезде Ватикан жатқызылып жүр.
Халықаралық сипаттарға сәйкес жеке тұлғаға берілетін құқықтар көлемінің халықаралық және аймақтық деңгейінің кеңеюіне байланысты ол халықаралық құқық субъектісінің бірі болды. Индивидтер халықаралық құқықтың шектелген құқықтық субъектілігі бар субъектісі екенін айтып өткен жөн, өйткені оның халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларын құруға қатысу құқығы жоқ. Алайда халықаралық-құқықтық нормаларды қолданудың тиімділігі индивидтің құқықтары мен міндеттерінің көлемін кеңейтуде.