1. ДӘріс сабақтары дәріс № Картография пәні оның зерттеу әдістемелері



бет3/58
Дата17.10.2023
өлшемі1,29 Mb.
#117690
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
1. ДӘріс сабақтары дәріс № Картография пәні оның зерттеу әдістÐ

Полигонометрияда сынық сызық қабырғаларының ұзындығы және олардың бұрылу бұрыштары өлшенеді Бірсыпыра белгілі шарттар орындалғанда, бұл екі тәсілмен (триангуляция және полигонометрия) де геодезиялық тор пункттерінің координаталарын бірдей дәлдікпен табуға болады. Ал бұл тәсілдердің қайсысын пайдалану мәселесі жұмыс жүргізілетін жердің физико-географиялық жағдайына байланысты шешіледі. Жер бетіндегі нүктенің биіктігі нивелирлеу тәсілімен анықталады. Карта жасауда пайдаланылатын нүктелердің биіктігі теңіз деңгейінен есептеледі. Геодезиялмқ тор пункттері жер бетінде арнаулы таңбалармен бекітіледі.
Трилатерацияда геодезиялық карталар мен торларды үшбұрыштардан (немесе олардан да күрделі фигуралардан) құру тәсілдері қарастырылады. Мұнда фигуралардың бұрыштары өлшенбейді, тек қана оның барлық қабырғасының ұзындығы анықталады.Трилатерация тәсілі, әзірше, геодезиялық тірек пункттері жоқ жерлерде масштабы 1: 25 000 жәие 1:50 000 карталарды салу үшін жүргізілетін аэрофототүсіруді пландық негіздеуге, яғни түсірудің пландық пункттерін құрудға қолданылады. Әр елдің немесе континенттердің геодезиялық торларын бірыңғай координаталар жүйесіне келтіріп, оларды біріктіру үшін және жер эллипсоидының параметрлерін табу үшін космостың триангуляция тәсілі пайдаланылады.

Топография (грек тілінен аударғанда topos-орын және графия) жер бетін планға және ірі масштабты картаға (1:100 000 масштабқа дейін) түсіру әрі бейнелеу әдістерін зерттейтін ғылым. Ол әдетте геодезияның бір бөлімі ретінде де қарастырылады. Топография жер бетін зерттеуге физикалық және экономикалық географияға, ал жер бетін топографиялық түсіруде (яғни топографиялық карта жасауда) геодезия мен картография ғылымдарына сүйенеді. Топографиялық түсіру –белгілі бір участкенің топографиялық картасын жасау үшін жүргізілетін жұмыстардың жиынтығы. Топографияға мензулалық түсіруден басқа тахеометриялық түсірулер, сондай-ақ түсіру торларын құрастыру әдістері де жатады.Топографиялық картаның мазмұнының толықтығы ең алдымен планның немесе картаның масштабына байланысты болады. Мысалы, картаның масштабы неғұрлым ірірек алынса, онда картада жер беті элементтері (мөлшері кішкене болып бейнеленген) көбірек қамтиды. Масштабы кішірейген сайын картаның жер беті элементтерін сұрыптау және жалпылау дәрежесі (картографиялық генерализация) артады. Яғни, мұндай жағдайда картаға география тұрғысынан маңызды деп есептелінетін жер беті элементтерін мүмкіндігінше көбірек қамту көзделеді. Картаны толық етіп құрастыруда топографиялық шартты белгілер жүйесі де маңызды роль атқарады.
Аэрофототүсіру әдісінің шапшаң дамуына байланысты мензулалық түсіру өзінің бұрынғы атқаратын ролін төмендетті. Сөйтіп ол шағын аудандағы түсіру жұмыстарында қолданылатын болды. Дегенмен жер бетінде жүргізілетін түсірулердің көптеген тәсілдері мен әдістері аэрофототопографиялық түсіру үшін әлі де бұрынғы маңызын жойған жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет