1. ДӘріс сабақтары дәріс № Картография пәні оның зерттеу әдістемелері



бет5/58
Дата17.10.2023
өлшемі1,29 Mb.
#117690
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
1. ДӘріс сабақтары дәріс № Картография пәні оның зерттеу әдістÐ

Картографияның басқа ғылымдармен байланысы. Картографияның негізін дұрыс түсіну үшін және оның басқа ғылымдар арасындағы орнын анықтау үшін, ғылым мен техниканың басқа салаларымен байланысын қарастыру қажет. "Маған досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтып беремін" деп мақалда айтылғандай, картографияның басқа ғылымдармен байланысын қарастырайық
Ең бірінші ол географиямен және Жер туралы ғылымдармен тығыс байланыста.
Кез келген географиялық зерттеу - картаны жасау және сараптаудан басталады. Сонымен қатар жаңа ғылыми бағыттардың қалыптасуында картография маңызды рөл атқарады. Мысалы, мұхиттану ғылымы картаның арқасында мүхит түбінің бедері және геологиялық құрылысы, температурасы және тұздылық, тірі организмдердің таралуы, мұнай дақтары туралы мәліметтердің барлығын ала алады.
Ешкім, ешқашан мұхит түбін ұшақтан, я болмаса ғарыш кемесінен қарағандай көре алмайды. Бірақ мүхиттанушылар картаның көмегімен су асты бедерін зерттеуде жетістіктерге жетіп отыр.
Мүхит ағыстары мен атмосфералық желдер карталарын салыстыра отырып "мұхит - атмосфера" деп аталатын алып жүйенің байланыстарын білуге болады. Медициналық география халықтар картасы, су және ауаның ластануы, топырақтағы улы заттардың таралуы, жануарлардың (инфекция тасымалдаушы) таралу картасы, т.б. қарап отырып, эпидемиялардың таралуы, ауру тудыратын жағдайлар туралы мәліметтерді картадан алады.
Жер туралы ғылымдардың негізі бола отырып, картография өзі де күннен күнге жетілуде: картаның жаңа типтері жасалды, оларды тиімді пайдаланудың жолдары табылды.

Дәріс№ 3 Жердің пішіні мен өлшемдері


1. Жер фигурасы туралы алғашқы қалыптасқан көзқарастар
Жердің фигурасы мен өлшемдері жайында бақылаулар мен есептеулер негізінде бірте-бірте түсінік бола бастады.
Ежелде Жер туралы түсініктің дөңесті диска ретінде кеңінен таралуы адамдардың көргенімен түсіндіріледі, олар горизонт сызығының дөңгеленіп тұрғанын көрген, одан барып кемелердің біртіндеп горизонт сыртына жоғалғанын, немесе керісінше горизонт сыртынан шығып келе жатқанын байқаған. Біздің эрамыздан жеті ғасыр бұрын Жердің дөңгелек екені белгілі болған, сол кездің өзінде-ақ оны өлшеуге әрекет жасалған. Біздің эрамызға дейінгі IV ғасырда Аристотель сол кезде Жердің шар тәрізді екендігі жөніндегі деректерді жинақтап, негізін қалаған.
Ал біздің эрамызға дейінгі II ғасырда Эратосфен Киренский Асуан (Сиена) мен Александрия аралығындағы меридианның кесіндісін (доғасын) градусын (бұрыштық қашықтығы) жергілікті жерде өлшеп, меридианның бір градусының ұзындығы 110,6км тең екендігін есептеп шығарған. Мұның өзі шын орташа өлшеміне (111,2км) жақын келеді.
Содан бері Жердің шар тәрізді екендігі жөнінде жаңа деректер шықты, мәселен, жер шарын айнала жүзулерде бұрыштарды анықтау методтары жетілдіріліп, жер қашықтығын өлшеудің жаңа методтары қолданылған. Француз ғалымы Жан Пикардің 1669—1670 жылдары өте жетілдірілген приборлармен триангуляция методын қолдануы меридианның градусының мөлшерін соған дейінгі өлшегендердің барлығынан дәл анықтауға жағдай жасаған. Жердің радиусы 6371,7 км тең. Алайда көп ұзамай Жердің шар еместігі дәлелденді, И. Ныотонның айналып тұрған дененің фигурасы міндетті түрде шардан ауытқиды дегені дұрыс болды. Бұл жайында Ришенің сағатпен (1672 ж.) жүргізген белгілі тәжірибесі анықтады,
Парижде (48°51' с. е) оның маятнигі Кайендегіге (4°56' с. е.) қарағанда тезірек жүрді. Кайендегі сағат Париждегідей жүруі үшін маятникті қысқарту керек болды. Қоңыржай ендіктен экваторлыққа ауыстырған кезде маятниктің жүруінің бәсеңдеуі осы бағытта оның Жердің центрінен қашықтығының артуынан екендігі анықталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет