1. ДӘріс сабақтары дәріс № Картография пәні оның зерттеу әдістемелері



бет43/58
Дата17.10.2023
өлшемі1,29 Mb.
#117690
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58
Байланысты:
1. ДӘріс сабақтары дәріс № Картография пәні оның зерттеу әдістÐ

11.6. Гидрометеорлогиялық баұқылаулар
Метеорологиялық, гидрологиялық, океонологиялық станциялар мен посттарда бақылау
нәтижесінде алынған мәліметтер картографиялаудың көптеген түрлерінде кеңінен
қолданылады. Бұл мәліметтер жүйелі түрде жүргізілетін өлшемдер арқылы алынады, мысалы,
атмосфераны , атмосфералық процесстер, жеке метеорологиялық элементтер (температура,
қысым, жауын-шашын, күннің нұр шашуы, жел, бұлттылық т.б.), өзендер, көлдердің, су
қоймаларының гидрологиялық режимдері, теңіз және мұхит суларының физико-химиялық
сипатамалары және т.б. көрсеткіштер өлшемдері. Өлшемдердің орташа тәуліктік, айлық,
маусымдық, жылдық мәндері және атмосфераның түрлі биіктік деңгейлері мен көлдер, теңіздер,
мұхиттардың стандарттық горизонттарының және басқа да туынды көрсеткіштері анықталады.
Бақылаулар гидрометеорологиялық желі пунктері мен жер шарына біркелкі таратылып
орналастырылған кемелер борттарында жүргізіледі.
Гидрометеорологиялық және окенологиялық мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау жұмыстарын
үйлестіру үшін халықаралық ұйымдар – Дүниежүзілік ауа райы қызметі және Океандық
станциялардың ғаламдық біріккен жүйелері құрылған. Алынған ақпараттар өңделіп, бақыланып
ақпарат сақтауларларында жинастырылады.


11.7.Экономика-статистикалық мәліметтер
Әлеуметтік-экономикалық тақырыптағы карталар мен атластарды құруда негізігі мәліметтер
көзі болып бұқаралық мәліметтер: өндіріс ресурстарының динамикасы мен жағдайы, оларды
пайдалану, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы, транспорт, энергетика, финанс және
халық шаруашылығының басқа да салаларының , халық, білім, мәдениет, қызмет көрсету
сфералары т.б. туралы сандық мәлімдемелер саналады.
Негізгі әлеуметтік-экономикалық мәліметтер көзіне мемлекеттік статистикалық және
халықаралық ұйымдар жариалаған, мысалы БҰҰ мәлімдемелер жатады. Мемлекеттік
статистиканы біріңғай әдістеме бойынша бекітілген бағдарламаға және мерзімге сәйкес жүйелі
түрде барлық мемлекеттерде орталық және жергілікті (аймақтық, аудандық, муниципальды)
органдар жинайды. Мемлекеттік статистикалық мәлімдемелерді арнайы автоматтанған жүйелер
жинақтайды, сақтайды, өңдейді және таратады.
Тұрғындар, мәдениет және қызмет көрсету карталардың мәліметтер көзі болып, кезеңді
жүргізілетін халық санағы материалдары жатады, санақ барысында мемлекет және жеке
территория тұрғындары туралы демографиялық, әлеуметтік-экономикалық мәлімдемелер
жинақталады. Халық санағы біріңғай әдістеме және бағдарлама негізінде барлық территорияларда
бір уақытта жүргізіледі де, біркелкі ақпаратпен қамсыздандырады.
Әлеуметтік –экономикалық мәлімдемелер тек картаға түсіру үшін ғана емес, сонымен қатар
өндірістік көрсеткіштерді есептеуге, құрамалар сипаттамалары және синтетикалық бағалаулар
үшін қолданылады.Өз кезегінде бұл мәліметтер синтетикалық әлеуметтік –экономикалық
карталар құру үшін пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет