1. ДӘріс сабақтары дәріс № Картография пәні оның зерттеу әдістемелері


Дәріс №13 Картаны пайдалану әдісі



бет45/58
Дата17.10.2023
өлшемі1,29 Mb.
#117690
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58
Байланысты:
1. ДӘріс сабақтары дәріс № Картография пәні оның зерттеу әдістÐ

Дәріс №13 Картаны пайдалану әдісі
Картография –бейне белгі моделі, обьектілерді, табиғат құбылыстарын кеңістікке таралу
заңдылықтары бойынша зерттеп картаға түсіру.
Әр ғылымның екі жақты байланысы болады..
а)танымдық, пәнді меңгеру танып білу
б)танып білу әдістері
Картографияның өзіндік танымдық обьектілері, олар: материалдық заттар мен
құбылыстарының өзара орналасу тәртібінің барлығы; бұл тәртібтің уақытша өзгеруі.
Картографияның танымдылық құралы (пәні) картаға график тілімен түсіру-нақтылы
жағдайды бейне белгі моделі бойынша.
Картография –карта көмегімен кеңістік пен уақытты тоқтатып, жаңартуға, әр дәуірдің
ерекшеліктерін, техниканың даму дәрежесін, қоғамды көрсете алады.
Тарихи қалыптасқан картаның екі түрі бар:
1)жалпы географиялық- дүние жүзі құрылымы мен қоғамды көрсетеді;
2)топографиялық, инженерлік, арнаулы карталар күнделікті өмірде, адам қызметінде
қолданылады;
3)картографиялық зерттеу әдістері- картадағы құбылыстарды танып білу және талдау

Карта жасаудағы заңдылық
Географиялық карталарды жасаудың ерекше математикалық заңы болады. Географиялық
картаның бірнеше ерекшелігі бар: Бірінші, картографиялық проекциялардың көмегімен карта
жасау жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы дәл деректер
алуға мүмкіндік береді.


Екінші, картографиялық белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдалану:
а) жер бетінің бір бөлігін, немесе оны түгел қамту үшін қажетті масштабта кішірейтіп алуға
мүмкіндік береді және картада алынған масштабта кішірейтіп көрсетуге келмейтін, ал өзінің
маңызы жағынан қалдырып кетуге болмайтын объектілерді көрсетуге жағдай жасайды. ә) картада
жер бедерін көрсетуді, яғни белгілі бір жердің ойлы-қырлы екендігін кескіндеуді жеңілдетеді;
б) Географиялық картада заттардың сыртқы бейнесімен қатар, олардың ішкі қасиеттерін де
(мысалы, теңіз картасында судың физико-химиялық қасиеттерін, ағыстарды т. б.) көрсету оңайға
түседі;

в) адамның сезім мүшелері қабылдай алмайтын құбылыстардың (магнит бұрылысы, ауырлық


күшінің аномалиясы т. б.) таралуын, тікелей көруге қиын байланыстар мен қатынастарды (шикізат
көзі мен оны өңдейтін кәсіпорындардың арасындағы) көрнекі түрде көрсетуге болады;
г) жеке объектілердің ұсақ-түйек жақтарын алып тастап, бәріне ортақ және ең маңызды
белгілерін (елді мекендерді халқының саны мен әкімшілік маңызы жағынан сипаттау) көрсетуді
оңайлатады, яғии абстракция әдісін қолдануға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет