1. ДӘріс сабақтары дәріс № Картография пәні оның зерттеу әдістемелері


Ғарыштықтық түсірімдер классификациясы



бет40/58
Дата17.10.2023
өлшемі1,29 Mb.
#117690
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58
Ғарыштықтық түсірімдер классификациясы
Масштабы бойынша


Өте ұсақ масштабты
1:10 000 000-1:100 000 000


Ұсақ масштабты
1:1 000 000- 1: 10 000 000


Орташа масштабты
1:100 000-1:1 000 000


Ірі масштабты
1:10 000-1: 100 000



Көрнекілігі бойынша


Ғаламдық (планета)
S =n10 км L=10 000 км


Ірірегиональды
S=n10 км L=500-3000 км


Региональды
S=n 10 км 2L=50-500 км


Локальды
S=n 10 км L=10-50 км


Кеңістікте рұксат етілуіне


Төменгі рұқсат етілі түсірімдері
m n 1000м


Орташа рұқсат етілі түсірімдері
m= n 100 м


Биік рұқсат етілі түсірімдері
m= n 10 м

0-100 м- салыстырмалы биік
10-30-биік


Өте биік рұқсат етілі түсірімдері
m= n 1 м


Аса биікрұқсат етілі түсірімдері
m= n 1 м кіші

S- түсірім қамтығын аудан


L- қамтыған жолақ кеңдігі
n- 1+9
–жергілікті рұқсат етілуі

Жер ландшафтысы компонентерін бір түсірімде кешенді бейнелеу картаграфияланатын


обьектілердің кеңістіктегі байланыстарын дұрыс берілуін камтамасыз етеді.
Осыған байланысты аэрокосмостық түсірімдер, картографияда топографиялық карталарды
жедел жаңарту, тақырыптық және фотокарталарды құру және аз зерттелген, түсірілуі қиын
аудандарды картографиялауда қолданыс тапты.
Түсірілімдер ультракүлгін, көрінетін және жақын қызылкүлгін, орташа қызылкүлгін,
жылылық қызылкүлгін спектрдің радиотолқындарында жүргізіледі. Көрінетін және жақын


қызылкүлгін диапазондар, обьектілердің шағылыстыру қабылетіне сәйкес шағыстырылатын
күн сәулелерін тіркейді.Түсірілімдерде обьектілердің оптикалық сипаттары бейнеленеді- олардың
спектралды жарықтығы.Түсірілімдер тек жарық жағдайларда ғана жүргізіледі. Жылылық

қызылкүлгін спектр диапазондары, Жердің өзіндік шағыстырылуы мен обьектілердің
температуралық сипаттарын тіркейді. Бұл диапазондағы түсірілімдер жарыққа тәуелді емес
кез-келген кездерде тіпті түндеде жүргізіле береді, дегенмен бұлттылық кедергілік жасайды.

Радиодиапазонды түсірілімдерде, радиотолқындар шағылыспай тұман мен бұллттардан еркін
өтетін болғандықтан түсірілімдер тәуліктің кез-келген уақытында, ауа райы жағдайына
қарамастан жүргізіле береді. Суреттерден жер беті рельефі мен кедір-бұдырлары, ылғалдылығы,
жер асты құрылымдарын көруге болады. Әртүрлі спектральды диапазондардағы түсірілімдерде
түрлі технологиялар қолданылып, түрлі типтегі суреттер алынады.

Көрінетін және жақын


инфрақызыл (жарық) диапазондардағы түсірілімдер





Жылулық инфроқызыл


Дипазондар
дағы
түсірілімдер






Радио

диапазондағы түсірілімдер













Жылулық инфроқызыл радиометрлік түсірілімдер



Фото




ЗҚБ

(ПЗС)






Радиолокациялық



Сканерлік


Микро
толқынды радиометрліікк


40-сурет. Спектральды диапазондар бойынша аэрокосмостық түсірілімдер

классификациясы және түсірілімдер технологиясы (А.М.Берлянт бойынша)

Фотографиялық түсірімдер –жер обьектілері шағылыстырған күн сәулелерін фотопленкаларға
кадрлар арқылы тіркеу нәтижелері. Аэрофототүсірілімдерді ұшақтар мен тік ұшақтар, космостық
түсірілімдерді- спутниктер, космостық кемелер мен орбитальдық станциялар, суасты
түсірілімдерді- тереңге түсірілген фотокамералар, жерасты түсірілімдерді-фотодеодолитер
көмегімен түсіру арқылы алады.
Жеке жоспарлық түсірілімдерден басқа, картографиялық мәліметтер көзі болып стереопаралар,
фотосхемалар және фотопландар, фронтальдық (вертикальды) фотосуреттер т.б. саналады.
Космостық фототүсірілімдер жақсы геометриялық қасиеттері және аса сапалы бейнелілігімен
ерекшеленеді. 2 м-ге дейін рұқсат етілген азаматтық пайдалануға болатын түсірілімдер - (барлау
спутниктері арқылы 0,2 м-ге дейінгі рұқсат етілген түсірілімдер), масштабы 1:50 000, биіктігі
бойынша дәлділігі 10 м ,планда 15 м топографиялық карта құруға мүмкіндік береді. Бұл
түсірілімнің кемшілігі –түсірілген пленканы өңдеу үшін Жерге жеткізу қажет.
Негізгі ауқымды ақпарат көлемін сканерлік түсірімдер береді – жер беті обьектілерінің
сәуле шашуын, элементтер және жолақтар бойынша тіркеу нәтижелері және оларды
радиоканалдар арқылы ақпараттау. «Сканерлеу» деген сөздің өзі кез-келген участкені жүйелі
бақылау үшін жарық сәулелерінің орын ауыстыруын басқару. Спутник немесе ұшақ арқылы
түсірілімдер жүргізгенде сканерлік қондырғы (қозғалмалы айна) жергілікті жерді әр жолағын
бірінен соң –бірін жүйелепсақтаушы қозғалысына көлбеу бақылап отырады. Фотоэлектр
қабылдағышқа жарық сигналы түседіде, электрлікке қайта айналады, радиоканалдар бойынша
жер беті қабылдағыш қондырғыларға цифрлар түрінде беріледі, беріледі, соңынан бейнелеу
түрінде жазылады. Нәтижесінде жолды құрылымды суреттер алынады, жолдар кішкене
элементтерден түзіледі- пикселдер, санерлік бейнелеудің элементарлық ұйымдары. Әрбір пиксел
сканер көруінің шапшаң бұрыштық алаңына сәйкес келедін жергілікті жердің интегральдық
жарықтығын қайтарады (шағылыстырады), участке ішіндегі бөлшектер айқын көрінбейді..
Ұшу кезінде жергілікті жердің кең үздіксіз жолақтарын үнемі түсіріп отырады. Сканерлік
бейнеленудің сапасы фототүсірілімдерге қарағанда төменірек, дегенмен шапшаңдылығы және
уақыттың нақты тәртібінде сандық формада түсірімдерді тапсыруы бұл әдістің баға жетпес
құндылығын көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет