1-дәріс. Сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері Негізгі мәселелер: Бастауыш білім берудегі сауат ашу үдерісі «Сауат ашу әдістемесі»



бет12/18
Дата19.10.2023
өлшемі257,35 Kb.
#119705
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
1-дәріс. Сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері Негізгі мәс-emirsaba.org

Сұрақтар мен тапсырмалар:
  1. Көркем жазу жұмыстары туралы ақпарат әзірлеңіз.


  2. Жазу сабағын жаттықтыру дегенді қалай түсінесіз?


  3. Жазуға қойылатын талаптарды кестеге түсіріңіз.


  4. Жазуға үйрету әдіс-тәсілдерінің каталогын жасаңыз.




11-дәріс. Оқуға үйрету әдістемесі
Негізгі мәселелер:
  1. Бастапқы оқуды қалыптастыру: буындап оқу, тұтас сөзді дауысты дыбысқа бағыттай оқу


  2. Бастауыш мектепте оқу сабағын жүргізу.




1. Буындап оқу, тұтас сөзді оқу. Сауат ашудың дыбыстық талдау-жинақтау әдісі бойынша сөз жеке дыбыстарды бөлек-бөлек айту арқылы оқытылмайды, буынға бөлініп оқылады. Өйткені дыбыстап оқу дегеніміз – алфавиттегі әрбір әріптің жеке дыбысталуын өзара қосып оқу деген сөз. Мұндай жағдайда ешқандай сөз дыбыстарын жасай алмаған болар едік. Мысалы, тақта дегенді «тыақытыа» деп айтар едік. Олай болатын себебі, қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар тек дауысты дыбыстардың көмегімен дыбысталатыны жоғарыда сөз болған. Сондықтан сөзді оқудың өлшемі – буын.
Қазақ тілінде буынның негізгі түрлерінің – ашық, тұйық, бітеу буынның – әрқайсысы сауат ашу барысында сөзді буындап оқуға түрлі ықпал етеді.
Дауыссызға аяқталған буын дауысты дыбыс сияқты еркін созып айтуға келмейді, тұйық айтылып, буын соңындағы дыбыс кілт тоқталады, дауыс тынады: ат-тар, ас-тық, ар-қар. Оларды буын ыңғайында дыбыстау үшін үстеме тәсілдер қолдану керек болады (буындағы дауысты мен соңғы дауыссызды қайталап айту).
Дауыстыға аяқталған буын дауысты дыбыс сияқты созылып айтылады, сөзді буындап айтуды оңайлатады, созылыңқы буын өзінен кейін келесі буын бар екенін аңғартады, яғни алғашқы буын, келесі буынның қосылып айтылуын тілеп тұрады. Мұндай жағдай буындарды бір-бірімен оңай қосылып, сөзді тұтас құрастырып оқуды жеңілдетеді. Сауат ашуға да керегі осы. Дауыссыздан дауыстыға қарай оқу дауыссыз дыбысты дыбыстауға, келесі буынды қосуға мүмкіндік береді. Қазақ тілінің буын құрылысына байланысты айтылған бұл ерекшеліктер сауат ашуды ашық буыннан бастаудың тиімді екенін көрсетеді. Осыған орай «Әліппе» оқулығы да ашық буында оқытудан басталады, яғни сауат ашудың алғашқы кезеңінде сөзді оқудың ашық буынға негізделген перспективтік материалдары беріледі. Егерде бала жаңа таныған дауыссызға өзіне бұрыннан таныс а дыбысын қосып (а-та түрінде) оқи алатын болса, (әрине, мұндай дыбыстардың қосылысы буын ретінде мұғалімнің басшылығымен жеке де, хормен де дыбысталып үйретіледі), келесі танитын дауыссыздарға да а дыбысын (бара-бара буын өзгерту ұстанымы бойынша барлық дауыстыларды) қатыстырып, ашық буындарды жасай алатын болады.
Перспективтік материалдарды төмендегі сызба-кесте түрінде ұсынуға болады:
ата-ата Са-ра
па – апа жа – жаға
на – ана ба – бала
ға – аға ма – маса
ра – ара да – дала
уа – ауа қа – қала
ла – ала ша – шана
Кестеде берілген сөздердің бәрінде де оқушыға бұрыннан таныс әрі дыбысталуы оңай дауысты а дыбысы екі рет қайталанып келеді. Ал мұндай жағдайда оқылатын дауыссыз дыбыс ерекше бөлініп, бірден көзге түседі. Басқаша айтқанда, бала оқығанда, айтқанда таныс емес жалғыз дауыссыз дыбысты бірден естіп, жазғанда оны бірден көре алады. Оқылатын сөздегі бір дыбыстың ғана бөлек болып, қалғандарының таныс бір дыбыстан қайталануы дыбыстық талдау жасауға және ұқсастықпен салыстырып оқуға мүмкіндік жасап, сауат ашу кезінде сөзді оқуды мейлінше жеңілдетеді. Екіншіден, дауыстыға аяқталған буындардың созылыңқы айтылуы нәтижесінде сөзді құрап оқу оңай болады.
Әліппе бағандарында берілген сөздерді буындап оқудың нақты үлгілерін мұғалім көрсетеді:
1) бірінің астына бірі жазылған сөздер тобы әліппе бағандары деп аталатынын, ондай бағандар сөз тізбектерін топтап, әр топтың аралығындағы ашық жер шекара бөлуші қызмет атқаратынын, алдыңғы баған біткен соң келесі баған оқылатынын түсіндіру;
2) баған жасаушы сөздер тобының қалай жазылып, қалай оқылатынын мұғалім тақтаға жазып көрсетеді;
3) бағандағы әрбір сөздің екі түс арқылы буынға бөлініп (буын арасына сызықша қойылмай) жазылуын түсіндіру; әдетте (бұрынғы әліппелерде) бағандағы сөздер сызықша арқылы буынға бөлініп берілген.
Оқу барысында сөзді буынға талдай отырып, бастапқы буынды келесі буынмен жалғастыра оқу талап етіледі. Бұл тұста бала бірінші буынды оқыған соң, үлкен дауыс кідірісін жасап, тоқтап қалмауы керек. Алғашқы буынды келесі буынға қосып оқуға әдеттенуі керек. Сауат ашуда мұның үлкен мәні бар. Бұл талап буынға бөлінбей, бағаннан тыс сөзбен оқуға берілген сөздерді тұтастыра оқу барысында да мұқият қадағалауды қажет етеді. Бағандағы сөздерді үйрету үшін оларды тақтаға жазып, дыбыстық талдау-жинақтау жасау арқылы сөз құрамындағы дыбыстарды жеке дыбыстау және сөздегі орын ретін анықтап алған соң, сөздің буындалып оқылатыны туралы мынадай жұмыстар жүргізіледі; әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып оқу, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқу, буындарды жеке тұтас сөздегі айтылумен оқу; дауыс екпінін бақылау; әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқу.
Соңғы психологиялық зерттеулерге қарағанда бастауыш сынып балаларының өзін теориялық ойлауға, жалпыдан жекеге көшу, заттар мен құбылыстардың арасындағы байланысты аңғаруға үйретуге болатыны анықталады. Егер мектепке оқуға түскен бала әлі заттар мен құбылыстардың негізгі белгілерін айыра алмайтын болса, мұның өзі олардың тәжірибесінің аздығынан, білімінің жеткіліксіздігінен деп түсінген жөн.
Осыған орай, І сынып оқушыларының заттар, құбылыстар туралы елестерін анықтап, бір жүйеге келтіру қажет. Бұл жұмыс әуелі әліппеде берілген сөздер арқылы жүргізіледі.
Бірінші сынып оқушылары естігендері, көргендері, кейбіреулері оқығандары жөнінде айтып бере алады. Алайда олардың сөйлемдері нашар, жүйесіз құрылған, белгілі бір жоспармен айта алмайды. Егер мұғалім әңгімені дұрыс салаға бағыттап отырмаса, тіл дамыту құр мылжың болып кетуі мүмкін. Мұндағы негізгі міндеттің өзі — балаларды белгілі бір жүйемен сөйлеуге үйрету ғой.
І сынып оқушылары сурет бойынша, сөйлегенде де ұсақ бөліктерге көбірек тоқталады. Мұның өзі де олардың ойының жинақы еместігін көрсетеді. Ал мәтін бойынша сөйлегенде көбіне сөзбе-сөз айтуға, яғни мәтіннің сөзімен баяндауға тырысады. Бұл құбылыс олардың көбінесе естің жұмысына сүйенетінін байқатады. Сондықтан балаларды ойлауға, сөздерді «көре» білуге оның мағынасын ұғынуға үйрету жағына баса назар аудару қажет.
І сынып оқушысы дыбыстық талдауды меңгеру барысында дыбыстар тобын еркін ұғына алады, негізгі типтік дыбыстарды абстракциялайды, осының арқасында жазуға үйренеді.
Оқушылардың тілін дамыту үшін әліппедегі мәтіндер мен берілген сөздер өмірдің әр саласын қамтиды: балалар мен үлкендер өмірі, табиғат құбылыстары, баланы қоршаған сан алуан заттар, өсімдіктер, жануарлар дүниесі т.б.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысы. І сынып оқушылары сөйлеу сөйлемнен тұратынын біледі. Олар сөйлемді сөзге бөледі. Бір сөйлемде қанша сөз бар екенін анықтайды, өздері екі-үш сөзден сөйлем құрайды. Ертегіні қайталап айтқанда, әңгімелескенде олар сөйлеммен сөйлейді. Әрине, бұлар сөйлем туралы тек алғашқы мәліметтері, бұл мағлұматтары кейін грамматика сабақтарында нақтылана түседі.
Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеті – оқу дағдысын жетілдіру, саналы түрде түсініп, мәнерлеп оқуға төселдіру, оқығандарының мазмұнын айтып беруге баулу, оқылған мәтінге қарапайым баға бере білу. Әсіресе мәнерлеп оқуға айырықша көңіл бөліне бастайды.
Үшінші кезеңде оқушылардың оқу техникасы мен жазу дағдысын жетілдіре түсу мақсатында «Әліппе» кітабының соңғы жағындағы материалдар пайдаланылады. Бұл сабақтардың мақсаты оқушылардың әліппеден алған білімін бекіту ғана емес, сонымен қатар балаларды оқу кітабы мен грамматикадағы материалдарды үйренуге дайындау болғандықтан әліппе кезеңіндегі сабақтардан гөрі әліппеден кейінгі кезеңдегі сабақтар едәуір ерекшеленеді.
Әліппеден кейінгі кезеңде балалар көлемі шағын, қарапайым қысқа-қысқа сөйлемдерден құрылған мәтіндер оқиды. Кеспе әліппемен жұмыс бұл кезеңде де тоқтатылмайды. Әріптерден сөздер мен буындарды құрап жаттығу және оларды оқу жұмысы әліппеден кейінгі кезеңде де ұштастырыла қатар жүргізіліп отырады.
Жазуға берілетін мәтіндердегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей, бір-біріне сай болуы әліппеден кейінгі кезеңде де қатты қадағаланады. Балалар бұрын оқылған, талданған сөйлемдерді мұғалімнің айтуы бойынша жатқа жаза алады. Аяқталмаған сөйлемдерді өздері аяқтай алады. Сөйлемдердегі қалдырылып кеткен сөздерді өздері тауып, қосу немесе сөйлемді аяқтау жұмыстары, әрине оқушылар бұрыннан оқып талдап, танысқан сөйлемдері бойынша жүргізіледі.
І сыныпқа оқуға дайындықтары әр түрлі балалар келеді. Олардың ішінде кейбіреулері кітапты жүгіртіп оқи алады, ал екіншілері ежелеп оқиды, үшіншілері буындап оқиды, төртіншілері тіпті оқи да алмайды, әріп те танымайды.
Сондықтан мұғалім ең алдымен, өз сыныбына түскен оқушылардың құрамымен танысады, олардың қайсысының қалай оқитынын біледі. Жүгіртіп оқи алатындарға «Әліппе серігінен» қосымша материал беріледі. Ежелеп оқитындарға «Әліппеден» әріптерді қосып оқу тапсырмалары орындатылады. Дайындығы нашар балалармен сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта үнемі жеке жұмыс жүргізіледі.
Әрбір оқушының дайындығына қарай, тапсырма дәл, тез беріліп, оларды түгел қамтиды. Мұнда, әрбір бала бір тапсырманы орындағанда сол сынып ұжымның ең бір пайдалы мүшесі сияқты сезінетін жағдай жасалғаны жөн.
Оқуға алынатын материал сабақтың жалпы тақырыбына сәйкес іріктеледі (әдетте «Әліппенің» беттеріне сай), бірақ әр баланың мүмкіндігіне қарай, әр түрлі сөздер, буындар, сөйлемдер таратылады. Осы ұстаным әліппеден кейінгі кезеңдерде, «Ана тілін» оқығанда да, дидактикалық материалдар таратқанда да сақталып отырады. Бұл жұмыстардың барлығының көздейтін мақсаты - сабақ үстінде оқушылардың келісімді қызмет жасауын қамтамасыз етіп, әр оқушының дайындығына қарай, оқу дағдысын жетілдіру.
Әрбір сабақта балалар өздіктерінен орындау үшін тапсырма алады. Жаңа оқи бастағандарға бірте-бірте күрделі тапсырмаларды орындай отырып, жүгіртіп оқитындарды көп ұзамай қуып жетеді.
Балалардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарына үлгі-мысал: жаңа оқи бастағандарға: әліппеден мал сөзін құрау; Мәтінді оқу. Жүгіртіп оқи алатындарға мал аттарын құрау; оған өздіктерінен мәтін құрастырып айтып беру т.с.с. Жалпы мектептегі мұғалімдер мен әдістемеші ғалымдар жазу оқудан кейін қалмауға тиіс екенін, яғни балалар сауат ашу барысында дыбыстарды оқып, олардың таңбаларын танып қана қоймай, әріптерді де жазып үйренулері қажет екенін көрсетеді.
2. Бастауыш мектепте жүгізілетін ана тілі оқу пәнін жоғарғы кластарда жүргізілетін әдебиет сабағының бастамасы, соған апаратын алғашқы саты деуге болады. Сондықтан да оқу бағдарламасында түрлі текстерді оқыта отырып, оқушыға оқу машығын меңгерту, сол арқылы мазмұнда жатқан тәрбиелік мәнді, міндетті іске асыру, халық ауыз-әдебиетінен, көп жанрлы совет әдебиеті шығармаларынан алынған шағын тестерге талдау жасаудың қарапайым әдістерін меңгерту мақсаты көзделеді.
Кейбір әдебиет теориясына тән мағлұматтарды да үйрету оқушының ақылойын, тілін жетілдіру, мәтінмен жұмыс жүргізудің түрлі әдістері мен тәсілдерін қалыптастыру сияқты жұмыстар да бастауыш мектеп оқушыларының өз шамасына лайықтай жүргізіліп отырады. Ал осы айтып отырғандардың іске асырылуы оқу сабағында көзделетін негізгі түбегейлі мақсат - жас ұрпақтың тәрбиесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мектеп реформасының негізгі бағыттарында: «Оқу мен тәрбиенің сапасы арттырылсын, әрбір пәнді оқытудың ғылыми дәрежесінің неғұрлым жоғары болуы, ғылым негіздерінің берік игерілуі, идеялық-саяси еңбек және адамгершілік тәрбиенің, эстетикалық және еңбек тәрбиесінің жақсартылуы қамтамасыз етілсін» - делінген. Ал осы айтылып отырған орындалуға тиіс міндет баланың мектепке келіп, жүйелі білім алуымен, соның ішінде әсіресе бастауыш мектепте өтілетін оқу сабағының мазмұнымен тығыз байлвнысты.
Бастауыш мектептің оқу сабағында оқылатын материалдар әр түрлі тақырыппен бөлініп беріліп адам тәрбиесінің жан-жақты жетілуін қамтамасыз етерлік мақсат көздейді. Мысалы, бір тақырыпқа топтасқан адамдардың еңбегімен, олардың өмірімен таныстыра отырып коммунистік қоғамдағы еңбектің қандай мәні бар екендігін баланың білуіне жәрдемдеседі,оған баланың өз қатынасын да аңғартады.
Оқу бағдарламасының енді бір тақырыбы оның адалдық, кішіпейілділік, шыншылдық, жолдастық пен достықты қадірлейтін етіп тәрбиелеу мақсатына арналады. Осы мақсатты орындауға арналып оқулықтарда оқушылар коллективі, олардың өмірі мен ісі туралы көркем әңгімелер, өлеңдер мен қара сөз текстері және бастауыш кластың барлығында да жаттауға арналған өлеңдер беріледі. Әсіресе бала псикасына қатты әсер етіп, оның айналадағы өмірді, көркем, әсем түрде қабылдауына көбірек жол ашатын-көркем шығарма. Ал көркем шығарманың мұндай әсер етуі, оқушының оның эмоциялы қабылдауы оның жеке басының қалыптасуына ықпал етіп, оқушының өмір, дүние, құбылыс туралы түсінігін нақтылай түседі,мұның өзі оқушының солар туралы тұтас ұғымына, бара-бара ол ұғым оқушының өз сеніміне айналады. Оқу материалын өту кезінде түгелдей барлық сабақты ойланып, ондағы қолданылатын әдіс пен тәсілді анықтап алып жоспарлы жүргізгенде ғана нәтижелі болады.
Бастауыш мектептегі оқу сабағын жүргізгенде мыналарды ескеру қажет:
1) бастауыш класс оқушыларының оқу машығын жетілдірудің ең негізгі-оқушының дұрыс және мәнерлеп, тездеп оқуын қамтамасыз ету. Онсыз оқушының тексті толық түсінуі де қиын болады. Сондықтан сабақта қолданылатын әдіс, тәсіл оқудың техникасын жетілдірумен бірге баланың кітапқа, оны оқуға ынтасын арттыратындай, бір тексті бірнеше рет жалықпай оқуға жағдай жасайтындай болуы керек.
2) төменгі сынып оқушыларының әсіресе абстрактылы ойлауы жеткіліксіздеу болғандықтан, оқу сабағында оқушының білімін толықтыра отырып, оның ойлануы, қызығушылығы, бір затты екіншісімен салыстыру, бірін екіншісіне қарама-қарсы қойып салыстыра отырып байқампаздығын тануға баулитын әдіс,тәсілдің сабақта көбірек қолданылуы қажет.
3) бастауыш сынып оқушыларының көркем әдеби шығарманы түсінуге керекті мәселені-образды түрде ойлануға күші жетіңкіремейтінін ескеріп, оқушының креативті ойлауын, шығармашылық қиялын ұштарлықтай тәсілдер көбірек қолданылуы қажет. Затты не оқиғаны өзі көріп, нақты елестете алатындай жағдай жасап отыру қажет.
Бүгінгі бөбек - ертеңгі азамат, қоғам иесі. Оларға алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші - бастауыш сынып мұғалімі. Білім мен тәрбие негізі бастауышта қаланады. Бастауыш сыныптарда ана тілі пөні - балаларды оқуға үйретудің негізгі құралы. Ана тілі пәнінің білімділік, тәрбиелік мәні саналы, дұрыс оқуға үйрету арқылы ғана ашылады.
Оқуға үйрету сауат ашуға үйрету кезеңінен басталады. Бұл кезде оқушылар әр дыбыстың ерекшелігімен танысу барысында дыбыстан буын, сөз құрап, оны дыбыстан дұрыс оқуға жаттығады. Буын, сөз құрған дауысты дыбыстардың ерекшелігіне, қасиетіне көңіл бөлінеді. Жеке оқушылардың дыбыс, буын, сөз, сөйлемдерді саналы, дүрыс, анық, дауыстап оқуы талап етіледі. Мәтінді оқу кезінде сөз, мәніне, мағыналарына назар аудару, сөйлемдер арасындағы байланысты түсіну, сол арқылы мәтіннің мағынасын түсініп, айтып беру, түсінігін біртіндеп күрделендіру бағытында мәнерлеп оқуды жетілдіру мақсаты көзделеді.
Оқуға үйрету кезінде мүғалімдерінің басшылығымен іштен оқу немесе өздігінен оқу әдісі қолданылады. Сыныптағы өте баяу, нашар оқитын оқушыларға мәтінді анық етіп жазу керек. Сыныптағы озат оқушыларға да арнайы тапсырмалар дайындалады. Жалпы оқушыларға 1-2 тапсырма берілсе, озаттарға 3-4 тапсырма беріледі.
Оқулықта мәтіннің соңында берілген (пысықтау) сұрақтары оқушылардың түсінігіне, ұғымына лайықты болуға тиісті және олардың өздігінен оқуын талап ету керек. Жеңілдетіліп талданатын тапсырмаларды карточкаға жазып таратуға болады.
1-сынып оқушылары мектепке дейінгі балалар кітапшаларымен таныс болып келеді. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған суретті кітапшалар әсіресе соңғы жылдарда көптеп тарауда. Балалардың ата-аналары, аға-тәтелері сол суретті кітапшалардың суретін көрсетіп, оқып береді, әңгімелеп айтып береді, қысқа-қысқа тақырыптарды жаттатады, сурет бойынша баланы сөйлетіп те үйретеді. Мұндай жұмыстар балабақшада тәрбиеленетін балалармен жүйелі түрде жүргізіледі. Осыған орай баланың кітапқа деген құмарлығы артып, «осы кітапты өзім оқи алатын болсам» деп армандап, мектепке баруды асыға күтеді. Мектеп реформасы баланы 6 жастан бастап 1-сыныпта оқытудың мүмкіндігін шешіп береді, ол тәжірибе жүзінде дәлелденген. Оқу сабағы оқушылардың білімін, танымдық қабілетін, тіл байлығын дамытып, қалыптастыру барысында пәнаралық байланыстарда үнемі іске асырады.
Сондықтан да сыныптан тыс оқуды 1-сыныпта әліппе кезеңінен бастаған жөн. Әліппе кезеңінде басымырақ жүргізілетін жұмыстың түрі суретті кітапшаларды көрсетіп, сол сурет бойынша сөйлем құрату, суреттің астындағы сөздерді, сөйлемдерді оқып беріп, сол бойынша оқушылармен әңгімелесу. Кітаппен таныстыру жұмысын мұғалім бірден жүйелі түрде бастайды.
1. Оқылатын кітаптың сыртымен таныстыру: кітаптың аты, авторы, түр- түсі, басылып шыққан жылы.
2. Кітаптың ішімен таныстыру: кітаптың ішкі беттерін ашып көрсету, ол беттеріндегі суреттерге көңіл бөлгізу, сурет астындағы жазуларды оқу, кітаптың мазмұны мен идеясын аңғарту.
1-сынып оқушыларына сыныптан тыс оқуға арналған кітапшалардың жазуы аз, суреттері көп болғаны ыңғайлы. Мұғалім кітап бетіндегі әр суреттің мән-мағынасын оқушылардың өздерін қатыстыра отырып анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет