Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер және ойындар
Қ ұрметті ұстаздар!
Аталған әдіс-тәсілдер жинағы білім беру мазмұнында мұғалімдерге көмек құрал ретінде құрастырылды. Сіздердің назарларыңызға қол жетімді ресми интернет-сайттардан және өзім құрастырған ойындар, жаттығулар және әдіс-тәсілдерді ұсынып отырмын. Әдіс-тәсілдер, жаттығулар және ойындарды әркім өзінің шығармашылығын қолдана отырып, өзгертіп жүргізулеріне болады, ал бұл өз ретінде сабақтың қарқынды өтуін жоғарлатады.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілеймін!
“
Кезбе тілші” әдісі
Топ мүшелері 5 рөлге бөлінеді: көшбасшы, уақыт сақшысы, бақылаушы, хатшы, баяндамашы.
Әр топ басшысы сыныпқа келген хаттардың біреуін таңдайды. Әр хатта жаңа сабақтың әр бөлігі түсіндірмесімен, мысалдарымен берілген. Берілген мәтінді топта талқылап алған соң баяндамашы келесі топтарға сағат тілімен ауыса отырып, хаттың мәтінін баяндап береді.Соңында өз топтарына оралады.
“Сиқырлы айна”
әдісі
Бұл әдісті сабақ соңында алуға болады. Оқушылардың көңіл күйлерін
сұрау мақсатында, сергіту сәтіне алуға болады. Оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірлеріне
қарап сұрақтар қояды, қарсы тұрған оқушы сол сұраққа жаап беруі тиіс. Орындарымен алмасып отырады.
Ж асырын сөз
Оқушылар тақырып бойынша сөз жасырады.
Оны сипаттайды, сол сипаттама арқылы басқа оқушылар жасырынған сөзді табады. Сипаттауда айтатын сөздерге шектеу қою арқылы немесе қимыл арқылы көрсетуді ұсынуға болады. Мысалы жасырылған сөзді 3 сөз арқылы сипатта деген сияқты.
Түйінді сөздер
Мұғалім жаңа тақырыптың ішінен түйінді сөздерді әр топқа бөліп береді. Оқушылар топ болып бірігіп сол сөздердің анықтамасын,
мағынасын ашып, басқа топтарға түсіндіреді.