1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы


Сөзжасамның лексика-семантикалык тәсілі



бет6/75
Дата31.12.2021
өлшемі231,81 Kb.
#23325
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамынан дәріс тезистері 2

Сөзжасамның лексика-семантикалык тәсілі

1.Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі.

2.Лексикалық тәсіл арқылы сөзжасау.

3.Семантикалық тәсіл арқылы сөзжасау.



4.Конверсиялық тәсіл арқылы сөзжасау. 

Лексика-семантикалық тәсіл арқылы, зат есімге заттану арқылы көшкен сөздер өте көп: бүлдірген, ағарған, қорған,қамал, айтыс, қоршау, ақ, асар, жетісі, екпін, тіл т.б.
Лексика-семантикалык тәсіл арқылы тілде ғылымның әр саласында терминдер көп жасалған: сөз, буын, мағына, есім, шылау, Үстеу (тіл білімі), қүн, нарық (экономика), теңеу, суреттеу, өлең, әңгіме (әдебиет), қимыл, қозғалыс (физика), үш бұрыш, көбейту, қосу, алу (математика) т.б. Лексика-семантикалык тәсіл арқылы сөздің жаңа мағынаға көшуіне байланысты сөз бір сөз табынан екінші сөз табына ауысады, оны ғылымда конверсия деп атайды. Конверсия жолымен жаңа сөздің жасалуы - өте көп тараған тәсіл, оның ішкі ерекшеліктері де бар. Лексика-семантикалық тәсілде сөз мағынасының өзгеруіне байланысты ол үнемі бір сөз табынан екінші сөз табына ауыса бермейді. Сондықтан лексика-семантикалық тәсілдің іштей айырмасы бар:1) сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі, 2) сөз жаңа мағына алса да, сөз табын өзгертпей, өз сөз табының құрамында қалуы.Сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі. Ешбір тілдік бірліктің көмегінсіз, сөз дыбыстық құрамын сақтай отырып, мағынасы өзгеріп, басқа сөз табына көшеді. Мысалы, қорған, айтыс, жарыс, бірге, біреу, басқа, өзге т.б. Бұл сөздердің дәл осы тұлғада, осы құрамда тілде баска мағыналары бар және ол мағыналары алғашқы негізгі мағынаға жатады. Олар: 1) қорған, айтыс, жарыс-етістік, қимыл, бірге, біреу-сан есім, сандық ұғым, басқа-сын есім.
Жоғарыда осы сөздердің: 1) қорған, айтыс, жарыс зат есімге көшкен мағынасы, 2) біреу - есімдікке көшкен мағынасы, 3) бірге, баска, өзге - сын есімге көшкен мағынасы келтірілді.
Сөздің жаңа мағынаға ие болуы, сол арқылы басқа сөз табына көшуі түрлі жолмен іске асады. Оның ішінде ғылымда заттану (субстантивация)-тілдерге кең тараған түрі. Ал заттану - көбіне ықшамдау зандылығына байланысты болатын қүбылыс. Мысалы, қазіргі тілде бір жұма, бір жеті деген тіркестер бір-бірімен мағыналас. Осындағы жеті (апта) сөзінің заттық мағынасы алғаш жеті күн мағынасында қолданылып, күн сөзінің қолданыста түсіп қалып, ықшамдалуынан оның заттық мағынасы жеті сөзіне көшкен, сонда жеті сөзінің заттануына күн сөзінің қолданыстан шығуы себеп болған. Үші, жетісі, қырқы, жүзі, тоқсан (оқу мезгілі) сөздері де осы ретте заттанған. Бір, біреу сөздерінің есімдікке көшуібірге, басқа, өзге, кетеген, қашаған сөздерінің сын есімге көшуі, бірден, етпетінен, босқа, текке, зорға, бекерге, әреңге, алға, артта, әзірге, күніге, кейде, артта, алда, баяғыда, қапыда, қапелімде, әуелден, ежелден, шетінен, лажсыздан, төтеден, шынымен, жайымен, түйдегімен т.б. осы сияқты сөздер үстеуге көшуі көнеру арқылы жүзеге асады. Бұл сөздер тілде осы тұлғада, осы қосымшалармен қолданылып жүріп, бірте-бірте басқа мағынаға ие болып, жаңа мағынасына карай сөз табын өзгерткен, бұл үрдісте сөйлем (контекст) үлкен қызмет аткарған.

Сөз мағынасында әр тілдің өзіндік ерекшелігі мен өзіндік бояуы, ұлттық сипаты болады. Сананың дамуына байланысты ұғым өрісі де ұлғаяды. Бұл процесс өз кезегінде сөз мағынасының дамуына әкеледі. Мағынанның нақтылықтан дерексіздікке, жалқылықтан жалпылыққа ауысуын мағынаның кеңеюі деп санайды ғалым Б.Сағындықұлы.Сөздің мағыналық жағынан дамуына сыртқы себептер де, ішкі себептер де ықпал етеді. Сыртқы себептерге қоғамның, өндірістің, мәдениеттің дамуына, өзгеруіне байланысты пайда болатын өзгерістерді айтамыз. Осындай өзгерістер тілімізге соны тіркестер, жаңа сөздер қосып отырады. Ішкі себептерге тіліміздің ішкі заңдылықтары негізінде, яғни сөздердің тіркесу қабілеті мен қолданылу қызметіне сай тұлғалық, мағыналық өзгерістерді жатқызуға болады.

Сөз мағынасының кеңеюі – сөздің тұлғасын өзгертпей-ақ бұрыннан белгілі сөз мағынасының үстіне жаңа қосымша мағыналарға ие болуы. Мәселен, талқылау сөзі «қой терісін салып илеу, жұмсарту» мағынасының үстіне «мәселені жан-жақты талдап, тексеру» деген мағынаны білдіреді. Сөз мағыналарының кеңею жолдарының мынандай түрлерін көрсетуге болады:




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет