Байланысты: Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамынан дәріс тезистері 2
Қосарлау арқылы үстеудің жасалуы Үстеудің жасалымында бұл - өте өнімді тәсіл. Олар төмендегі үлгілер арқылы жасалады:
1) негізгі түбір үстеу+негізгі түбір үстеу: енді-енді, ерте-кеш, әрең-әрең, әрі-сәрі. Мысалы, Ол әрең-әрең сөйлеп отыр (З.Шашкин).
2) негізгі түбір үстеу+кіріккен үстеу: кеше-бүгін. Мысалы, Ол кеше-бүгін келер еді (газеттен).
3) кіріккен үстеу+негізгі түбір үстеу: бүгін-ертең. Мысалы, Ол бүгін-ертең келіп қалар (С.Мүканов).
4) туынды үстеу+туынды үстеу: кешелі-бүгінді, ілгері-кейінді-Мысалы, Кешелі-бүгінді келер деген хабар тосудамыз (С.Мұқанов).
5) негізгі түбір+туынды түбір: жол-жөнекей, көш-жөнекей. Мысалы, Болған жайды жол-жөнекей естіген Бәдігүл солай қарай тартты (Ш.Құмарова).
6) қайталау арқылы жасалу: леп-лезде, оп-оңай, іп-ілезде, әп-өзір, еп-ерте т.б. Мысалы, Роза тұрғанша, бәрі де әп-әзір боп қалды (Н.Ғабдуллин).